Биология кафедрасы



бет110/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#123539
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137
Байланысты:
Биология кафедрасы

Энурез. Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі балаларда болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. Екі жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі де рефлекторлы еріксіз несеп шығару тоқталуы тиіс. Бірақ сәбилердің 5-10 %-ыңца 13-14 жасқа дейін түнде рефлекторлы еріксіз несеп шығару, яғни энурез байқалады. Несептің тоқтамауы немесе энурез (грек. ен — шығамын + ур - несеп) баланың ерекше ауруларының бір түрі. Ол ерте балалық шақта жиі кездеседі және ұзақ, кей кезде ем қонбайтын, кейде өткінші, жыныстық жетілу кезінде өзінен-өзі тоқталатын сырқат. Бұл сырқаттың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Энурез кейде қуықтағы қабыну ауруларына, кейде бүйректің немесе нейрогендік себептердің әсерінен болуы ықтимал. Соңғысы психикалық дамудың кемшілігіне, немесе психикалық травмаға, немесе ауруға байланысты болуы мүмкін. Ондай балалар сүйіспеншілік көрсетуді, ересектердің немесе достарының мазағынан қорғауды қажет етеді. Ал баланы қорқыту арқылы қойғызамын деп тырысу мүлде жарамсыз әдіс.
Энурезі бар балаларды 4 топқа бөлуге болады: 1. Емделмейтін, тәрбиесі дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Олардың несебінің тоқтамау себебі, көбінесе баланың ұйқысының жөнсіз қатты болуынан болады. 2. Ұзақ сырқаттылар, бірақ дұрыс тәрбиелеп, тамақтандырып (сусынды аз ішкізіп) емдесе, басылатын сырқат, бұларда энурез жыныстық жетілу кезінде гормон түзілу қызметі реттелгеннен соң ұйқының терендігі жөнделіп, түнде несеп тоқтамауы жиі басылып кетеді. 3. Үнемі емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар. 4. Өте аз, анда-санда ғана энурез байқалатын балалар тобы. Энурез қыздардан гөрі ер балаларда жиірек байқалады. Бұл ауру кейде басқа аурулардың (мысалы, тері ауруының, ішек құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады. Сол сияқты, бүл ауру кейде жыныс мүшелерінің жағдайына байланысты туады, сондықтан балаларды жыныс мүшелерін таза ұстауға әдеттендіру керек. Әсіресе қыз балалардың жыныс мүшелерін жылы сумен жиі жуып, тазартып отырған абзал.Түнде несептің еріксіз шығуына жатар алдында сүйықты көп ішу де себеп болады. Ауруды емдеу арнайы диетаны ұстануға негізделеді. Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін тұзы аз тамақ (ет, жұмыртқа, май) ұсынылады немесе, керісінше, ұйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде жатарда тұзды су беруге болады.
2.Терінің құрылысы мен маңызы. Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы д е р м а және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Бүл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв үштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашьглады. Тер бездері алақан, мандай, қолтық, мойын, арқа және шаш терісінде көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәріңде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді жөне микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
3.Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшелігі. Тер бездері арқьшы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50 %, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Тердің сыбағалы салмағы 1,012-1,010. Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда жене ауыр еңбекпен шүғылданғанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Бүл кезде дененің жылуды ондіруі тежеледі, бүйрек капиллярларындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды.
Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін холинергиялық үштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын тер адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоцияның әсері кезінде байқалады.
Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең және көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады.
Жаңа туған сәбидің терісі өте жұқа, қалыңдығы 1,1 мм. 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды. Өсе келе коллагенді талшықтар көбейеді, ал созылғыш талшықтары 6 жастан кейін пайда бола бастайды.
Бала терісінде май көбірек болады. Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбеюі бәсеңдейді. Ересек адаммен салыстырғанда майлы клеткалар жаңа туған сәбиде 5 % көбірек болады.
Терінің температурасы нәрестелерде жоғарырақ және тұрақсыз келеді. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды.
Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, өйткені тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-6 жаста болады.
4.Тері мен шаш гигиенасы. Сыртқы жабын инфекциясының алдын алу.Тері гигиенасы. Тері майы, тер эпидермистің өлген клеткалары, теріге қонған заттар оны ластайды және бактерияға қарсылығын төмендетеді. Терінің керілуі оны қышытады, сөйтіп қасынуға мәжбүр етеді де аурудың дамуына жағдай жасайды (сыздауық, гидрадепит: ірің жара, экзема және басқа) .Паратифоз тобындағы микроптар жуылмаған қолдың терісінде алғашқы 10 минут ішінде негізінен өмір сүруге қабілетті болып қалады (5% өледі) ,ал мұқият жуылған қолда барлығы түгелге дерлік өледі (85% өледі). Сол себепті ауру тудырғыш микроптарға қолайлы жағдай туғызбау үшін қол-аяқ және бүкіл денені жиі-жиі жуып тұру керек. Таңертең бет пен қолды, ал кешке ұйықтар алдында аяқты жуу тері гегенасын сақтауға жатады. Бұдан өзге қолды күндізгі жұмыс аяқталған соң, түскі ас алдында, әр ас ішерден бұрын және қол кірленген кезде жуып, сүлгімен сүртіп, немесе «электр сүлгімен» мұқият кептіру керек. Балаларды жуындыру үйде ата-аналардың, ал мектеп-интернаттарда кезекші тәрбиешілдердің қадағалауымен өтуге тиіс. Жуыну бөлме температурасындағы суды падаланған жөн, өйткені одан жылы су бет пен қолдың терісін нәзіктендіріп, оның төмен температурағасезімталдығын арттырады. Бұндай жағдайда өлген эпителийдің жібететін, майды ерітіп, олардың жойылып кетуін жеңілдетедін сабынды қолданады.
Моншада, ванияда және душта жуыну гигиеналық талаптарға сай-аптасына кем дегенде бір рет, ал жазда 2-3 рер, ектеп жасына дейінгі балалар 2 күн сайын , емшектегі балалар күн сайын болуы қажет. «Балалар» сабыны немесе теріні тітіркендірмейтін басқа сабындары пайдалану керек. Шынығу мақсатында жылы сумен, ең соңында салқын сумен шайну қажет.
Ортаңғы және жоғары класс оқушылары жүрек-қан тамырларының жай-күйін ескере отырып, булы монша баруларына болады. Осының барлығы терінің қызметін жақсартады. Алайда, булы моншадан соң суық сумен жуынуға және ашық су көздеріне шомылуға болмайды.
Жылыдан суыққа күрт ауысу суық тиып қалуға әкеліп соғуы мүмкін және теріде өте ұсақ жарықшақтардың пайда болуына жағдай жасап, кір жоқ болса да қышындырады.
Теріні таза суақтау үшін жуынған сайын іш кмімдерді, ал аптасына бір рет төсеніштерді алмастырып отыру жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет