Биологиялық мәні бар элементтер немесе минералды заттар


Микроэлементтердің ағзадағы рөлі туралы қысқаша сипаттама



бет6/6
Дата31.07.2020
өлшемі22,28 Kb.
#75728
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция макро-микроэлементы

Микроэлементтердің ағзадағы рөлі туралы қысқаша сипаттама.

Темір. Геиоглобиннің құрамна кіріп, қанның құрамын реттейді және ағзадағы тотықтырғыш процестерге белсенді қатысады. Тыныс алу және фотосинтез процестеріне де қатысады. Оттегін ағза мүшелеріне тасымалдаушы. Фтор. Тістің эмалін құраушы бірден-бір маңызды элемент. Мыс. Тыныс алу және фотосинтез процестеріне қатысады. Қан айналымында маңызды. Марганец. Жүйке жүйесінің қызметін қамтамасыз етеді. Хром. Көмірсутектің алмасуын реттейді және қанның құрамындағы қанттың деңгейін реттейді. Йод қалқанша безінің жұмысы мен құрылысына қатысады және гормондардың қызметін реттейді. Мырыш. Глюкозаны гликогенге айналдыру үшін қажетті инсулин гормонының компоненті болып табылады. Мырыштың көп бөлігі сүйектің құрамында болады, ол ағзадағы көптеген ферменттердің жұмысын қажет және қанның қызыл түйіршітерінің түзілуіне қатысады. Түнгі көру, жыныстық жетілу үшін қажет. Бүйректің құрамындағы А дәрумені тек мырыштың көмегімен ғана жұмысын атқарады. Аллюминий. Ұлпалардың қалпына келуі мен регенерация процесіне қатысады. Қорғасын. Қанның ұүрамындағы гемоглобиннің құрамын реттейді. Кейбір ферменттердің қызметін белсендіреді. Зат алмасуға қатысады. Жасушалардың бөлінуін стимулирует. Никель. Ағзаның гормондарды синтездеуіне қатысады. Инсулин гормонының ісерін белсендіреді және адреналиннің әсерін тежейді. Молибден. Ағзадан бос радикалдардың шығуын қамтамасыз етеді. Аминқышқылдарының синтезіне қатысады. Ағзадан артық темірді шығарады және фторды ұстап қалады. Селен. Йодтың сіңуіне қатысады, биологиялық белсенді заттардың компоненті болып табылады. Жүректің, бұлшық еттің құрамына кіреді. Селеннің ағзадағы қызметі – қорғаныш. Ағзадағы пероксидаза, гдютатион ферменттерінің негізгі компоненттері, олар ағзаны токсиндердің ыдырауында бөлінетін зиянды заттардан сақтайды. Ол бүйректе уытты заттарды залалсыздандыруға қатысады, сонымен қатар бұлшықет, тері, шаш, тырнақтың, көз ойығының түзілуіне қатысады.

Ағза дәрумендерді, макроэлементтер мен микроэлементтерді сіңіру процесінде әртүрлі компоненттер арасында антогонизм (кері әсер) немесе синергизм (оң әсер) беруі мүмкін.

Минералды элементтердің жетіспеушілігін тудыратын негізгі себептер:

- сапасыз ауыз су, дұрыс тамақтанбау немесе бірақ уақыт тамақтану;

- жердің әртүрлі аймақтарындағы геологиялық ерекшеліктер, яғни эндемикалық (жағымсыз) аудандар;

- қан кету кезінде минералды затардың көп мөлшерде жоғалуы;



- ішімдікті және кейбір дәрілік препараттарды шамадан тыс қолдану, нәтижесінде микроэлементтер жойылады;
Ультрамикроэлементтер.

Ультрамикроэлементтер тірі ағзалардың құрамында 0,0000001% болады. Оған бактерицидтік әсер ететін күміс, алтын жатады, сонымсен қатар сынап, платина, цезий жатады. Ультрамикроэлементтердің ағзадағы қызметі әлі толық зерттелмеген және түсініксіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет