«биология» кафедрасы



бет3/5
Дата21.06.2017
өлшемі1,9 Mb.
#19457
1   2   3   4   5

18 - лекция .


Тақырып :Ауыл шаруашылығын суландыру және топыпрақ қорғау.

Топырақтың ылғалдылық қасиеттері.
Жоспар:

1. Топырақтың ылғалдылық қасиеттері

2. Топырақ суларының формалары өсімдікке сіңімді және сіңімсіз сулар

3. Топырақтың ауа режимдері


Лекция мақсаты: Топырақ суларының формалары өсімдікке сіңімді және сіңімсіз сулардың түрлерін үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Топырақ қопсытылған су сиымдылығы бар дене болғандықтан оның құрамында азды – көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлылығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын – шашынмен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әртүрлі. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әртүрлі болып келеді. Жалпы ылғалдың бірнеше түрі бар :



  1. Химиялық байланысқан су - топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақ биологиялық процесстерге қатыспайды.

  2. Бу күйіндегі су – топырақ кеуектерінде кездесетін судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бұл күйінде ол өсімдікке сіңбейді, тек тамшыға айналдырған оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.

  3. Гидроскопиялық су – топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз.

  4. Қылтүтік суы – топырақ түтіктерінде жоғары –төмен жылжи отырып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.

  5. Гравитациялық су - өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді.

  6. Қатты күйіндегі су – мұз, қар жатады. Қатты күйіндегі су өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады.

  7. Жер асты ыза суы – топырақтың ол көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстінде жиналады.

2. Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы. Топырақтың су қасиеттеріне су сиымдылығы (топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі – бір мөлшерін ұстап, сақтап тұруы) жатады. Оның бүкіл қабілеті топырақтың су ұстаушылық күші деп аталады, су өткізгіштігі, суды жоғары көтергіштігі, гигроскопиялығы және буланғыштығы жатады.

Топырақтың су сыйымдылық шегі – оның өз бойына белгі мөлшерде суды сіңіріп ұстай алатын қасиет. Ұсталған (сақталған) су түрлеріне қарай топырақтың су сыймдылығының бірнеше түрін ажыратады. Ең көп немесе толық су сыймдылық деп топырақтың табиғи кеңістегі сумен толған жағдайын айтады.

Далалық су сыйымдылық шегі – топырақтың табиғи құрылымында бос су өз салмағымен топырақ қабатына сіңіп кетеді. Осы жағдайда жер асты суы тереңде жатса, ал топырақ қабатындағы су буға айналмайтын болса, топырақ бойында ұсталып қалатын су мөлшерін далалық су сыйымдылық шегі деп атайды.

Каппилярлық су сыйымдылық шегі – деп судың топырақ түйіршіктерінің ішінде ұсталып қалатын қабілетін айтады. Капиллярлық су сыйымдылық шегі жер асты суының тереңдік деңгейіне және жоғарыдан келетін табиғи су мөлшеріне байланысты. Мұндай сулар капилляр түтіктері арқылы жоғары көтеріледі және керісінше жоғарыдан – төмен қарай жылжиды. Соның нәтижесінде өсімдіктердің әртүрлі тереңдікте орналасқан тамырларына, кезінде олардың өсіп –дамуына елеулі әсер етеді.

Топырақтың су өткізгіштігі – деп оның жоғарыдан төмен қарай су өткізу қасиетін айтады. Ол топырақтың түйірпектілігіне, механикалық құрамына.

3. Топырақ ауасы. Топырақта судан басқа, өсімдік тамырларының тыныс алуы мен бактериялардың тіршілігі үшін ауа да қажет. Топырақта неғұрлым ылғал көп болса, соғұрлым ауа аз болады және керісінше. Бұл ауа мөлшері топырақтың ылғалдығына, тығыздығына, өңдеу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп - өніп тұрған өсімдіктерге т.б. жағдайларға байланысты. Егістіктер егілетін, өңделген топырақтарда ауаның мөлшері 30 –40 % -ке тең. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды.

Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.

Бақылау сұрақтары:

1. бу суының жүргісі?

2. қылтық су жүргісі?

3. Жер асты ыза суы?


19 - Лекция .

Агрохимия.

Тақырып :Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері.
Жоспар:

1. Топырақтың физикалық және физико – механикалық қасиеттері

2. Көлемдік салмақ, меншікті салмақ, жабысқыштығы, иілгіштігі


  1. Топырақтың химиялық қасиеттері


Лекция мақсаты: Топырақтың физикалық және физико – механикалық қасиеттерімен танысу.

Лекцияның мәтіні :

1. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның құнарлылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер : топырақ құрылымы, су, ауа режимі, жылулық, меншікті және көлемдік салмағы. Сонымен қатар өндірістік құрылыс жол салуға топырақтың қаттылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы сияқты қасиеттері жатады.

Топырақтың құрылымы. Топырақ үгілу нәтижесінен пайда болғандығы әртүрлі механикалық бөлшектерден тұратыны жайында жоғарыда айтылды. Осы механикалық бөлшектер топырақ топырақ түзілу және оның әрі қарай даму процесстерінде топырақ шіріндісі, өсімдік тамырлары, топырақтағы жәндіктер әрекеттері арқылы бір – біріне желімденіп, жабысып әртүрлі топырақ түйірпектерін – агрегаттарын құрады. Топырақ құрылымы төмендегідей болады

Құрылымы жоқ, шаң – тозаңды, борпылдақ

Құрылымы майда түйірпекті, мөлшері 0,5 –1мм

Дәнді түйірпекті диаметрі 1-5мм

Жаңғақты құрылым бөлшектері 10мм –ден ірі кесекті, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.

2. Топырақ құнарлығына ондағы ылғалды ауа режиміне майда түйірпекті, дәнді түйірпекті құрылым жақсы әсер етеді. Топырақтардың мұндай құрылымдары топырақ қара шіріндісіне бай, топырақ сіңіру кешені негізінен кальций катионына қаныққан қара топырақ пен қара қоңыр топыраққа тән. Түрлі топырақтардың құрамында ғылыми – зерттеулерге қарағанда 45-ке жуық элементтер бар екендігі белгілі болып отыр. Бірақ бұл элементтердің көбі топырақта өте аз мөлшерде болады. Көбінесе ғалымдар топырақтағы 15- қана элементтің мөлшерімен, олардың қосылыстарының түрлі қасиеттерімен айналысады. Бұлар көміртегі (С), азот (N), оттегі (О), сутегі (Н), күкірт (S), фосфор (Р), кремний (Si), хлор (Cl), натрий (Na), калий (К), кальций (Са), магний (Mq), алюминий (Аl), темір (Fe) және марганец (Mn). Топырақтағы мөлшерінің көптігіне қарай бірінші орында оттегі мен кремний, екінші орында алюминий мен темір, үшінші орында кальций мен магний бұлардан кейінгі орындарда натрий, калий және т.б элементтер орналасады. Топырақ құрамына кіретін жоғарыда аталған элементтердің негізгі маңызы – олар өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым – қатынасты белгілейді, ал мұның аса зор биологиялық маңызы бар. Топырақтың органикалық қосындыларының негізгі құрамын түзейтіндіктен әсіресе көміртегі, сутегі және оттегінің маңызы үлкен. Мұның өсімдіктердің өсуіне тигізетін әсері зор. Көміртегі өсімдік қалдықтарындағы элементтердің 45 % алады, оның қосылыстары топырақта (2 % шамасында) минералды тұздар түрінде (Са Со3, МqCO3, Na2 Co3) жиі кездеседі. Оттегі мен сутегі топырақтағы олардың тұздарының құрамын түзеді.

3. Темір және оның қосылыстары – темір тотықтарымен гидрототықтары түрінде болып, топырқтың минералдық заттың құрамына кіреді. Темір өсімдіктердегі хлорофилдің құралуына тікелей қатысады. Фосфор апатит, фосфорит сияқты табиғи минералдардың құрамында және топырақ шіріндісінде кездеседі. Фосфор өсімдіктер клеткасы ядросындағы белоктардың құрамына кіретін болғандықтан (нуклепротейдтер), оның өсімдік өміріндегі маңызы өте зор. Өсімдіктер үшін аса қажетті элементтердің бірі – азот. Ол топырақта органикалық қосындылар, аммиак тұздары, азот және азотты қышқылдардың тұздары түрінде кездеседі. Жоғарыда аталған элементтердің топырақтағы біраз қоры болғандықтан оларды микроэлементтер деп атайды. Бұл айтылған микроэлементтерден басқа топырақта биологиялық маңызы бар барий, литий, мырыш, бор, титан, мыс, молибден, иод, фтор, кобальт, никель сияқты микроэлементтер де болады. Олар топырақта аз мөлшерде кздескенімен өсімдіктер өмірінде алатын орны зор, бұлар жетіспесе көптеген өсімдіктер түрлі ауруларға шалдығады.

Бақылау сұрақтары:

1. топырақ құнарлығының маңызы?

2. топырақтың қара шіріндісі?

3. топырақтың физикалық қасиеті?



20 - лекция .

Тақырып : Топырақты құнарлылығын арттыру.

Топырақтың классификациясы және оларды бонитировкалау.
Жоспар:
1. Топырақтың құнарлылығын арттыру шаралары.

2. Топырақты бонитировкалау.


Лекция мақсаты: Топырақтың құнарлылығын арттыру шараларын толықтыру және зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

1.Өсімдіктер өздерінің дамуы кезінде қоректік заттарды, суды, ауаны және жылуды керек етеді. Мәдени өсімдіктердің осы мұқтаждарын қанағаттандыруға қабілеті бар топырақты құнарлы топырақ деп атайды.

Құнарлылық – топырақтың ең басты, әрі ең негізгі агрохимиялық қасиеті, ол басқада бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты болады. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен комплексті мына төмендегідей жұмыстарды тқарудан тұрады. Атап атқанда:

1). Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асыру

2). Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу

3). Органикалық және минералды тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді қолдану шаралары.

4). Әртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыру

2. Топырақ сапалығы, яғни бонитировкасы деген ұғым латынша bonita – сапалығы деген сөзден шыққан.Топырақтың сапалығын бағалау дегеніміз – топырақтың сапалығын потенциалды құнарлығын өнім беру қасиетін, табиғи және мәдениеттелген фитоценоздармен салыстыру. Топырақтың бонитировкасы іс жүзінде қолданылатын ауыл шаруашылық ерекшліктеріне қарап дәрежеленуі деп қарастыруға болады. Бонитеттеудің мынадай әдістері бар.



  1. Топырақтың табиғи қасиеттері (құнарлылығы) белгілі бір дақылдар өнімімен сәйкестелінеді.

  2. Топырақтың агроөндірістік топтарына қарап, дақылдардың өніміне сәйкестіріп, баға беру әдісі. Топырақ бонитетінің өлшемді бағасы болады, оны балмен көрсетеді.Топырақтар 1- ден 100 – ге дейінгі балл болмаса, кластарға (топтарға) бөлінеді : нашар, орташа, өте жақсы бағалар арқылы.

Бонитеттік өлшеу бойынша шкаласы жағдайына сәйкесті облыс, аудан шаруашылық көлемінде жерге баға беріледі. Мысалы : Қазақстанда 5 топырақ аймақтары бар.
Бақылау сұрақтары:

  1. топырақ өңдеу тәсілдері?

  2. топырақ банитировкасы?

  3. топырақ сапасының маңызы?



21 - лекция

Тақырып :Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда,

тыңайқыштардың маңызы.


Жоспары :

  1. Өсімдіктерді қоректендіру теориясының негіздері

  2. Тыңайтқыштарды классификациялау

  3. Микротыңайтқыштар


Лекция мақсаты: Өсімдіктерді қоректендіру теориясының негіздерін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1.Өсімдіктің қоректенуі – олардың қоршаған ортадан тіршілікке қажетті химиялық элементтерді қабылдап, бойына сіңіруі. Бұл кезде элементтер қоршаған ортадан өсімдік клеткасының цитоплазмасына өтеді де, химиялық өзгерістер арқылы өсімдіктің белгілі бір түріне қажетті қосылысқа айналады.

Қоректік заттарды қабылдап, оны сіңіру ( анаболизм ) олардың ыдырауы мен сыртқа бөлінуі ( катаболизм ), зат алмасу ( метаболизм ) организм тіршілігінің негізі болып есептеледі.

Өсімдіктер құрамынан жер бетіндегі барлық элементтер ттабылады.

Азот. Бұл аса маңызды қоректік зат ретінде өсімдіктер тіршілігінде үлкен роль атқарады. Ол өсімдіктің күрделі органикалық заты – белоктың, нуклейн қышқылдарының, нуклепротеидтың, алколоидтардың және фосфатидтердің құрамына кіреді. Азот сонымен қатар, өсімдіктер жапырағының хлорофилінің құрамына да кіреді, азаот жоқ жерде хлорофил түзілмейді.

Өсімдіктер үшін азаоттың негізгі пайдалы қоры топырақ қара шірігінде кездеседі. Топырақ қабатынан өсімдіктер азоттың нитратты және аммиакты түрлерін пайдаланады.

Фосфор. Дақылдардың тез өсіп жетілуіне фосфор заттары жеткілікті болса, оынң өнімі артады және сапасы жақсарады. Бұл заттың әсерінен дәнді дақылдардың сабанынан да дәні көп түзіледі, көкөніс және техникалық дақылдардың өнім сапасы, мәселен, қызылшаның қанты, картоптың крахмалы, зығыр талшығының беріктігі артады.

Фосфор өсімдік дәнінде, жемісінде, тұқымында жиналады. Көкөніс жеміс дақылдары пісуін, өсімдіктің қуаңшылыққа, жатып қалуға төзімділігін күшейтеді.

Фосфордың негізгі қоры топырақта түрлі фосфор қышқылдарының қосындысы түрінде кездеседі.

Калий. Өсімдіктер мүшесінде калий ион түрінде кездеседі, мәселен сабағында, жапырағында мол болады, сондықтан олар топырақ қабатынан көп шығындалады, ал оларды толықтыру үшін танапқа көң шашуды талап етеді, себебі көңнің құрамында калий мол болады. Калий өсімдіктерге тапшы болса, оларда белок түзілмейді, оның бар мөлшері де ыдырай бастайды, бұндай өсімдіктер түрлі саңырауқұлақ және бактериялардың дамуына мүмкіндік туғызып, оларды ауруға шалдықтырады.

2. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералды және бактериялы болып бөлінеді.

Органикалық тыңайтқыштар тобының құрамындағы қоретік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болғандықтан, күрделі тыңайтқыштар қатарына да жатады. Органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымьезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су тұнба лайы, тамақ кәсіпорындарының қалдығы жатады. Органикалық тыңайтқышттар ішіндегі әсіресе маңыздылары – көң, көң садырасы, құс саңғырығы.

Жасыл тыңайтқыштар. Сидераттар дегеніміз қолдан егілетін бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіп гүлдегенге дейінгі кезеңінде, сол қалпында жыртып, топыраққа енгізу. Бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырында түйнек бактериясының арқасында оған азот қорымол жиналады. Бұл дақылдар ауадан азот жинайды, ал мұны күшейту үшін олардың тұқымдарын екпестен бұрын нитрагинмен немесе арнаулы препараттармен өңдейді. Сонда бұлардың атмосферадан азот сіңіруі күшейеді. Сонымен қатар, жасыл тыңайтқыштардың құрамында фосфор және калий элементтері жоқтың қасы болғандықтан, топырақты өңдемес бұрын оған фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгізу тиімді болып табылады.

Бактериялы тыңайтқыштар. Құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар препараттар. Бұл өсімдік тамырының айналасына микрорганизмдердің жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады. Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериялық тыңайтқыштар деп атайды. Бактериялық тыңайтқыштар топырақты тиісті микрорганизмдер мен байытады. Бұл тыңайтқыштарды дайындауда жергелікті жердің топырағынан немесе сол жердегі өсімдік тамырынан бөлініп алынған микроорганизмдерді. Қолданғанда жақс ынәтиже беретінін ескерген жөн. Бактериялық тыңайтқыштардың түріне қарай өсімдік фосфор, азо, тағы басқа элементтерді көбірек сіңіреді. Мұнда микробтар әрқашан өсімдікке жетіспейтін биологиялық заттарды құрайды.

Минералды тыңайтқыштар. Өнімнің мөлшері мен сапасын арттыру үшін, өсімдіктер өсіп дамуының әр кезеңіндегі ерекшеліктерді ескере отырып, оларды қажетті қоректік заттармен тиісті мөлшерде қамтамасыз ету үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады. Азотты минералдық тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина, азотты сұйық тыңайтқыштар.

3. Микротыңайтқыштар өсімдікке өте аз мөлшерде қажет құрамда мыс, кобальт, мырыш, т.б элементтер болатын қосылыстар. Топырақта өсімдікке сіңетін микроэлементтер жеткіліксіз болса, дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады.

Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы үлкен. Олар ферменттер құрамына кіреді, дақылдың өнімін арттырады.

Бор тыңайтқыштарын қолдану көптеген дақылдар үшін асс тиімді. Бор жетіспесе өсімдіктер ауруға шалдығады, өнімі және оның сапасы едәуір нашарлайды.

Мырыш микротыңайтқыштары – көбінесе карбонатты қара топырақта, жеңіл механикалық құрамды қоңыр топырақтарда көбірек пайдаланады, өйткені бұл жерлерде мырыштың қоректік қоры өте аз болады. Мырырш тыңайтқыштарын қолдану мерзмі және мөлшері әрбір дақылдар және топырақтар ерекшелігіне қарай өзгереді. Мырыш тыңайтқышы жеміс- жидек пен цитрус өсімдіктеріне қажет.

Марганец тыңайтқыштарын жаздық бидай, арпа, қант қызылшасы, көкөніс және картоп дақылдары жақсы сіңіреді.


Бақылау сұрақтары:

1. микротыңайтқыштардың маңызы?

2. Фосфордың әсері мен маңызы?

3. Мырыш микротыңайтқыштары?

4. Минералды тыңайтқыштар?

5. Бактериялы тыңайтқыштар?

6. Органикалық тыңайтқыштар?

22 - лекция

Тақырып :Органикалық тыңайтқыштар.

Топырақ құрылысының жалпы схемасы және оның

морфологиялық белгілері
Жоспары :

1. Топырақ құрылысының жалпы схемасы

2. Топырақтың морфологиялық белгілері
Лекция мақсаты: Топырақ құрылысының жалпы схемасын табу және егісте пайдалану.

Лекцияның мәтіні :

1. Топырақтың пайда болу процессінде өзіне тән құрылымының бір пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиялық қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір – бірімен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың құрылымы мен шатастырмау керек.

Морфологиялық құрылым – топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ әртүрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді оның бір – бірінен сыртқы пішіндері мен айырмашылығы бар генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.

2. Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В. В. Докучаев қолдаған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. шұңқЫрды қазып, бір бетін тегістеп оған сәуле түсіріп қараған кезде, топырақты бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінімен сипатталады.

Топырақ профилі: топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В.В. Докучаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді. А- қара шірік қабаты

В -өтпелі қабат

С- топырақ түзуші аналық тау жыныс қабаты.

Оларға тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты, әрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін оларды : А1 А2 В2 В2 С1 С2 т.б деп белгілейді. Топырақтың түсі. Топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі, топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар.



  1. Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.

  2. Темір және марганец тотықтары сары, қызыл түс береді.

  3. Кремний қосылыстары әк, каолинт, алюминий гидроксиді және суға тез ерігіш тұздар (хлодидтер және сульфаттар) топыраққа ақ түс береді.

  4. Темір шала тотығы, ол көкшіл, сұр түсті келеді.

Топырақтың құрылымы – деп оның түрлі пішінді, үлкенді – кішілі түйірпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен – кіші жаңғақты, призмалы т.б түрлерге бөлінеді. Олар бір – бірімен жабысқан механикалық элементтермен : құм, шаң, балшықпен қосарлана жүреді.
Бақылау сұрақтары:

1. органикалық тыңайтқыштардың әсері?

2. гумустардың пайда болуы?

3. темірдің маңызы мен қасиеті?



23 - лекция

Тақырып :Егістік дақылдар.

Өнім жинау
Жоспары :


  1. Өнімді жинау

  2. Астық тұқымдастар сақтау

  3. Егістік дақылдарының классификациясы және топқа бөлу


Лекция мақсаты: Астық тұқымдастар сақтау қоймаларын салу түрлерімен танысу.

Лекцияның мәтіні :

1. Егін жинау өте жауапты науқан. Бұл науқанға астық пісерден көп бұрын жан- жақты дайындалу керек. Дайындық астық оратын, жинайтын, таситын т.б орақ негізде қолданылатын механизмдерді дайындаумен шектеліп қоймайды. Қырман дайындау, онда қолданылатын әртүрлі астық тазалайтын, тиейтін механизмдер де сақадай сай болып тұруға тиіс. Астық құятын қамбалар да жөнделіп, тазаланып, әктеліп, дезинфекцияланып қойылады.

Егін жинау мерзімін, оның технологиялық картасын жасағанда егін жинайтын техниканың мүмкіндігі мен ауа райының жағдайы ескеріледі. Егін жинау кезінде мейлінше прогресті әдістерді қолдану керек. Бұл әдіске техниканы топтап пайдалану жатады., ол егін жинау жұмысын тездетумен қатар, экономикалық жағынан да тиімді. Техниканы тоқтатып пайдаланғанда егін оратын агрегаттарда жөндеу, күту жанар- жағар майлармен қамтамасыз ету едәуір жеңілденеді. Астық таситын көліктердің де жұмысы жақсарып, олардың өнімділігі артады.

Астық жинаудыңғ екі түрі бар. Біріншісі тікелей комбайынмен жинау, екіншісі бөлектеп жинау, яғни астықты алдымен дестеге түсіріп алып, десте кебе бастағанда жинағышы бар комбайынмен бастыру. Ауа – райына, егіннің жағдайына байланысты әртүрлі тәсіл қолданылады. Жалпы алғанда Қазақстанның оңтүстік облыстарында бірінші тәсіл тікелей комбайынмен жинау қолданылады. Бұл тәсілдің кемшілігі – астықтың толық пісуін күту керек. Кей жағдайда орақты астықтың толық пісуіне қарамай, ертерек бастау керек болады. Осындай жағдайда екінші тәсіл қолданылады.

Қазіргі уақытта егін жинау мынадай схемамен жүргізіледі.

1. Егін дестелерге құлатылып,5-8 күннен кейін жинағышы бар қомбайынмен бастырып, астық қырманға тасылады.

2. қырманда астық өлшеніп, қажет болған жағдайда қосымша тазартылады, сортталады, ылғалы молырақ болса кептіріледі, тағы да өлшеніп, автомашиналарға тиеледі де элеваторларға немесе тұрақты қоймаларға құйылады.

3. Танаптарда қалған сабаан- топандар әртүрлі тракторла агрегаттармен жиналып, танап сыртына немесе мал қоаларына жақын жерге жеткізіліп малға салынады.Сабаннан тазаланған танаптарда жер өңдеу жұмыстары басталады.

Астықтың толық пісу кезеңі екі кезеңнен тұрады: пісудің басы және толық пісу. Толық пісудің басында дән қатты, оны тек пышақпен ғана кесуге болады, дәннің ылғалдылығы 18-20 %. Осы кезде егісті комбайнмен тікелей жинай бастауға болады. Астықты қырманда толық кептіруге болады. Дәннің ылғалдылығы 16-17 % төмендегенде астық толық деп есептеледі. Осы кезде масақ жеңіл үгіледі. Комбайнме тура орған кезде астық төгіліп- шашылуы ( дәннің сабанға келуі, оның зақымдалынып үгілуі т.б ) мейлінше аз болады.

Толық піскеннен кейін 7-10 күннен кейін астықтың қатты пісу кезеңі келеді. Дәннің ылғалдылығы 7-9 % дейін төмендейді.. Масақтан дән қатты жел кезінде, орақ кезенінде төгіле бастайды., сынған, үгілген дәндердің мөлшері көбейіп кетеді. Дәннің үгілуі, сынуы азайуы үшін комбайнның масақты бастыру апаратын дұрыс реттеп отыру керек.



  1. Астықты сақтайтын қоймалар құрғақ, жақсы желдетілген болуы керек. Астықты сақтаған кезде әртүрлі дақылдар мен сорттардың араласып кетпеуін қатты бақылау керек. Ол үшін қоймалардың ішіндегі бөліктері жеткілікті болуы тиіс. Ылғалы мол астық сақтауға келмейді, қоймаға құйылатын бидайдың, қара бидайдың, арпаның, сұлының, бұршақтың дымқылдылығы 14-15 %, тары мен жүгерінің дымқылдылығы 15,5-13,5 % аспауы керек. Астық құйылар алдында қоймалар тазартылып, дезинфекцияланады.

Егер дән тұқымға арналған болса, оның үйіндісінің биіктігі 1,5 метрден ( күріш, тары ) 2.5 метрге дейін ( бидай, қара бидай, арпа, сұлы ) болуы тиіс.

Ал астық азыққа, жемге арналса, жақсы кептірілген болса дән үйіндісінің биіктігін әлдеқайда биік етіп сақтаға болады. Қоймаға құйылған астықты мұқият қарап отыру керек. Астықтың дымқылдылығы аздап жоғары болса, жөнді тазаланбаса қыза бастауы мүмкін. Оны тексеріп тұру үшін , үйіндінің әр жеріне түбіне дейін жететін ағаш немесе темір таяқтар шаншып қойып, оны анда- санда алып тексеріп тұрады.

Егер дәннің қызы бастағаны байқалса, шұғыл шаралар қолданылады.. Дәннің дымқылдылығын төмендету үшін оны тездеп желдетуге кіріседі, дән веялкадан өткізіледі.

Қоймаға зиянкестердің түспеуін де қадағалап тұру керек, егер пайда болса, оларды жою үшін шұғыл түрде қойманы газбен дезинфекциялайды.


Бақылау сұрақтары:

1. астық дақылдарын жинау тәсілдері?

2. дақылдарды реттеу жолдары?

3. Қоймалар олардың түрлері мен қырмандар?

24 – лекция


Тақырып :Өсімдіктердің өсу және даму фазалары

Ауа және қоректік заттардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы
Жоспары :

  1. Өсімдіктер үшін ауаның маңызы.

  2. Өсімдіктер үшін қоректік заттардың маңызы.

  3. Жер шаруашылығын реттеудің принциптері.


Лекция мақсаты: Өсімдіктер үшін қоректік заттардың маңызын зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

1. Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсмдіктер мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын ( көміртегі, оттегі, және сутегі ) органикалық заттар түзіледі.

Өсімдіктердің ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіруінен органикалық заттардың пайда болуын олардың ауа арқылы қоректенуі дейді.

Өсімдіктердің топырақ үстіндегі вегетативтік мүшелерінің жалпы көлемі

( сабағы мен жапырағы ) оның тамырлар жүйесі көлемінен едәуір көп болады да, ауадан қоректенуі топырақ арқылы қоректенуге қарағанда біршама артық келеді.

Атмосферада көмір қышқыл газының қоры өте аз. Мысалы, 1 гектар жердегі атмосфераның 1 метрлік қабатында небәрі 5-6 кг шамасында көмір қышқыл газы болады, бұл дақылдардың өсіп, дамуына тым жеткіліксіз. Өсімдіктердің ауадан қоректенуі жарық, жылылық, ылғалдылық және қоректік заттар қатысуымен өтетін күрделі процесс болып табылады. Агротехникалық тәсілдер, әсіресе органикалық тыңайтқыштар қолдану арқылы ауаның топырақ бетіне жақын қабатындағы көмір қышқыл газын бір процентке дейін көбейту өсімдіктің тіршілік әрекетін күшейтіп, олардың шығымдылығын арттырады.

2.Өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуімен ауадан қоректенуінің арасында тұрақты байланыс бар екені белгілі. Өсімдіктер көміртегінен басқа қажетті қоректік заттарды тамыр жүйесі арқылы топырақтың қабаттарынан қабылдап алып бойына сіңіреді. Олар өздерінде органикалық заттарды топырақтан, күл заттарын тамыр арқылы, ауадан көміртегін жапырақ арқылы түзеді. Өсімдіктердің топырақ қабатынан сіңірген минералдық заттарының көбі өткізгіш сабақтар арқылы жоғарғы органдарына қарай көтеріледі де фотосинтездің өттуін реттейді. Әрине, өсімдіктердің топырақ қабатынан тамырлары арқылы қоректік заттар алып, бойына сіңіруі белгілі белгілі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Айталық, әрбір дақылдар өзіне неғұрлым жетіспейтін заттарды ең алдымен оптимальды мөлшерде алады. Сондықтан әрбір элементтің өмірінде алатын орнын, топырақта қандай қосылыстар түрінде кездесетінін және өсу жағдайларына байланысты оларды қалай пайдаланатынын, қалайша реттеуге болатындығын білген жөн.

Өсімдіктің минералдық қоректенуі.

3. Өсімдіктердің шіріндіге бай топырақта жақсы өсіп, мол өнім беретіндігін көрсететін сан ғасырлық егіншілік тәжірибесі, қоректенудің шірінділік – гумустық теориясын өмірге келтірді. Алайда фотосинтездің ашылуф мен зерттелуі өсімдік денесінің 95 проценті көмір қышқыл газы мен судан құралатындығын көрсетті.

Минералыдық қоректер - өсімдіктің тіршілік әрекетіне қажет минерал тұздары. өсімдікке азот, фосфор, калий, күкірт, кальций, магний элементтері көп мөлшерде темір, бор, мыс, мырыш, марганец, т.б эементтер аз мөлшерде қажет. Сондықтан біріншілері макро екіншілері микроэлементтер деп аталады. Минералдық қоректерді өсімдіктер ион түрінде сіңіреді. Бір клеткалы организмдер мен су өсімдіктері иондарды барлық дене бетімен, жоғары сатыдағы өсімдіктер негізінде тамыр түктері арқылы сіңеді.

Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдікттердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіндігі белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтердің топырақтан қабылданатынын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктттер оны қабылдай алады. Сондықтан өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералдық қоректену деп атайды. Бұған өсімдіктерде проценттің оннан бастап жүзден бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға барлық органогендер көміртегі, оттегі, сутегі, азот, сондай- ақ күкірт, кальций, магний,натрий, темір, фосфор элементтері жатады.

Микроэлементтер деп аталатын екінші топқа өссімдіктер денесінде проценттің мыңнан жүз бөлігінен мыңнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға марганец, бор, мыс, мырыш, барий, молибден, кобальт, тағы басқалар жатады. Ультраэлементтер деп аталатын үшінші топқа өсімдіктер денесінде проценттің миллионнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға цезий, селен, кадмий, радий, күміс, сынап, алтын элементтері жатады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктің минералдық қоректенуі?

  2. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға айналуы?

  3. Өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуі?

  4. Өсімдіктер үшін ауаның маңызы.

  5. Өсімдіктер үшін қоректік заттардың маңызы.

  6. Жер шаруашылығын реттеудің принциптері.


25 - лекция

Тақырып :Май алынатын дақылдарға сипаттама.

Топырақ зоналарында жылу режимін реттеу әдістері
Жоспары :

1.Топырақтың жылу режимі

2. Талшықты өсімдіктер

3.Топырақтың жылу қасиеттері

4. Биологиялық ерекшеліктері
Лекция мақсаты: Топырақтың жылу режимі мен талшықты өсімдіктердің түрімен танысу.

Лекцияның мәтіні :


  1. Жылу - өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордың бірі. Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі мен тамырлары үшін температурының маңызы зор. Топырақ қабатында температура төмендеген кезде тамырлар жүйесі, ал көтерілген кезде өсімдіктің топырақ бетіндегі бөлігі жақсы дамиды. өсімдік тамырларының белсенділігі мен тіршілік әрекеті топырақ қабатындадағы температураға байланысты. Дәннің өне бастауы мен көктің пайда болуы үшін оптималды температура қажет.

Көптеген егіншілік аймақтарда дән түсетін тереңдіктегі топырақтың белгілі бір температураға дейін жылуын, тұқым себуге қолайлы мерзім ретінде пайдаланады.

Жылу топырақтың қажетті қасиеттерінің бірі. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді, өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай туады. Топырақ жылуды негізінен күн сәулесінен алады. Сонымен қатар жылу топырақтағы микробиологиялық процестерден, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақ құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен , су буының қоюланып суға айналуынан да пайда болады.

Күн нұрының әсерінен әр қилы топырақ түрліше жылынады. Ылғалы мол ашық түсті топыраққа қарағанда, қарашірікке бай, құрғақ топырақ анағұрлым тез жылынады. Құмдақ топырақ сазды топырақтан оңай жылынады.Температураның әсерінен топырақ бөлшектері әрдайым бұзылып отырады. Ауа – райының жағдайларына қарай топырақтың жылу тәртіптері де өзгереді. Топырақ қабатының жылынуы күн сәулесіне байланысты болады. Осы энергия көзінің әсерінен ондағы микробиологиялық процестер де жақсы жүреді. Күн сәулесінің, әсіресе ультракүлгін сәулесі микроорганизмдерге жойқын әсер етеді.Ғылыми деректерге қарағанда өсімдіктер суды өздері салқындау үшін буға айналдырады екен. Ал булану үшін көп жылу қажет. Топырақтағы пайдалы микрорганизмдер жоғары және төменгі температураға мейлімше төзімді, әйтседе олардың тіршілігі үшін ең қолайлы температура 25-30 0 С болып саналады.Топырақтың бұл температурасы мәдени өсімдіктер үшін де қолайлы. Топырақтың температурасы төмендегенде, олар өзінің тіршілік әрекетін күрт тежейді., ал көктемде топырақ қайта жылынғанда олар бұрынғы қалпына келеді.

2.Топырақтың күн сәулесі әсерінен жылынуы оның қай жерде орналасқанына да байланысты болады. М/ы, таулы жерлерде, оңтүстік баурайда кездесетін топырақтар басқаларға қарағанда жақсы жылынады, шығыс және батыс баурайдағылар орташалау, ал солтүстік баурайдағылар бәрінен де солғын жылынады.

Топырақтың жылуы су және ондағы ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып ( қызғанда ), біресе кішірейіп

( суығанда ) отырады., ал мұның өзі оның тез үгілуіне себепкер болады.

Топырақтың қыс кезеңдерінде жылы сақталуына, оның бетінде қардың көп жиналуы септігін тигізеді, ал қардың көп жиналуына өсімдіктер әсер етеді.

Кейібір жағдайларда топырақтағы жылуды сақтау үшін оның беткі қабатын торфпен және де басқа қопсыған құрғақ затпен ( қалыңдығы 1.0-1.5 см шамасында ) жабады.Бұл үшін солтүстіктің қара топырақтарын және жылуды көбейту үшін торф қолданылады, ал оңтүстікте топырақ өте қызатындықтан, оларды біршама салқындату үшін астық бастырудан қалған қалдықтармен жабады, бұл тиімді.


Бақылау сұрақтары:

1. май алынатын дақылдардың түрлері?

2. Топырақтың жылу режимі?

3. Талшықты өсімдіктер?

4 .Топырақтың жылу қасиеттері?

5. Биологиялық ерекшеліктері?



26 - лекция

Тақырып :Көкөніс дақылдары.

Арам шөптермен күресу шаралары.
Жоспары :

  1. Арамшөптермен күресу шаралары

  2. Көкеніс шаруашылығы, дақылдары

  3. Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқылы жою


Лекция мақсаты: Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқылы жою түрлерін үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Алдын- ала жүргізілетін сақатандыру шараларыныың басты мақсаты – армшөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарының таралу жолдарына тосқауыл қою.

Бұл үшін арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею органдарының егістікке қандай жолдармен келіп түсетінін анықтап, соған қарсы шаралар жүргізу керек.

Кейбір арам шөптердің тұқымдары желкенді болады, солардың көмегімен олар басқа жақтан желмен ұып келеді. Сондықтан танаптың шекараларында, жол жиектерінде, егістікті қорғау үшін отырғызылғанағаштардың арасында және басқа жерлерде өсіп тұрған арам шөптерді гүлдегенше жою керек.

Суармалы жерлерде арам шөптердің тұқымдары су арқылы тарайды. Арам шөптер тұқымдарының бұл таралу жолын бөгеу үшін су жүретін каналдардың табаны мен қабырғаларын бетондау, немесе каналдан су танапқа шығатын жерлерге сол тұқымдарды тосатын сүзекі торлар қою, каналдардың жағасында өсіп тұрған арам шөптерді гүлденгенге дейін жою шараларын жүргізеді.

2. Арам шөптерді, олардың топырақтағы тұқымдары менвегетативтік көбею органдарын жою механикалық және химиялық әдіспен жүзеге асырылады.

Механикалық әдіс. Біріншіден, өсіп шыққан арам шөптерді әртүрлі топырақ өңдегіш машиналар мен құралдарды қолдана отырып, механикалық түрде жояды. Екіншіден, механикалық әдіс ауыл шаруашылық дақылдарынан босаған танаптағы арам шөптердің тұқымын жоюға бағытталады. Ол үшін топырақтағы арам шөптердің тұқымдары өніп өсуі үшін қолайлы жағдай жасалады

( топырақты қопсыту, суару және басқалар).

Содан кейін өніп шыққан арам шөптің буыны қатпай тұрып, түрлі топырақ өңдейтін құралдармен құртады. Бұл әдісті арам шөпті арандату деп атайды.Арандату әдісі республиканың оңтүстік, оңтүстік шығыс аймақтарында күзде негізгі және көктемде тұқым себер алдында алдында топырақ өңдеу жүйелерінде, ал Қазақстанның солтүстік облыстарында тек көктемгі егіс алдындағы топырақ өңдеу кезінде жүргізіледі.

Механикалық әдіспен арам шөптердің тұқымдарын жоюдың екінші жолы – жерді аудара жырту арқылы оарды топырақтың терең қабатына сіңіру. Бұлай еткенде арамшөп мүлдем өспейді, ал өніп- өскен күннің өзінде жер бетіне көктеп шықпайды.

3. Егістіктегі арам шөптер химиялық препараттар – гербицидтттердің көмегімен жойылады. Осы күні арам шөптерге қарсы қолданылатын гербецидтердің түрлері көп. Сондықтан оларды классификациялайды.

Гербецидтер арам шөптерге тигізетін әсері бойынша – жаппай әсерлі және талғамды әсерлі болып 2 топқа бөлінеді.

Жаппай әсерлі гербецидтер барлық өсімдіктерді жояды. Сондықтан олар егістіктен тыс жерлердегі – жолдың жиегіндегі, каналдардың жағасындағы және басқа учаскелердегі арам шөптерді құрту үшін қолданылады. Жаппай әсерлі гербецидтерге натрийдің үш хлорацетаты, тордон 22 К, далапон және басқалары жатады.
Бақылау сұрақтары:

1. Жаппай әсерлі гербецидтер?

2. Егістіктегі арам шөптер химиялық препараттар қолдану?

3. Гербецидтер арам шөптерге тигізетін әсері?


27 - лекция

Тақырып : Капусталар олардың түрлері.
Жоспары :


  1. Капустаның биологиялық ерекшеліктері және түрлеріне сипаттама

  2. Капустаның негізгі сорттарын топқа бөлу


Лекция мақсаты: Капустаның биологиялық ерекшеліктерін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Капуста қуатты жақсы тарамдалған тамыр жүйесі бар екі жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, етті қаудан қалыптайды капуста деген ат үлкен ірі қаудандардың түрімен байланысты. Көне Римнің капут – бас деген сөзінен шыққан.

Капуста суыққа төзімді дәндері – 2-3 0С көктей бастайды. Капустадан ерте өнім алу үшін көшет өсіреді. Сәір аының бірінші және екінші 10 күндігінде ашық жерге отырғызуға болады. Күзде бақшадан ашық жарық жер таңдап алып, капуста үшін көшеттік орын, белгіленген жөн. Қазан айының ортасында полиэтилен пленкасын жайып, оған шым мен шырынды қоспасын төгедіде қысқа қалдырады.

Капуста жарық суйгіш өсімдік. Сондықтан оны ашық участокта орналастыру қажет. Салқын және жауынды жаз капустаның кезі дегенді айтады. Бірақ ылғал тым мол болса, қаудандардың өсуі кешеуілдейді және олар ауру ға шалдығуға бейім келеді.

2. Өнім жинағанда қаудандарын кеспей қазып алған жөн. Қаудан тамырымен жақсы сақталады. Аяз соққан капустаны кесіп алуға асықпау керек. өйткені қаудан тамырында тұрып жібидіде қайтадан балауса күйіне түседі. Тұздау үшін сәл аяз соққан қаудандарды алған жөн болады.

Капустаның сан алуан түрлері бар, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар.



  1. ақбасты капуста – біздің елде ең көп тараған түрлерінің бірі.

  2. брюссель капустасы

  3. кольраби капустасы

  4. түсті капуста

  5. брокколи капустасы

  6. қызылбасты капуста

  7. савой капустасы

  8. пекин және қытай капустасы



Бақылау сұрақтары:

1. Жеміс – жидектер түрлерін?

2. Капустаның құрылысы мен формасының ерекшеліктері?

3. Капуста суыққа төзімділігі?



28 - лекция

Тақырып :Жеміс – жидектер.
Жоспары :

  1. Жеміс жидектердің тарихы.

  2. Қысқаша биологиялық сипаттама


Лекция мақсаты:
Жеміс жидектердің тарихын оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1.Жемістер мен жидектер өздерінің тағамдық қасиетімен көкеністерді сәтті толықтырады. Бұлар көбіне сло бір заттардың көміртегінің органикалық қышқылдардың , минералдық тұздардың, пектиндердің, клечаткалардың, белоктардың көзі болып табылады. Ал көміртегі көкеністерде негізінен бояу ыдырайтын крахмал күйінде кездеседі, жемістер мен жидектер де глюкоза фруктоза сахароза күйінде кездеседі. Бұлар бойға анағұрлым тез сіңеді.

Жемістер мен жидектерде көкеніске қарағанда органикалық қышқылдар айтарлықтай көп болады мысалы лимон, алма , яньтарь т.б . олар ас қорыту сөлдерінің қорытылуына бөлінуіне және перистальтиканың күшеюіне әсер етеді.

Дәмі мен хош иісі жағынан әр алуан жидектер мен жемістер жас, мұздатылған, кептірілген жіне өңделген күйінде тамаша диеталық және емдік профилактикалық азық ретінде қолданылады. Олардан джемдер, павидлолар, компоттар, шырындар, пастилалар, тосаптар, мусстар жасалады. Мұздатылған жидектер жас жемістердің пайдалы заттарын дәмі мен хош иісін сақтайды. Жемістер мен жидек шырындары витаминдік сергектігі жағынан өте бағалы. Қарақаттың, таңқурайдың, шырғанақтың қаражемісті шетеннің жаңа тосабы жұртқа белгілі болып келеді.

Егістік жердегі топырақ ылғалдылығы, ауа райының әр түрлі болуына байланысты, сол жерде өсетін овощтар мен қарбыздың сорттары да әртүрлі болады. Мәселен, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарының егістік жеріне түсетін қардың қалыңдығы 10-25 сантиметрден аспайды. Семей, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Павлодар, Алматы облыстарында қардың қалыңдығы 15-28 сантиметр, егістік жердің үстіңгі қабатындағы топырақ ылғалдылығы 142-159 миллиметрден келеді. Демек, төменгі аталған облыстарға қарағанда көбірек.

2. Өсімдіктің вегетативтік дамуы кезінде егістік жерге түсетін ылғал мөлшері де бірдей емес. 1969-1974 жылдары агрометеоролгиялық бақылауларға қарағанда, аталған облыстарда ылғал жалпы алғанда 125-173 миллиметр мөлшерінде болған. Соған байланысты, жаз айларында өсімдіктің толық дамуы үшін оны қолдан суаруға тура келеді. Оған 106-154 күн керек. Бұл мерзімде овощтар мен қарбыз түгелдей пісіп, өсіп жетіле алмайды. Алқарбыздың пісіп жетілуіне 106-жылы күн жеткіліксіз. Көптеген облыстарда қарбыздың ерте пісетін сорттары ғана егіледі. Осыған орай овощтар мен қарбызды егу мерзімі барлық облыстарда бірдей емес, бірінде ерте, басқаларында кеш егіледі. Мысалы: Павлодар облысында апрель айының жылылығы-5-8 градус, Ақтөбеде-8,6 градус, Семей облысында-6-8 градус, Қостанай облысында-7-8 градус; Алматы облысында -12,0 градус. Ауа райының жылылығы осындай дәрежеде болғанда овощтарды егуге болмайды, егілген тұқым өнбей қалады. Ал Қызылорда, Жамбыл, Шымкент облыстарында апрель айында күн +13,1, +13,8 градусқа дейін жылы болады. Қарбыз тұқымы себілгенде осындай жылылық болса, тұқым жер бетіне өніп шыққанша ол +18,7, +20,6 градусқа жетеді. Мұндай жағдайда егілген тұқым тез арада жер бетіне өніп шығады.

Басқа облыстарда ауа райының жылылығы 5,8-12,0 градусқа дейін болғанда овощтарды себуге болады. Апрель айының ішінде мұндай жылылықта қарбыз тұқымын егуге болмайды. Бұларда май айының бірінші, екінші немесе үшінші онкүндігінен бастап қарбыз тұқымы себіледі. Мысалы, Ақтөбе, Орал, Павлодар облыстарында ттұқым майдың үшінші онкүндігінен бастап себілсе қарбыздың тез пісетін және орташа кезде пісетін сорттарының ғана өсіп дамуына мүмкіншілік болады. Ал кеш пісетін сорттардың өсіп дамуына ауа райының жылылығы жетіспейді. Мәдени дақылдың көктеуіне, өсуіне ауаның жылылығы күшті әсер етеді.

Ауа. Пияз басқа дақылдарға қарағанда салқынға төзімді. Тұқымы 1-2 градус жылылықта көктей береді. Ауаның жылылығы жоғарылаған сайын көктеу қарқыны арта түседі. Тұқымы себілгеннен кейін жылылық температура төмендесе де бір айға сақталып, өнгіштігін жоймайды. Жылылық 14-15 градус болғанда екі жетінің ішінде, 20-22 градус болса 6-80 күннен кейін көктеп шығады. Көктеп шыққан жас өскіндер -1-3 градус салқындыққа шыдайды, -5 градусқа жетсе көктеп шыққан көктері солып қалады.

Егер дұрыс қолданылса жеміс – жидек консервілерінде витаминдердің, минералдық тұздардың органикалық қышқылдардың едәір бөліктері сақталады.


Бақылау сұрақтары:

1. Өсімдіктің вегетативтік дамуы?

2. Егістік жердегі топырақ ылғалдылығы?

3. Жемістер мен жидектер өздерінің тағамдық қасиеті?



29 - лекция

Тақырып :Жеміс – жидектерді көбейту жолдары.
Жоспары :

  1. Жеміс – жидектерді көбейту түрлері.

  2. Жеміс беру үшін керек биологиялық жағдайлар.


Лекция мақсаты: Жеміс – жидектерді көбейту түрлерін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Бүлдірген . Бау бүлдірген – барлық континентте көп өсірілетін жидек өсімдіктерінің ішіндегі әр жақты медицина дәрулерінің ежелден белгілерінің бірі болып табылады.

Бүлдірген – ең ерте пісетін жидек дақылы болып келеді. Ол тез жеміс берумен ерекшеленеді , ал ремонтанттық , яғни үздік жеміс салатын сорттарынан жидектерді кеш алуға болады.

Бүлдіргенді егіп өсіру оны көбейту жолдары 1 – 2 жылдық бұтадан жас , тамырланған өсімдікті алу керек. Отырғызғанннан кейін 1 – 2 жылда жеміс сала бастайды.

Таңқурай.

Кәдімгі таңқурай жемісінің шипалылығы антик заманнан белгілі. Оның емдік қасиетері ескі орыс дәрі дәрмек кітаптарында жазылған.

Таңқурай раушан гүлдер тұқымдасы бұталы өсімдік болып табылады. Биіктігі – 1 – 1,6 м, сабақ бұтақшалары екі жылдық, бірінші жылғы сабағы жасыл түсті жіңішке, тікенекті және жапырақ қолтығында бүршіктері болады.

2. Таңқурайды қосалқы тамырларға шығатын атпа бұтақшалар арқылы өсіреді көбейтеді. Отырғызу үшін жақсы өнген атпа бұтақшаларды іріктеп алады. Сабақ – бұтақ шалардың ұзындығы 50 – 100 см, тамыр жүйесінің ұзындығы 12 – 20 см болуы керек. Кейде таңқурайды қалемше арқылыда өсіруге болады.

Қожақат түрлерінің көбеюі көбіне төбесіндегі бүршіктердің тамырлануы арқылы өніп - өседі.

Қызыл қарақаттың көбею жолы мынандай. Тиімді жолы – көлденең көген сабақтарды тамырландыру арқылы көбейтуге болады.

Қара қарақат , қарлыған, шие, қара жемісті шетен, шырғанақ, зерек, өріктерді, алхоры, алма ағашы алмұрттарды көбейту, жүзім күн дақылын көбейту, итмұрын, шипалы ағаштарды көбейту жолдары сияқты түрлердің өз ерекшеліктеріне қарап көбейтіледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Бау бүлдіргенінің маңызы?

2. Қызыл қарақаттың көбею?

3. Қара қарақат , қарлыған, шие, қара жемісті шетеннің көбеюі?

30 - лекция

Тақырып : Мал шаруашылығы негіздері.
Жоспары :


  1. Халық шаруашылығындағы мал шаруашылығының маңызы

  2. Республикамыздағы мал шаруашылықтарының ерекшеліктері мен маңызы.


Лекция мақсаты: Халық шаруашылығындағы мал шаруашылығының маңызын оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Қазақстанда мал шаруашылығы қарқынды дамып отыр. Олардан алынатын сүт өнімдері, тері, жүндері, ет тағамдары өте бағалы сапалы дәрежеде өндіріліп жатыр.

Мал шаруашылығы мен бабаларымыз бұрыннан айналысып келген. Одар төрт түлік мал ұстап өз қажеттерін бүтіндеп отырған.

Мысалы : жылқы малы, ірі қара малы, қой, ешкі, түйе малын қолда баптап өсіріп қажеттеріне жаратқан.

Жылқы . Жылқы малы өте сезімтал еті дәрі, сүті бал, қымызы ем болып келген қазақ халқы ерекше бағалайтын жануар. Қой. Қой оныда өте бұрыннан қолда өсіріп, етін, сүтін, жүнін және терісін пайдаланып өз қажеттеріне қолданып келеді.

Тағы сол сияқты ірі қара мал, шошқа шаруашылығы, бағалы терілі аңдар, балық шаруашылығы, малдарға қойылатын тәжірибелік жұмыстардың маңыздылығы жөнінде.

2. Біздің еліміздің териториясында жабайы қояндардың төрт түрі кездессе соның үш түрі Қазақстанның кең байтақ жерінде таралған. Олар ақ, ор, және құм қояндары. Қояндар еті мен терісіне бола ауланатын аңдар болып саналады. Ақ және ор қояндарының қоры өте мол келеді. Қояндарды шаруашылықта өсіру өте қолайлы және өте өсімтал келеді. Ор қояны қояндардың ішіндегі ең ірісі. 53 – 59 см, салмағы – 4 – 7 кг, ор қоян Қазақстанның торғай, Қызылорда, Орал, Қарағанда, Павлодар, Чапаев аудан облыстарында кең тараған.

Ақ қоян мөлшері жағынан орташа салмағы 2,5 – 5,5 кг, негізінде Қазақстанның солтүстік – солтүстік – шығыс бөлігінде Костанай, Көкшетау, Целиноград облыстарында кең тараған.

Бағалы терілі аңдардың негізгі биологиялық ерекшеліктері , көбею жолдары, оларды ұстаудың ерекшеліктері алуан түрлі болып келеді. Аңдардың түрлері өте көп кездеседі. Олардың бір түрлері дертке шипа ретінде биологиялық ерекшелігімен ажырап тұрады, ал екінші біреуі терісі мен аса пайдалы хайуанат болып ерекшеленеді.

Ерте заманнан ақ ата бабаларымыз түрлі өсімдіктердің және жануарлардың өнімдерінен ауруларға ем үшін қолданған. Әсіреме Шығыс медицинасында кең қолданылған.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанда мал шаруашылығы?

  2. Жылқы малының қасиеті?

  3. Біздің еліміздің териториясында жабайы қояндардың таралуы?



Пайдаланатын әдебиеттер :
1. Вашенко И. М. Ланге К. П. Практикум по основам сельского хазяйства М. 1975 г.

2. Голубев В.Д. Меркулов М. П. Основы сельского хазяйства М. Просвещение

3. Порушко М. А. Морков В.М. Овощеводство М. Колос 1965 г.

4. Воробьев С,А. Ред. Земледелие с основами почвоведении и агрохимии М. 1973г.

5. Иванкин В.К. Животновотства Просвещение

6. Ланге К.П: Плодоводство М. 1963 г.

7. Майсурян Н. Плордоводство М. 1964 г.

8. Подгорный П. Ред. Растеноводство М. 1967 г.

9. Русанов В. Овощеводство

10. Зайдельтон Ф. Мелорация заболеченность почв насреднеземной зоны РСФС М. 1981г.

11. Глинка К. Почвоведение Сельхоз ГИЗ 1932 г.

12. Захаров С. Кратки курс практическии занятии по почвоведению 1929 г.

13. Фирасова Т. Методы определение качества семян СЕЛЬХОЗ ГИЗ 1932 г.

14. Тазабеков Т. Практикум по почвоведению А. 1970г.

15. Шевцова А. Лабороторно – практические занятия по растеноводству. Минск 1972

16. Илюхин Г. Ашимов Т. Програмирование обучение студентов по некотрым разделом основы сельского хазяйства А. 1990 г.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет