Биологиялық мәні бар элементтер немесе минералды заттар



бет2/6
Дата31.07.2020
өлшемі22,28 Kb.
#75728
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция макро-микроэлементы

Минералды заттар – яғни макро- микроэлементтер тірі ағзалардағы барлық маңызды процестердің сатыларында көптеген метаболиттік қызметтер атқару үшін керек, олар затттар алмасуына әсер етеді, біздің ағзамыздағы 50 000 биохимиялық процесстерді реттеуге қатысады.

Зерттеулерге сүйенетін болсақ, Жер бетінің 80% халқында микроэлементтердің дисбалансы (нормадан ауытқу) байқалады.



Дисбаланстың себептері: күйзеліс, ағзаға ас өнімдерінен микроэлементтердің жеткіліксіз мөлшерде түсуі, радиация, қоршаған ортаға уытты заттардың шамадан тыс түсуі (атмосфера құрамындағы көмірқышқыл газының концентрациясының жоғары болуы).

Микроэлементтердің созылмалы дисбалансы – ағза қызметтерінің күрделі өзгерістерге ұшырауына алып келеді, мысалы: иммунитеттің төмендеуі, эндокриндік және жүйке жүйесініндегі ретсіздік, психоневрологиялық өзгерістер, онкологиялық аурулар, мүшелер мен ұлпалардың зақымдануы. Мысалы, артық салмақтық - адам ағзасында хром, марганец, мырыш және йодтың жетіспеушілігінен болады. Егер бұл элеметтердің балансы қалпына келмейтін болса, онда азу немесе салмақты бір қалыпта ұстау қиынға түседі. Егер ағзада қандайда бір хиимялық элементтің көп мөлшерде жетіспеушілігін тек тамақ өнімдерінің көмегімен шешу мүмкін емес. Мысалы, селеннің орнын толтыру үшін 1,5 кг кокос жеу проблеманы шешпейді.

Макро- және микроэлемнттер (оттегі, сутегі, азоттан басқалары) ағзаға тамақ өнімдерін қабылдау арқылы түседі.

Макроэлементтер тірі ағзалардың негізін құрайды. Оларға, ағза құрамы үшін тәуліктік дозасы көбінесе 200 мг аса мөлшер ұсынылатын элементтер жатады. Адам ағзасына 12 макроэлементтер түсуі керек. Олардың төртеуін биогенді элементтер деп атайды, олардың ағзадағы саны айтарлықтай жоғары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет