«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар



бет43/72
Дата07.02.2022
өлшемі181,53 Kb.
#94397
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
7fdfac23-3305-11e3-9d7d-f6d299da70eeБОЛМЕ ОСИМДИКТЕРИ УМКД

Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің систeматикалық, географиялық, экологиялық сипаттамасымен танысу
Дәріс мазмұны: Үй өсімдіктерін өсіру жер шарын мекендейтін барлық елге кең тараған. Қазір мақпалдай құлпырып, гүл жайнап, шешек атып сағат сайын құбылып тұрған үй өсімдіктерінің алуан түрлерін бөлме терезелері алдынан, магазин витриналарынан, қысқы бақша сарайларынан, мектептерден, балалар үйлерінен, асханалардан, кинотеатр залдарынан, ауруханалардан, санаторийлардан, завод – фабрика цехтарынан, басқа да қоғамдық орындардан күнде кездестіреміз. Үйде өсімдік өсіру адамзатқа, біріншіден, өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін білу және сыртқы табиғаттың оларға тигізетін әсерін байқау үшін қажет болса, екіншіден, жасыл әлемнің өсу, көбейю зандарын үйрену, әсіресе мектеп оқушылары үшін өте қажетті де көрнекті құрал.
Бөлме өсімдіктері бір-бірінен өте әдемі гүлрендерімен немесе жапырағының түсімен пішінімен немесе жалпы кеңістікте орналасу және адам өміріндегі кейбір маңызы мен ерекшеленеді. Осыған байланысты бөлме өсімдіктерін бірнеше топтарға бөледі: әдемі гүлдейтін декоративті бөлме өсімдіктері, декоративті жапырақты бөлме өсімдіктері, лианалы бөлме өсімдіктері, ампельді бөлме өсімдіктері, суккуленті бөлме өсімдіктері.
Бөлме өсімдіктерінің маңызды ерекшеліктерінің бірі – олардың фитонцидтілігі. Көптеген декоративті бөлме өсімдіктері гүлдеу кезінде немесе олардың сабағымен жапырақтары химиялық активті заттарды бөледі: Алкалоидтарды, глукозиттерді, эфир майларын т.б. Алкалоидтар өзінің химиялық құрамына байланысты азотты қосылыстар олардың медициналық маңызы зор (Орехов, 1965). Эфир майлары хош иісті болып келеді. Олар ауада тез таралады. Осындай фитонцидті химиялық активті заттар адам өміріне микроорганизмдердің тіршілігіне әсер етіп, оларды жояды.
Фитонцидті бөлме өсімдіктерін биология пәнін оқытуда оқу материалы ретінде мектепте зор маңызы бар. Сондықтан, оқушылардың жұмысы мектеп сыныптарын бөлме өсімдіктерімен көгалдандырудан және мектеп теплициаларын ұйымдастырудан бастауға тиісті. Бұл жұмысты орындау, оқушылардан бөлме өсімдіктерінің түрлеріне байланысты, олардың географиялық таралуына және олардың өсу ерекшеліктеріне байланысты терең білімнің болуын қажет етеді.
Фитонцидті бөлме өсімдіктері табиғи материал ретінде өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктерін оқытуда кеңінен пайдаланылады. Осы ерекшелігіне байланысты, биология пәнін оқыту үшін, жыл маусымының барлық кезеңінде өте қолайлы оқыту материалы болып есептеледі. өсімдіктану пәнін оқытуда, өсімдіктердің анатомиялық, морфологиялық құрылысын және әр түрлі тұқымдастардың систематикалық ерекшеліктерін оқытуда пайдаланады. Бөлме өсімдіктерін биология пәнінде кеңінен пайдалану, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін қадағалап, бақылау ерекшелігін арттырады, сөйтіп оқушылардың ойлау қабілетін, яғни логикасын дамытады. Үйде өсірілетін өсімдіктің пайдалылығы олардың көркемдігі мен азын –аулақ жемісінде ғана емес, олар тұрғын үйдін ауасына тазартады. Өсімдіктер ауадағы көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін өзінен бөліп шығарады. Демек, өсімдік тұрғын үйдің зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.
Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олар көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Ал үйде өсірілетін өсімдіктер осы микробтардың тіршілігіне кері әсер ететін әр түрлі заттар бөліп шығарады. Оны ғылыми тілінде фитонцидтер деп атайды.
Үйде өсірілетін өсімдіктерін басым көпшілік тропиктік және субтропиктік Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Олардың тіршілік әрекеті, сыртқы пішіні осы бастапқы шыққан орындарының жағдайына бейімделіп қалыптасқан. Сондықтан үйде өсірілетін әр өсімдіктін ерекшелігін, оның тіршілігіне қажетті шарттарды білу үшін олардың әрқайсысының қайдан тарағаны, ондағы сыртқы ортаның жағдайлары жөнінде хабардар болу керек. (Тұрдиев, Беспаева, 1968)
Экватордың екі жағы ылғалды тропикалық орман болып келеді. Мұнда жылына 12000 мм дейін, орта есеппен 3600 мм жаңбыр жауады. Жылдық орташа температура +25 -28 жылылықтың төңірегінде болады. Сондықтан да бұл жерлерде иін тірескен мәңгі жасыл ну орман өседі. Ағаштың түбі қара көлеңке болып тұрады.Күн сәулесі жетіспейді. (Туленцев, 1954)
Үйде өсірілетін фикус, монстера, фуксия, банан, пальма, бегония, папоротниктер, ландар т. т. осы ылғалды тропик ормандардан тараған. (Карнеев, 1967)
Тропиктік аймақтарда жауын - шашып онан да кем түсетін жазық далалық аудандар да бар. Бұл аудандарда биіктігі 3 - 5 м - ге жетеді шөптесін жуашық өсімдіктер өседі. Ағаш пен бұта өсімдіктері мұнда сирек кездеседі. Көптеген әдемі гүлдер кринум, гиппеаструм амариллис сияқты жуашықты өсімдіктер осы аудандардан таралған. Бұл өсімдіктер ауаның қуаңшылығын көтергенімен, жарықты, жылуды көп тілейді. (Родина,1962)
Тропиктік өңірлерде шөлді аймақтар көп. Мұнда жылына орта есеппен 200 мм – ден артық жаңбыр жаумайды. Бұлтты күндер жоқтың қасы. Жазы өте ыстық, ауасы құрғақ, салқын түспейді, қыс болмайды. Сондықтан да мұнда өсетін өсімдіктер тапшы судың өзін үнемді пайдалануға бейімделген. Олардың тамырлары өте тереңге кетеді. Кактустар, сүттігендер, агавалар, алоэ сияқты өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтары осы жағдайларға бейімделіп ұлпалық -тікенді болып өзгерген. Олардың үстін балауыз, кутикула басқан. Осындай өзгерістердің салдарынан кейбір агавалар, кактустар өздерінің ұлпа жапырақтары мен сабақтарында 200 – 300 л - ге дейін су сақтай алады. (Дьяконов, 1953)
Үй жағдайында өсіргенде мұндай өсімдіктер жарықты, жылуды қажет етеді. Қысқы уақытта олар тұрған бөлменің температурасы +20 -12 шамасында болу керек, өсетін топырағы қышқыл болмауы қажет. (Карнеев, 1957)
Үй жағдайында әдемі жапырақты және әсем гүлді абутилон, трахикарпус, лавр, самшит, аукуба, олеандр, камелия, рододендрон, азалия, магнолия, қылқан жапырақты секвоя, тисс, туя, араукария, кипарис, тағы басқалар өседі, бұлардың барлығы да субтропиктік елдерден таралған. ( Киселев, 1964 )
Субтропиктік елдерге Шығыс Азия, Жапония, Бирма, Индия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия, Африка, Оңтүстік Европа жағалаулары жатады. ( Ветлина, 1952 )




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет