Биология кафедрасы


Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының



бет8/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#123539
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137
Байланысты:
Биология кафедрасы

Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының зерттеу әдістері.
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи жоне лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.
Бақылау әдісі - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И. П. Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі "тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды". Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бүл әдіс басқа зерттеу әдістері мен бірге организмнің жас ерекшеліктерін аныктауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе – мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады. Айталық, баланың кору қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет