5.Әдістер мен оқытудың тәсілдері:
Аралас-әдіс:
Видеоәдіс
Жағдайлық есептерді шығару
Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, жазбаша тексерілетін билеттер, силлабус.
1. ОСӨЖді ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді ОСӨЖдің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖге тапсырма береді:
Үйге тапсырма: Ферменттер
Ферменттердің жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттердің активтілігін реттеу. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар: жіктелуі, түзілу орны және жеке өкілдерінің каталитикалық әсері.
Келесі ОСӨЖге өздігінен дайындалуға берілетін сұрақтар:
Ферменттер туралы түсінік.
Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің әсер ету ұқсастықтары
Ферменттердің жалпы қасиеттері.
Ферменттердіңхимиялық табиғаты.
Ферменттердің құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екікомпонентті) ферменттер.
Ферменттің активті орталығының құрылымы, оның рөлі.
Ферменттің аллостерикалық орталығы деген не , оның рөлі.
Ферменттердің әсер ету механизмі
Ферменттердің арнайылығы: а) субстратты б) арнайылық әсері.
Субстраттыарнайылықтың түрлері.
Ферменттердің әсер ету қуаттылығы.
12. Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы. Мультиферменттік комплекстер, түрлері және маңызы.
13. Ферменттердіңактивтіліктеріне әсер етуші факторлар (температура, ортаның рН, фермент және субстрат концентрацияларының эффекторлары).
14. Ферменттердіңактивтіліктерін ингибирлеушілер:
а. конкурентті (бәсекелес)
б. бәсекелес емес ингибирлеушілердің және активтеушілердің типтері.
15. Ферменттердіңжіктелуі және номенклатурасы.
16. Гидролазалар, жалпы сипаттамасы. Негізгі топшалары: эстеразалар, гликозмдазалар,
пептидгидролазалар
17. Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдары түзетін күрделі эфирлік байланыстарды үзетін эстеразалар (липазалар, А1,А2фосфолипазалар), фосфоэстеразалар (С, Д фосфолипазалар, АТФ-азалар, глюкозо-6-фосфтатаза) шоғырлануы, каталитикалық әсері.
18. Гликозидазалардың негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, шоғырлануы, каталитикалық әсері.
19. Пептидгидролазалар: эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопепетидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), шоғырлануы, каталитикалық әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |