Ф-ОБ-007/017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ
«ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«БИОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
__ «Қолданбалы биология және топырақтану негіздері «__ пәнінен
____050113 - биология___ мамандығының студенттері үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(силлабус)
Оқу түрі: сыртқы
Курс: 5
Кредит саны:3
Лекция: 30 сағат
Лабораториялық: 10 сағат
СӨЖ: 95 сағат
Барлық сағат саны: 135 сағат
Аралыќ баќылау (АБ): саны 2
Қорытынды бақылау: емтихан 5 курс
Жетісай, 2010
Силлабусты дайындағандар: 1__ а.ш.ғ.к., доцент Дошманов Е. Қ.______________________
(аты, жµні, ѓылыми атаѓы)
Силлабус Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті әзірлеген және ұсынған. Республикалық оқу - әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2006 жылы 22 маусымдағы (22.06.2006ж.) мәжілісінің хаттамалық шешімімен бекітілді және іске қосылды.
ЌР БжЃМ 2005 жылы 11 мамырдағы №289 бұйрығымен бекітілген 050113 – «Биология» мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары орнына енгізілген.
Силлабус типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылған.
Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды
Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ _______________
қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді
Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.
Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________
қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы
Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған
Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________
қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы
Мазмұны.
Алғы сөз ….…………………………………………............................
Жалпы мәліметтер………………………….………...........................
Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....
Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................
Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................
Студентке арналған ережелер…………………......................................................................
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі ...................................
Лекция сабақтары.................................................................
Семинар сабақтарының жоспары.........................................................
СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................
Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................
Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...........................................
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........
1. Алғы сөз.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері курсының мақсаты педагогикалық профильдегі химия-биология, биология-психология мамандықтары бойынша студенттері теориялық және практикалық білім беру ауыл шаруашылығы салаларымен таныстыру, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.
Келешек мұғалімдер үшін қолданбалы- биология" және топырақтану негіздерін оқыту олардың табиғат тану ғылымдары мен танысудың негізгі бір бөлігі. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері курсы барлық биология химия т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл келешек мұғалімдер үшін маңызы зор. Педагогикалық профильдегі биологтар үшін қолданбалы биология және топырақтану негіздерін оқып білу, мектеп жаныңдағы тәжірибе участоктарында жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландырады, тәрбиелік мәні бар ғьшыми жұмыстарды жүргізу әдістерін үйретеді.
Қазіргі кезде ауылшаруашылығының өнімдері халықтың әл-ауқатын көтеретін, тамақ, жеңіл өнеркәсіптердің негізгі шикізат көзі болып отыр. Сол себептеп ауылшаруашылық өндірісін оқьш үйренудің маңызы өте зор.
Бұл жасалып отырған багдарлама студенттерді қазіргі кездегі ғылыми негіздегі ауыл-шаруашылық өндіріс системасына үйретеді. Топырақтану, жертану, агрохимия, өсімдік шаруашылығы, химия, экономика т.б. ғылымдардың байланысымен таныстырады. Ауыл шаруашылығының дамуында ғылымның маңызын оқытады.
Қазақстан республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің ерекшелігін үйрстеді.
Ауыл шаруашьшығы туралы білім студенттер ұшін мектепте оқушьшарды еңбекке тәрбиелеуге, мектеп жанындағы участоктерде ғылыми негізде тәжірибелер жүргізуде, факультативтік сабақтар өткізуге, биология, химия сабақтарын өткізуде қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні туралы білімнің маңызы зор.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәнінен білім беру лекция, семинар, лабораториялық сабақ және студенттердің өзіндік жұмысы түрінде өтеді.
2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
№
|
Оқытушының аты-жөні
|
Сабақты өткізу, орны
|
Байланыстырушы мәлімет
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
1
|
Дошманов Е:Қ.
|
Уақыты __________
Ауд ______________
|
Уақыты _______
Ауд _________
|
Тел:___________
Каб:___________
Корпус:________
|
3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты.
Курстың мақсаты - студенттерді “Қолданбалы биология және топырақтану” пәнін оқып болғаннан кейін студенттерді болашақ мамандарды осы пәнге тиісті болған көпшілік теориялық және практикалық мәселелерді өздігінше шеше алатын дәржеге жеткізу.
Пәнді оқытудың міндеттері.
Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін, оятып, қалыптастыру :
шаруашылық және өсімдіктерді өсірудің технологиясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін пайдаланудың ерекшеліктері ;
ауыл щаруашылығын химиязациялау ; ауыл шаруашылық зиянкестері және күресу жолдары; егіншілік заңдылықтары ;
топырақтың түзу факторлары ; топырақтың химиялық қасиеттері ;
әртүрлі типтік топырақтарда пайдалану жолдары туралы мәліметтер келтіру.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәнінің “Биология” мамандығы үшін өтілу мақсаты – болашақ мамандарды топырақ негіздерімен таныстыру, организмдердің топырақ құрамында тіршілік процесстері нәтижесінде өзгеру заңдылықтарын таныстыру.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ
№
|
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
Кафедра
|
Кафедраның қабылдаған шешімдері, хаттаманың реті мен күні
|
1
|
Ботаника
|
Топырақ биологиясы
|
Биология
|
|
2
|
Зоология
|
Эволюция ілімі
|
3
|
Биохимия
|
Биотехнология
|
5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ
№
|
Кредит саны
|
Курс
|
Жалпы сағат саны
|
Аудиториялыќ сабаќтар
|
Аудиториядан тыс сабаќтар
|
Қорытынды бақылау
|
лекция
|
Прак/
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
3
|
4 курс
|
135
|
30
|
-
|
8
|
|
97
|
емтихан
|
|
барлыѓы
|
135
|
30
|
-
|
8
|
|
97
|
емтихан
|
6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№
|
Тараулар атауы,
реті
|
Аудиториялыќ сабаќтар
|
Аудиториядан
тыс сабаќтар
|
лекция
|
прак
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Топырақтану, жер шаруашылығы және агрохимия. Топырақтану
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
2
|
Үгілу және топырақ түзілу.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
3
|
Топырақтың құрамындағы бөліктер минералды, органикалық
|
1
|
-
|
-
|
1
|
-
|
3
|
4
|
Топырақтың механикалық құрамы.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
5
|
Топырақтың сіңіргіштік қасиеттері.
|
1
|
-
|
-
|
1
|
-
|
3
|
6
|
Топырақ құнарлылығы және мәдениеттілігі.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
7
|
Қазақстан территориясындағы топырақтың орналасуының негізгі заңдылықтары.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
8
|
Жер шаруашылығы
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
9
|
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсу жағдайлары және оларды реттеу мәдени өсімдіктердің тіршілік ету факторларына қоятын жалпы талаптары.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
10
|
Ауыл шарушылығының дақылдарына ылғалдың қажеттілігі.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
4
|
11
|
Жер шаруашылығы системалары.
|
1
|
-
|
-
|
1
|
-
|
3
|
12
|
Ғылыми және өндірістегі топырақ өңдеу негіздері.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
13
|
Тұқымдық материалға биологиялық және агротехникалық талаптар және шаруашылық дақылдарын себу.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
4
|
14
|
Сорт оның маңызы және сорттың қасиеттері.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
15
|
Себу тереңдігі.
|
1
|
-
|
-
|
1
|
-
|
4
|
16
|
Мектеп жанындағы бөлімшелерде ауыспалы егіс жасау.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
17
|
Арам шөптер және олармен күресу.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
18
|
Ауыл шаруашылығын суландыру және топыпрақ қорғау.
|
1
|
-
|
-
|
1
|
-
|
4
|
19
|
Агрохимия:
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
20
|
Тыңайтқыштар классификациясы.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
4
|
21
|
Минералды тыңайтқыштар.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
22
|
Органикалық тыңайтқыштар.
|
1
|
-
|
-
|
1
|
-
|
4
|
23
|
Егістік дақылдар.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
24
|
Өсімдіктердің өсу және даму фазалары.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
25
|
Май алынатын дақылдарға сипаттама.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
4
|
26
|
Көкөніс дақылдар
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
27
|
Капусталар олардың түрлері.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
28
|
Жеміс – жидектер.
|
1
|
-
|
-
|
1
|
-
|
3
|
29
|
Жеміс – жидектерді көбейту жолдары.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
30
|
Мал шаруашылығы негіздері.
|
1
|
-
|
-
|
|
-
|
3
|
|
Барлығы
|
30
|
-
|
-
|
8
|
-
|
97
|
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
Лекция №1.
Тақырып : Топырақтану, жер шаруашылығы және агрохимия. Топырақтану.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәніне кіріспе.
Жоспары:
1. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәнінің оқытудың маңызы.
2. Топырақтану ғылымын зерттеген ғалымдар
3. Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Лекция маќсаты: Тірі материяны құрайтын қосылыстардың сапалық құрамы және тіршілік процесіндегі сандық мөлшері мен өзгерістер мен таныстыру
Лекция мєтіні (ќысќаща):1. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттерін және географиялық таралу заңдылықтарын, түзілуін, табиғаттағы орнын, тиімді пайдалану және жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В. Докучаевтің (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В.В. Докучаев 1876 ж арнайы қара топырақ жөнінде комиссия құрды. 1883ж В.В. Докучаев топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі “Орыстың қара топырағы” деген ғылыми еңбегін шығарды. Одан кейінгі жылдары В.В. Докучаевтің шәкірттері Н. М. Сибирцев,
К.Д. Глинка топырақ зерттеу жұмыстарын жемісті жалғастырды. “Қолданбалы биология және топырақтану негіздері” ғылымының Қазақстанда дамуына Ө. Оспанұлының есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтің анықтамасы бойынша топырақтың пайда болуына, дамуына, өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар : ауа –райы, топырақты түзуші жыныстар, төменгі сатылы өсімдіктер және жоғарғы сатылы өсімдіктер мен тірі жәндіктер, жер бедері және аймақтың геологиялық жақсы.
2. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланады. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйесі арқылы қоректік заттарды алып, бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесімен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық және минералдық зататрды жинап, едәуір энергия шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органоминералдық қосылыстар бүкіл жан – жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Суда еритін, сөйтіп өсімдіктерге қорек болатын минералдық заттар физикалық және химиялық айналымға түседі. Ал осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстаған уақыттан бастап тірі организмдерге қоректі заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде үлкен геологиялық айналымнан кіші биологиялық айналымға көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жылдан жылға көбейе береді. Сонымен қоректік заттарға кедей тау жынысы, тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік минералдық және органикалық азотты заттарға байды, яғни құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда болады.
3. Топырақты топырақтану ғылымы зерттейді. Мұның ғылыми негізін салған В.В. Докучаев болды, ал П.А. Костычев, С.С. Неустроев, К.Д. Глинка, В.И. Вернадский сияқты белгілі ғалымдар оны одан әрі қарай дамытты. Қазақстанда 1945ж Қазақ ССР ғылыми академиясының Топырақтану инстетуты құрылды, ол Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады. Сонымен қатар инстетут жер суландыру, топырақты әртүрлі жерлерде тиімді пайдалану әдістерін анықтау бағытында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл салада А.И. Бессонов, А.В. Мухля, В.М. Боровский, Ө. Оспанов, Ш.М. Шолтырев, Т.Т. Тазабеков тағы басқа ғалымдар жемісті еңбек етуде.
Баќылау сұраќтары:
Топырақтану негіздерінің тарихы?
Топырақ деген не?
Вернадський заңдылықтары?
Лекция № 2.
Тақырып :Үгілу және топырақтың түзілуі.
Жоспары:
Үгілу және топырақтың түзуші факторлар
Топырақ түзілу процессінің дамуы
Табиғаттағы кіші биологиялық және үлкен геологиялық элементтердің айналысы
Лекция мақсаты: Табиғаттағы кіші биологиялық және үлкен геологиялық элементтердің айналысын анықтау.
Лекцияның мәтіні :
1. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетінде қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте – бірте қирап, бұзылып қопсыған жыныстарға айналады. Бұл құбылысты үгілу деп атайды.
Үгілудің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілу деп – оның химиялық құрамы өзгермей тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады.
Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер : температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар жатады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суд, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады.
Биологиялық үгілу – қатты тау жыныстарынан қопсыған,ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әртүрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге тіпті мұхиттарға қосылып шөгінді жыныстарға айналады. Топырақ түзуге негізгі алты фактор : ауа – райы, тау жынысы жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші қажет.
Тірі организмдермен олардың түзілуіне әсері.
Жер бетінде алғаш пайда болған тірі организмдер өсімдікте, жәндікте емес ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға бейім келеді. Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық – суығын, оттегінің бар – жоқтығы, ортаның қышқылдылығын не сілтілігін таңдамайды. Сондықтан олар табиғаттың кез – келген жерінде кездеседі. Бактериялардан басқа алғашқы тау жыныстарында қыналар мен мүктер өсе батайды. Клетка сөлінде қымыздық қышқыл болғандықтан, қынаның тау жыныстарының бұзылуына әсері алғашқы микроорганизмдерге қарағанда әлде – қайда белсенірек болады. Қыналар жер таңдамайды. Тау шындарында оның сөлінің тасты ерітіп, орнында майда шұңқырлар қалдыратынын көруге болады. Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздармен бірге жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан, қопсыған, үгітілген жыныстарды бір – бірімен біріктіреді, сөйтіп алғашқы құнары аздау топырақтар пайда бола бастайды. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып, алғашқы микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасайды.
Ауа – райының топырақ түзудегі ролі орасан зор. Климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температрасының ыстық – суығына, уақыттың қысқа немесе ұзындығына қарай әр жерде әртүрлі өсімдік, жан – жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетінен әр жерде әртүрлі топырақ түзіледі. Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы (белсенділігі) күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше ылғалы аз күні суық немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен.
3. Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзудегі ролі.
Түзілген топырақтың химиялық, минералдық, механикалық құрамы өзін түзген топырақ жыныстарының құрамына өте ұқсас келеді. Топырақ түзуші тау жынысын – топырақ түзуші аналық жыныс деп атайды. Аналық топырақ түзуші тау жынысы өзі түзген топырақтың көптеген химиялық, физика- химиялық және физикалық қасиеттерін анықтайды. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға тән емес, құрамы басқа топырақ түзеді. Тау жыныстарының өзі түзген топыраққа әсері әсіресе шөлді аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл аймақтарды ауадан түсетін ылғал аз болғандықтан, топырақ түзілу белсенділігі өте төмен болып тау жыныстарына оның әсері аз тиеді.
Топырақ түзудегі оның құнарлылығын арттыруда жер бедерінің тигізетін әсері.
Жер бедерінің әртүрлі болуына қарай, оған судың келуі, сумен бірге қоректік заттың ілесе келуі, тіпті күн сәулесінің түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерде ауа ылғалды жақсы сіңеді, ал беткейлі, дөңесті жерлерде ылғал дұрыс сіңбей, су ойпатты жерлерде жиналады. Жер бедеріне қарай күн сәулесінде бір тегіс түспейді. Жер бедерінің біркелкі болмауы топырақ түзілуге және олардың құнарлылығына әсер етеді. Топырақ жер бедерінің оның аса биік (макро) немесе орта (мезо) немесе майда (микро) деп бөлінеді.
Топырақ түзуге аймақтың геологиялық жасының әсері.
Геологиялық жаңа аймақта топырақ жас, яғни жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтың топырағы да ескі. Кеі байтақ ТМД елдерінің теріс жағында жаңа жас топырақтар түзіліп жаста, Оңтүстік жағында көне дәуірден келе жатқан топырақтар кездеседі. Себебі теріскей жағы кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған. Ал Оңтүстік аймақтардың мұздан арылғанына бірнеше дәурлер өтті. Тіпті Оңтүстік аймақтың көп жерлерін мұз баспаған. Сондықтан бұл алқаптарда топырақтың даму құбылыстары ерте басталған.
Топырақ түзу процессіне адам қоғамының тигізетін әсері.
Адам өзінің сапалы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суғару немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістердің көбі топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақ құнарын арттыруға бағытталған шаралар. Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына мәдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсімдіктерге қарағанда топыраққа тигізетін әсері өзгеше. Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден топырақтардың бұрынғы табиғи қаситтері өзгеріске түсіп, жаңа сапалы топырақтарға айналады. Адамның сапалы әрекеттерінің арқасында, табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақтардың (шөлді, батпақты, сорланған, сортаңданған) құнары артқан, яғни сапалы топырақтарға айналдырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Үгілу түрлерін ата?
2. Биологиялық үгілу?
3. Химиялық үгілу?
3 - лекция
Тақырып :Топырақтың құрамындағы органикалық
және минералды бөліктері.
Жоспары:
Топырақтың құрамындағы минералдық және органикалық бөліктер
Топырақтағы гумустың пайда болуы
Топырақтағы органикалық заттардан қарашіріктің одан әрі топырақтың түзілуі және оны реттеудің жолдары.
Лекция мақсаты: Топырақтың минералдық және органикалық бөліктерін зерттеу.
Лекцияның мәтіні :
1. Топырақ көп фазалы, күрделі жүйе.Ол 4 фазадан тұрады : қатты фаза (минералдық және органикалық), ылғал фаза (топырақ ерітіндісі), ауа фазасы (топырақ ауасы) және тірі фаза (топырақтағы тірі организмдер). Бұл фазалар бір –бірімен тығыз байланысты болады. Майда ұнтақталған тау жыныстарымен олардың топырақтағы минералды бөліктері өзінің пайда болуы жағынан екі топқа бөлінеді:
Алғашқы магматикалық – аса қатты үгілмеген.
Екіншісі метаморфикалық – жердің үгілуі немесе топырақ қабаттарында алғашқы миералдардың көпжылдық үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген минералдар.
Бұл көбінесе екі минералдар топтарының арақатынастары әр топырақта әртүрлі аймақтарда орналасуына және минералдардың үгілгіштігіне немесе үгілуге берілмейтін қасиетіне қарай әртүрлі болуына байланысты.
Алғашқы минералдар: химиялық құрамы жағынан тау жыныстарындағы алғашқы минералдар – негізінен элементтердің оттегі қосылыстары, тотықтар мен силикаттар. Тотықтарға кварц, гепатит, мгнетит, рутил т.б, ал
силикаттарға дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, амфиболдар және оливиндер жатады.
2.Екінші минералдардың түзілуі алғашқы минералдардың көп жылдар бойы үгілулерінің нәтижесінде майда ұнтақталған, яғни екінші минералдар пайда болады. Екінші минералдардың үгілуге және еруге шыдамдылығы жөнінен төмендегідей бөлінген. Саны өскен сайын шыдамдылығы артады.
Гипс, галит, мирабилит, тұздар
Кальцит, арогонит, доломит
Хлорит, ноитронит
Иллит, мускавит, серицит
Вермукулит
Монмориллонит, бейделлит
Диоктаэрикалық хлорит
Каолинит, галлуазит
Беллит, гиббсит
10.Гематит, гетит, лимонит
Топырақтың қатты фазасының біршама бөлігі органикалық қосылыстар үлесіне тиесілі. Жыл сайын топыраққа өсетін өсімдіктер майда жәндіктер мен микробтар топырақ бетінде, оның қабаттарында көптеген қалдықтар қалдырады. Бұл қалдықтардың құрамында май, смола, балауса, клетчатка, көміртегі, сутегі, лигниндер, белок, азотты заттар сонымен қатар көптеген элементтер болады. Топыраққа жылма – жыл түсетін өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден топырақтағы микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ажырайды. Екіншіден осы организмдер қалдықтары микробтардың әрекетінен күрделі биохимиялық өзгерістерге ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат топырақ қара шіріндісі – гумус пайда болады.
3. Топырақтың қарашірігі (гумус) – оның құрамын түзетін негізгі заттардың бірі. Әдетте көп топырақтардың жоғарғы қабаты қоңыр, не қара қоңыр түске боялған болады. Түрлі топырақтарды қарашіріктің мөлшері де түрліше болады. Топырақ қарашірігі өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің қалдықтарының толық шіруінен және бұл шіру кезінде пайда болған жеке заттардың қайтадан өзара қосылуынан барып құралады. Өсімдіктермен жануарлардың қалдықтары микроорганизмдердің (бактериялар мен саңырауқұлақтар) әсерінен шіри келе, біртіндеп өзінің құрамындағы кейбір заттарды жоғалтады. Олардың бұрынғы түрі өзгереді, олар қарайып, қоңырланады.
Қарашірік (гумус) – түрлі бөліктерден құралады. Оның ең басты бағалы бөлігі – гумин мен ульмин заттары және олардың қышқылдары. Бұлар қарашіріктің ең тұрақты, ұзақ сақталатын бөліктері болып саналады. Ал қарашіріктің құрамына кіретін пртеиндер, су, ауа, температура және микроорганизмдердің әсерінен оңай өзгеріп отырады. Гумин және ульмин заттары баяу ыдырайды. Бірақ топырақ құнарлылығына олардың алатын орны зор : себебі олар топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартуға көмектеседі, сөйтіп пайдалы бактериялар мен микроорганизмдердің тіршілік әрекеті болады.
Түрлі жерлердегі климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де әртүрлі болады. Профессор И.В. Тюриннің есептеулері бойынша шығарылған түрлі топырақтардағы қарашірікті келтірілген.
Түрлі топырақтардағы қарашірік қоры (т/га есебімен).
-
Топырақ түрлері
|
0-20см қабаттағы гумус
|
0-100см қабаттағы гумус
|
Күнгірт сұр орман топырағы
|
110
|
320
|
Сілтісізденген қара топырақ
|
180
|
550
|
Нағыз қара топырақ
|
140
|
450
|
Оңтүстік қара топырақ
|
100
|
330
|
Күнгірт қара топырақ
|
90
|
250
|
Шық қара қоңыр топырақ
|
60
|
120
|
Боз топырақ
|
30
|
80
|
Топырақ қарашірігінің қоректік маңызы зор. Өсімдіктер өніп- өсу кезінде топырақтан сумен бірге өздеріне қажетті заттарды алады. Ал бұл қоректік заттардың негізгі қоры – осы қарашірік болып табылады. Дұрыс пайдаланылған топырақтарда қарашірік қоры біразға дейін таусылмайды. Ол өсімдіктер, түрлі жәндіктер, микробтар қалдықтарынан топырақта шіруінен, ыдырауынан толығып отырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Минерал заттар?
2. Органикалық бөліктері?
3. Қара топырақ бөліктері?
4 - лекция
Тақырып :Топырақтың механикалық құрамы.
Жоспары :
1. Топырақтың механикалық құрамы.
2. Топырақ түзілудегі механикалық құрамының маңызы
3. Топырақтың механикалық құрамына қарай классификациялау
Лекция мақсаты: Топырақ түзілудегі механикалық құрамының маңызын зерттеу.
Лекцияның мәтіні :
1. Топырақтың түрлі қаиеттері оның байлығы мен құнарлылығы, көбіне оның бөлшектерінің құрамы мен ірілілігіне тығыз байланысты болады. Сондықтан да топырақ қандай бөлшектерден құралғандығын білудің маңызы өте зор. Топырақтың механикалық құрамына талдау жасағанда оның түрлі бөлшектерін ірілігіне қарай былай ажыратуға болады. Көлденеңі 0,01 миллиметрден 3 миллиметрге дейінгі бөлшектерді “физикалық” құм, ал 0,001 әртүрлі топырақтар олардың пайда болған жеріндегі тау жыныстарының құрамына, түрлі климат жағдайларына, жан – жануарлар әсері және тағы да басқа табиғат ерекшеліктерінің әсеріне қарай әртүрлі механикалық құрамда болып келеді. Топырақтардың механикалық құрамын жете білудің маңызы зор.Механикалық құрамына қарай бөлудің еліміздің атақты топырақ зерттеуші ғалымы Н.А. Качинский жасаған классификациясын келтіріп отырмыз.
Топырақтың механикалық құрамына қарай топқа бөлу.
-
Саз 0,01 миллиметрден ұсақ бөлшектер (процент есебімен)
|
Топырақтардың механикалық
Құрамы бойынша аты
|
80 процент көп
|
Ауыр саз
|
80-60%
|
Орташа және жеңіл саз
|
60-45%
|
Ауыр саздық
|
45-30%
|
Орташа саздық
|
30-20%
|
Жеңіл саздық
|
20-10%
|
Құмдақ
|
10-55%
|
Байланысты құм
|
5- проценттен аз
|
Борпылдақ құм
|
2.Түрлі топырақтар өз бөлшектерінің ірілігі жөнінен ғана емес, сонымен бірге құрамы жағынан да бір – бірінен айырмашылығы үлкен болып келеді. Мысалы : саз және саздақ топырақтарда түрлі минералдар көп болады. Олар дала шпаты, слюда, каолин, фосфорит, темірдің, алюминидің, марганецтің судағы тотық қоспалары тағы басқалар. Бұл минералдарда өсімдіктерге қажетті заттар, атап айтқанда фосфор, калий, кальций, темір және басқа да заттар кездеседі.
3. Механикалық құрамы ауыр болып келетін топырақтарда көбінесе өсімдіктер жақсы өсіп, өнім берген жерде жыл сайын олардың қалдықтары да көптеп жиналады. Бұл қалдықтар топырақтағы түрлі микробиологиялық процесстердің және климат әрекеттерінің әсерінен бұзылып шіріндіге айналып, оның біршамасы өсімдіктерге аса қажетті топырақтың беткі қабатының негізгі қоректік заты – қарашірігін түзеді.
Механикалық құрамы – жеңіл топырақтардың ауыр топырақтарға қарағанда, бұдан басқа кемшілігі – су және жел эрозиясына төзімсіздігі болып табылады. Мұндай жерлерде өсімдіктер нашар өсетіндіктен, оның беткі қабаты желдің (ал суарлармалы жерлерде -судың) әрекетінен үгіліп (жуылып) кетеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Механикалық құрамы ауыр топырақ?
2. Механикалық құрамы орташа топырақ?
3. Механикалық құрамы жеңіл топырақ?
5 - лекция
Тақырып :Топырақтың сіңіргіштік қасиеттері.
Жоспар:
Топырақтың сіңіргіштік қасиеттері және оның жер шаруашылығындағы топырақ түзілудегі маңызы
Топырақтың қышқылдылығы
Топырақтың структуралалығы
Лекция мақсаты: Топырақтың сіңіргіштік қасиеттері және оның жер шаруашылығындағы топырақ түзілудегі маңызын анықтау.
Лекцияның мәтіні :
1. Топырақтың құралу жән даму процесстері онда өсімдіктердің азот және күл қоректік заттарының жиналуымен қабаттас жүреді. Ал топырақта өсімдіктердің қоректік заттарының жиналуы оның сіңіру қабілетімен тығыз байланыста болады.
Топырақтың сіңіру қабілеті деп оның өзінде ерітінді және судағы лайлы заттарды, газдарды ұстап қалуын айтады.
Сіңіру қабілеті - әр топырақта әртүрлі болады , ол көбінесе өте ұсақ бөлшектердің көп болуына байланысты келеді. Мұндай топырақтың сіңіру қабілетін күшейтетін ұсақ бөлшектерді каллоидты бөлшектер деп атайды. Коллоидты бөлшектердің мөлшері 0,001 милиметрден ұсақ болып келеді. Табиғатта колоидты бөлшектердің шығатын екі жолы бар : 1) тау жыныстары бұзылуынан, 2) органикалық заттардың ыдырауынан. Осыған байланысты топырақ коллоид бөлігінің құрамына органикалық және минералдық заттар кіреді : біріншісі – топырақ шіріндісінің құрамында, екіншісі – балшық құрамында болады. Коллоидтар топырақта тұрақты тұнба гель түрінде кездеседі. Сіңіру қабілеті бес түрге бөлінеді:
Биологиялық сіңіру – мұның топырақтағы қоректік заттардың жуылып кетпей сақталып тұруында үлкен мәні бар. Бұл сіңіру өсімдіктердің тамырлары мен микроорганизмдер тіршілігіне тікелей байланысты, өйткені олар топырақтан қажетті заттарды алып, оны өз мүшелерін құруға жұмсайды, сөйтіп ерімейтін күрделі органикалық қосындылар түзіледі.
Механикалық сіңіру – қабілеті деп топырақтың басқа түйіршіктер аралықтарындағы қуыстардың диаметрінен үлкен заттарды сүзіп алып, қалуын айтады. Механикалық құрамы сазды және саздақ топырақтың сіңіру қабілеті күшті болады.
2. Топырақтың химиялық сіңіру – дегеніміз оған енген түрлі тұздар мен топырақ ерітіндісіндегі тұздардың өзара химиялық алмасуы. Химиялық сіңіру арқылы түрлі қоспалар құралады. Бұл жолмен пайда тұздар сумен шайылмайды. Сондықтан топырақта өсімдіктердің қорегіне қажетті катиондар мен аниондар сияқты заттар топыраққа сіңіп сақталады.
Топырақтың физикалық – химиялық алмастыра сіңіру – топырақтың иондар сіңіруін, негізінен катиондар сіңіру қабілетін физикалық – химиялық алмастыра сіңіру деп атайды. Бұл жол бойынша топырақ коллоидтары топыраққа енгізілген тұздар катиондарымен алмасады. Мұның негізінде біріншіден физикалық сырттық қуат арқылы сіңіру (адсорбция) бар да, екіншіден - өзара алмасу химиялық реакциясы бар.
3. Топырақтың физикалық сіңіруі – қабілеті деп оның түйіршіктерінің сыртқы молекулалық күш әсерімен газды және ерітінді заттарды сіңіріп, өз бойында ұстап тұру қабілетін айтады.
Топырақ реакциясы. Құрамында түрлі қышқыл басым болуына байланысты топырақ реакциясы қышқылды, не сілтілі болып келеді. Өте қышқылды не сілтілі топырақтарда өсімдіктер жақсы өспейді, тіпті өліп қалады. Өсімдік дұрыс өніп - өсуі үшін топырақ реакциясы орташа болуы керек. Топырақ реакциясы оның қандай заттарды көбірек сіңіргендігіне байланысты болады. Әдетте, қышқыл топырақтарда сіңірілген сутегі және алюминий көп болады. Топырақ реакциясы бейтарап болуы үшін онда кальций элементінің тұздары көп болуы шарт.
Табиғи жағдайда топырақ реакциясы 3- тен 9 –ға дейін құбылады, ол
рН- деп белгіленеді. Ол төмендегідей : РН 3- 4 өте қышқыл
РН 4-5 қышқыл
РН 5- 6 азғана қышқыл
РН 6-7 бейтарап
РН 7-8 сәл сілтілі
РН 8-9 сілтілі
Топырақ ерітіндісінің қышқылдылығына ондағы бос органикалық қышқылдар немесе олардың тұздары себеп болады. Топырақ қышқылдығы актуальдық және потенциалдық болып екіге бөлінеді. Оның бірінші түрі топырақтағы бос сутегі (ІІ) ионының концентрациясына, ал екінші топырақтың коллоид бөлімі сіңірген берік сутегі иондарына байланысты болады. Реакциясы өте қышқылды, не өте сілтілі болып келетін топырақтарда егілетін дақылдардан мол өнім алу үшін түрлі өңдеу (мелиорациялау) жұмыстарын жүргізеді.
Топырақтың структуралық құрамы. Әдетте топырақтар пішіні түрліше болып келетін жеке бөлшектерден тұрады. Бұлар топырақ структурасы болып табылады. Топырақ структурасы шаң немесе тозаң түрінде болатын өте ұсақ бөлшектерден бастап, мөлшері жаңғақтай, тіпті одан да үлкен болып келетін кесектерден тұрады. Топырақтарда неғұрлым кесекті бөлшектер көп болып, неғұрлым олар берік және кеуекті болса, соғұрлым ол борпылдақ келеді. Борпылдақ топыраққа өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын қарашірікке айналдыратын бактерияларға қажетті су мен ауа оңай сіңеді. Топырақ структурасын құрауда жауын құрттарының атқаратын жұмысы орасан зор. Бұл құрттар өздерінің қоректену процессінде топырақтағы өздеріне керекті заттарды пайдалану мен бірге өздері бөліп шығаратын шырынды заттар арқылы топырақтың ұсақ түйіршіктерін біріктіріп капролитті структуралар түзеді. Міне осындай структуралы топырақтарда мәдени өсімдіктерге қажетті барлық жағдай жасалынады да, дақылдар жақсы өніп - өседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Механикалық сіңіру?
2. Топырақтың сіңіру қас иеті?
3. Топырақтың табиғи жағдайдағы реакциясы?
6 - лекция .
Тақырып :Топырақ құнарлылығы және мәдениеттілігі.
Жоспар:
1. Топырақ құнарлылығы
2. Топырақ структурасының бұзылу факторлары
3. Топырақты су және жел эрозиясынан қорғау шаралары
Лекция мақсаты: Топырақ структурасының бұзылу факторларын оқып үйрену?
Лекцияның мәтіні :
1. Өсімдіктер өздерінің дамуы кезінде қоректік заттарды, суды, ауаны және жылуды керек етеді. Мәдени өсімдіктердің осы мұқтаждардың қанағаттандыруға қабілеті бар топырақты құнарлы топырақ деп атайды.
Құнарлылық – топырақтың ең басты, әрі ең негізгі агрохимиялық қасиеті, ол басқада бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты болады.
Топырақ құнарлылығының өзгеруіне тікелей әсер ететін оның негізгі қасиеттеріне топырақтың су, ауа, жылу және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, механикалық құрамы реакциясы және микробиологиялық қасиеттері жатады. Агротехникалық шаралар дұрыс сақталынбаған топырақтарда оның жоғарыда аталған қасиеттері біршама төмендейді, ал мұның өзі сайып келгенде, оның құнарлылығының да нашарлауына себепкер болады.
Топырақтың құнарлылығын арттыру деген сөз – оның жоғарыда аталған әртүрлі қасиеттеріне пайдалы әсер ете отырып, оларды мейлінше жақсартып, ірі түрлі топырақ жағдайында өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан мол әрі сапалы өнім алу шараларын жүзеге асыру болып табылады.
2. Топырақ құнарлылығының мынадай категориялары бар :
Табиғи құнарлылық
Жасанды немесе эффективті
Экономикалық
Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен комплексті мына төмендегідей жұмыстарды атқарудан тұрады. Атап айтқанда :
Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асыру
Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу.
Органикалық және минералды тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді қолдану шаралары.
Әртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыру.
Құнарлы қабаты бір себептерден жойылып кеткен топырақтардың түзілуі ұзаққа созылатын процесс. Сондықтан да адам өзінің тыныс тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су және жел эрозиясынан және басқада экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма – жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асырады.
3. Топырақ эрозиясының көп түрі бар :
Геологиялық эрозия. Бұл табиғи жағдайда болатын эрозия және өте баяу жүреді. Топырақтың әртүрлі қабаты пайда болатын процесс геологиялық эрозиядан тез жүретіндігінен бұл эрозияның топырақтың құнарлылығының арта түсуіне көп әсері болмайды.
Антропогендік эрозия – адамның жерді дұрыс пайдаланбағандығынан болатын құбылыс. Бұл эрозия топырақтың құнарлылығын табиғи арттыратын процесстен тез жүретін болғандықтан, оның құнарлы қабатының қалыңдығы жыл сайын азая түседі, яғни топырақтың құнарлылығы кеми береді.
Су эрозиясы. Рельефі күрделі болып келетін Қазақстанның Оңтүстік Шығыс, Шығыс аймақтарында, қар қалың түскен жылдары Солтүстік, Орталық, Батыс обылыстарында су эрозиясында болады. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның терең қабатына су аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су тапшылығын көреді. Су эрозиясы тамшылық, жайдақ, сызықтық және ирригациялық болып төртке бөлінеді.
Тамшылық эрозия. Жаңбыр нөсерленіп жауғанда әр тамшының диаметрі 1мм-ден 5мм, соңғы жерге тамырдағы жылдамдығы секундына 4,5-9м болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте – бірте үгітіп, езіп жібереді. Үгілген бос майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңылауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен бірте топырақтың майда бөлшектерін ала кетеді.Жайдақ эрозия. Кезінде топырақтың майда, жеңіл, органикалық заттары мол түйіршіктері танап бойынша біркелкі сумен ағып кетеді. Бұл эрозиядан келетін зиян өте зор. Жыл өткен сайын топырақтың майда органикалық заттарға бай түйіршектері азая түседі, яғни жыл сайын топырақтың құнарлылығы кеми береді, алынатын өнім азая береді. Сызықтық эрозия. Қар еріген кезде, не нөсер жауын болған кезде судың қатты ағысы топырақты біраз орып кетеді, ол жер бірте – бірте үлкейіп, терең орға айналады. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады.
Ирригациялық эрозия. Суару кезінде су қажет мөлшерден көбірек берілсе, топырақ беті шайылып эрозия басталады. Эрозияның осы түрін ирригациялық эрозия деп атайды.
Жел эрозиясы – орманы жоқ, ашық, жаңбыр аз жауатын жазық далаларда болады. Қазақстанда жел эрозиясына тың жерлер игерілген өңірлерде көптеп кездеседі. Тың жерлер жыртылғаннан кейін Павлодар, Торғай, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе т.б обылыстарының топырақтары қатты жел эрозиясынан зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде топырақтың үстіңгі құнарлы қарашірігі мол, жеңіл, қоректік заттарға бай майда түйіршіктері ауаға көтеріліп, желмен бірге ұшып кетеді.Күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол жердің әсерінен де үлкенді – кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйренші болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Мұндай эрозияның әсерінен де күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан майда түйіршіктерден өсіп тұрған дақылдардың өркендері зардап шегеді, олардың жапырақтары жырымдалып жыртылады. Су эрозиясымен күресу шаралары. Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бұл әсіресе бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясы қыйғай жердегі танаптар өте бейім болады. Сондықтан мұндай танаптарға топырақты жиі қопсыта беруді қажет етпейтін дақылдар егу керек. Жел эрозиясымен күрес шаралары. Жел эрозиясы (дефляция) республикамыздың ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіруде. Жел эрозиясын тоқтату үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Сонымен қатар жер бетіндегі өсімдік қалдықтарына тимеу керек. Себебі танапта өсімдік өсіп тұрса, егін орылған жерде аңыз сақталса, топырақтың беткі қабатына тиетін жел күші, екпіні күрт бәсеңдейді. Егін орылған жерде аңыз неғұрлым жақсы сақталса, топырақтың эрозияға қарсы тұру мүмкіндігі арта түседі.
Бақылау сұрақтары:
Эрозия деген не?
Жел эрозиясы?
су эрозиясы?
7 - лекция .
Тақырып :Қазақстан территориясындағы топырақтың орналасуының негізгі заңдылықтары. Қазақстанның топырақ аймақтары.
Жоспар :
Қазақстан топырақтарын аймақтарға бөлу
Орманды дала, далааймағы, шөл аймақ, құрғақ дала аймақтары
3. Таулы топырақтар
Лекция мақсаты: Орманды дала, далааймағы, шөл аймақ, құрғақ дала аймақтарының топырағын зерттеу.
Лекцияның мәтіні :
1. Қазақстан - өз территориясының аумағы бойынша елімізде Россия Федерациясынан кейін екінші орын алады. Территориясы аса үлкен және шалғай болғандықтан республика жерінде сан алуан топырақ (оған сәйкес өсімдік) аймақтары кездеседі, бұлар бір – бірінен топырақ түрлерімен ғана емес, ондағы табиғи өсімдіктер ерекшеліктерімен, климат жағдайларымен де өзгеше болып келеді. Осындай ерекшеліктеріне қарай 5 үлкен аймаққа бөлінеді.
1. Республика территориясы 4 табиғи аймаққа бөлінеді:
орманды дала, дала, шөл дала, құрғақ дала.
2. Орманды дала аймағында - Солтүстік Қазақстан облысы 2 топырақ типшесіне бөлінеді. Сілтісізденген қара топырақ 0,4 млн/га және кешенді шабынды қара топырақ тараған сұр оормандық топырақтар кебірленген топырақтар қабаттасып орналасқан. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зонаның арасында жеңішке болып иреленедеп, батыстан – шығысқа қарай созылып, өтпелі зона – орманды далада, орманның сұр топырақтары жатыр.
Бұл зона егістікке жақсы игерілген зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі.
Дала аймағы 2 типше тараған кәдімгі немесе қарапайым топырақ және оңтүстің құрғақтау даланың қара топырағы. Қарапайым топырақ Қостанай, Көкшетау, павлодар, Ақтөбе т.б. Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа- райы да жайлы. Бұл жерлерде жазы жылы, қысы суық. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 300-600 мм.Бұл зонада негізінен даланың дәнді шөбі, бұршақ тұқымдастар, жусан т.б өсімдіктер өседі. Қара топырақтар өсімдіктерге қажетті қоректік заттарға бай келеді.Қара шірік мөлшері 4-13 % - ке жетеді. Қара топырақ негізгі 3 қабаттан тұрады:
А – қара шірік қабат
В - өтпелі қабат
С – карбонатты иллювиалды қабат
Құрғақ дала қара қоңыр топырақтар дамыған ( 3 аймақшадан тұрады )
Қоңыржай құрғақ дала күнгірт топырағы
Құрғақ даланың нағыз қара қоңыр топырағы
Шөл даланың нағыз қара қоныр топырағы
Қара топырақты шалғынды – дала зонасының оңтүстігінне қарай ауа – райы құрғақтана бастайды. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 200-350 мм. Бұл аймақтарда ауа- райы жылы. Қара шірік мөлшері бұл топырақтарда 2-4 % арасында болады.
Шөлді аймақ топырақтары. Шөлді аймақ 2 аймақшадан тұрады:
Солтүстіктің шөлді аймақтың қоңыр топырағы
Орталық және оңтүстік шөлдің сұр қоныр топырағы
ТМД елдерінің оңтүстігінде ылғал мөлшері өте аз, сондықтан мұнда биологиялық тіршілік аз дамыған – шөлді аймақ кездеседі. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 80-180мм. Бұл өсімдіктің қалыпты өсуіне жеткіліксіз. Мұнда шөлге бейімделген бұта, сор шөптер шығады.Суғарып, тыңайтқыштар енгізген кезде егістіктер күн сәулесінің ыстығын алу уақыт ұзақтығын пайдаланып өнім береді.Бұл жерлерде негізінен бау- бақша, жүзімдер, көкөністер, қант қызылшасы, темекі т. Б дақылдар егіледі. Бұл жерлердің көпшілігі жайылымды жерлер.
3. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында тау бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгеінен алғандағы биіктің өзгеруіне байланысты топырақ түрлері де әрқилы болады. Ол жерлер климаттың топырақтың және өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай Батыс Тянь- Шань, Солтүстік Тянь- Шань, Сауыр – Тарбағатай және Батыс алтай топырақ өңіріне бөлінеді. Батыс тянь- Шань өңірінде ( Оңтүстік облысының территориясы ) мынадай топырақ белдеулері бар: тау етегіндегі шөлейт жазықта боз, кәдімгі және күнгірт боз топырақ таудың орта шеніндегі орманның шөбі мол күрең топырағы, биік таулы жердегі шалғындық топырақ кездеседі. Солтүстік Тянь- Шань Өңірінде ( қырғыз Алатауы, Іле Алатауы ) мынадай топырақ белдеулері бар. Тау етегі жазықтығындағы карбонатты шамалы боз топырақ пен ашық қара қоныр топырақ, таудың қою қара қоныр топырағы таулы жердің сілтісізденген қара топырағы орташа таулы ормандық сұр топырағы биік таулы жердің шалғындық, шалғын топырақтары. Бұдан жоғары мұз таулар және мәңгі қар жатады.
Бақылау сұрақтары:
Құрғақ дала топырағы?
Дала топырағы?
орман топырағы?
Достарыңызбен бөлісу: |