1) Күрделі белоктардың: глико-, хромо-, нуклеопротеиндердің құрылысы, қасиеттері және ролі туралы білім қалыптастыру.
2) Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу жолымен коммуникативті дағдыларын жетілдіру
Оқыту міндеттері: Гликопротеиндердің құрылысын, қасиеттерін, маңызын, жіктелуін қарастыру.
Хромопротеиндердің жіктелуін, жеке өкілдерінің құрылысы мен маңызын қарастыру.
Нуклеопротеиндердің құрамы мен қасиеттерін, нуклеин қышқылдарының құрылысы мен құрылымдарын оқып-білу.
Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Гликопротеиндердің құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылығы, жеке өкілдері.
2. Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, қасиеттері, маңызы.
3. Нуклеопротеиндердің құрамы мен қасиеттері. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен құрылымдары.
Оқыту әдістері мен құралдары:
Аралас-әдіс (ауызша сұрау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау )
Оқыту құралдары: тақырып бойынша кестелер, схемалар, суреттер, тесттік тапсырмалар.
Бағаланатын құзырлылықтар: «Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына, блиц-сұраққа, тақырыпты ауызша сұрау кезінде студенттің тақтада жауап бергеніне қарай бағаланады.
Оқыту құралдары: оқу таблицалары, кестелер, тақырып бойынша суреттер, дәрістің электронды нұсқасы, тест тапсырмалары.
1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.