Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары 2015-2016 оқу жылы 11 сынып І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-35
1.Лейкопласта болмайды:
а/АТФ синтезі, б/гликоген синтезі, в/нәруыз синтезі, г/крахмал синтезі.
2.ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың оңтүстік шатаындағы халықтарда негізгі қорегі жүгері болғандықтан, пеллагра ауруы .......................тапшылығынан пайда болды.
а/май қышқылы, б/никотин қышқылы, в/мырыш, г/холин
3.Дальтоник ерлі-зайыптылар, әкесі де дальтоник отбасында ұл дүниеге келді.Оның да дальтоник болу ықтималдығы.............пайызды құрайды:
а/25%; б/50%; в/100%; г/75%.
4.Митохондрия кристалары болып табылады:
а/РНҚ –сы бар нәруыз жиынтығы, б/ішкі мембрана қатпарлары, в/күрделі нәруызды жиынтық, г/сыртқы мембрана қатпарлары
5.Төмендегі берілгендерден полимерлерге жатады:
а/рибосома, б/АТФ, в/АДФ, г/жасунық
6.Берілген элементтерден тірі жасушада көбірек кездесетіні:
а/калий, б/хлор, в/сутегі, г/натрий
7.Алғаш тамырлы өсімдік пайда болды:
а/ палеозойда, б/мезозойда, в/протерозойда, г/архейде
8.Лизосоманың атқаратын қызметі:
а/полимерлерді мономерлерге дейін ыдыратады, б/жасушаны қозғалысқа келтіреді, в/полисахаридтерді синтездейді, г/АТФ түзуге қатысады.
9.Гидрофобты заттарға жатады:
а/В12 витамині, б/С витамині, в/А витамині, г/В1 витамині.
10.Қара аталық мысықты сары аналық мысықпен шағылыстырғанда ұрпағы:
а/барлық аналық мысық сары, б/ барлық аталық мысық сары, в/ барлық марғаулар қара, г/барлық марғаулар сары.
11.Жасушаның қай түрі лизосоманы оқытуға мүмкіндік береді.
а/макрофаг-жасушасы, б/жүйке жасушасы, в/өсімдік жапырақ жасушасы, г/бұлшықет жасушасы
12.Мейоз нәтижесінде түзіледі:
а/2 диплоидті жасуша, б/4 диплоидті жасуша, в/2 гаплоидті жасуша, г/4 гаплоидті жасуша.
13.Сүтқоректілердің зәр түзу кезінде фильтр шумағында қандай заттар кездеспейді:
а/глюкоза, б/несепнәр, в/плазмадағы нәруыз, г/амин қышқылы
14.Ажырау қатынасы 3:1 болуы көрінеді :
а/екі гетерозиготалы дараның толымсыз доминанттылық кезінде, б/екі гомозиготалы рецессивті дарада, в/екі гомозиготалы доминантты дарада, г/екі гетерозиготалы дараның толық доминанттылығында.
15.Полиплоидтар пайда болады:
а/гендік мутацияда, б/үйлесімді өзгергіштікте, в/хромосомалық мутацияда, г/геномды мутацияда.
16.Жоғары жатынды гүл болады:
а/кәдіде, б/бақ-бақта, в/асбұршақта, г/алмұртта
17.Қай өсімдікте кіндік тамыр жүйесі:
а/лалагүлде, б/сүмбілде, в/нәркесте, г/шырай гүлде.
18.Асбұршақ мұртшасы бұл- түрі өзгерген:
а/бөбежапырақ, б/күрделі жапырақтың жапырақшасы, в/бүйірлік өркен, г/ бұйыққан бүршік
19.Шалқан жемісі аталады:
а/түйнек, б/бұршаққын, в/тамыртүйнек, г/тамыржеміс
20.Кобальт құрамына кіреді:
а/гемоглобиннің, б//В12 витаминінің, в/инсулиннің, г/ТРНҚ-ның.
21.Қандай құстар түлеу кезінде ұшу қабілетінен айырылады:
а/ләйлектер, б/колибрилер, в/қаздар, г/торғайлар
22.Қандай ұлулардың ішегі жүрек қарыншасы арқылы өтеді:
а/тіссіздер, б/тоспа ұлу, в/жүзім ұлуы, г/кальмар.
23.Қандай бунақденелілердің дернәсілінде буынаяқтары болмайды:
а/қабыршаққанаттыларда, б/қатқылқанаттыларда, в/жартылай қатқылқанаттыларда, г/қосқанаттыларда.
24.Жалпақ сүйек аталады:
а/сан сүйегі, б/төссүйек, в/шынтақ сүйек, г/асықты жілік.
25.Митоз процесінде ядрошық түзіледі:
а/анафазада, б/метафазада, в/профазада, г/телофазада.
26.Эритроциттер бұзылады:
а/тимуста, б/сары жілік майында, в/көкбауырда, г/ұйқы безінде.
27.Жасуша қаңқасын түзетін микротүтіктер мен жіпшелер орналасады:
а/ядрода, б/вакуольде, в/лизосомада, г/цитоплазмада.
28.Нәруыз биосинтезін қамтамасыз ететін біртекті рибосомалар жиынтығы жасушада болады.
а/эндоплазмалық торда, б/плазмалық мембранада, в/лейкопласта, г/цитоплазмада.
29.Су молекуласының протонға және оттек атомының электрондарға ыдырау процесі аталады:
а/гликолиз, б/фагоцитоз, в/метаболизм, г/фотолизі
30.Нәруыздың бір полипептидтік тізбегін бақылайтын ДНҚ молекуласының кесіндісі аталады:
а/нуклеотидтер, б/триплет, в/генетикалық код, г/ген
31.Жануарлар дамуының қай түрінде ата-анасы мен ұрпағы арасындағы бәсекенің әлсіреуі.
а/тура дамуда, б/түрленіп дамуда, в/ұрықтық дамуда, г/ұрықтан кейінгі дамуда.
32.Тамақтандыру мөлшерін жақсарту арқылы шошқа салмағының артуы-өзгергіштік себебі:
а/модификация, б/салыстырмалы, в/мутациялық, г/геномды.
33.Табиғи сұрыпталу әрекеті қандай элементарлық құрылым деңгейінде байқалады.
а/түрлерде, б/организмде, в/популяцияда, г/биоценозда
34.Адамдағы атавизмге мысал:
а/көпемшектік, б/үшінші қабақ, в/омыртқа, г/сүт безі
35.Қайың мен ағашқұлақ арасындағы биотикалық байланыс қай түрге жатады:
а/симбиоз, б/паразиттік, в/бәсекелестік, г/жыртқыштық.