Биотехнология негіздері


Жоғары сатыдағы дəрілік өсімдіктер



бет47/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Жоғары сатыдағы дəрілік өсімдіктер аз құнарлықта биоло-
гиялық белсенді қосылыстарға (флавоноидтар, терпендер, стероид-
тар, эфирлік майлар, глицерозиндік қышқыл, кумариндер,
алкалоидтар, т.б.) ие. Фитопрепараттар тіндер биомассасының
су жəне этанолдық сығындылары түрінде жəне биореакторларда
өсірілген өсімдік жасушаларының биомассасы түрінде басым,
олар: 1) қабынуға қарсы (мияшөп, андыз, түймедағы, сəлбен,
қызылмай, т.б.); 2) микроорганизмдерге қарсы (қырмызыгүл,




93
эвкалипт, шипалы май, шайқурай, суйелшөп); 3) иммундық 


күшейткіш (жень-шень, қытай серменесі, элеутерококк, каланхоэ,
дəрілік сермене, құстық самалдық, т.б.); 4) антиоксиданттық
(мияшөп, салсоколлин, диаскорея) қасиеттерге ие.
In vitro жағдайындағы өсірілетін жасушаларды ақуызды 
алу үшін пайдалану. In vitro жағдайында өсірілген жасушаларды
ақуыздарды алу үшін қолдану деген меселеде, ең алдымен
биология ғылымының дамуына байланысты, жасанды қоректік
орта жағдайында өсірілетін жасушаларды, яғни биологиялық
нысаналар мен процестерді қолдану арқылы қажетті өнімдерді
талабына сай ала бастады. Ферменттерді дəрілік зат ретінде
генетикалық немесе басқа да бұзылыстар салдарынан ұлпада
болмаған жағдайда пайдаланады немесе жағымсыз компонент-
терді, мысалы, зəр қышқылды ыдырататын агенттер ретінде
пайдаланады. Адамға қажетті табиғи ақуыздар – интерферондар
(α-β-γ), инсулин - асқазан асты безі Лангерганс аймағы үшін
негізгі ақуыз болып табылады. Оларды терапевтикалық қолдану
үшін жасанды жолмен алады. Қазіргі кезде адам интерферон-
дары ген инженерлік əдіспен алынады. Алғаш ген 1980 жыл-
дары алынған болатын. Содан бері бірнеше интерферондар
анықталды. Оларды 3 топқа бөлуге болады: ИФ α, ИФ β жəне
ИФ γ. ИФ α жəне ИФ β жасушаларда синтезделеді, ИФ γ жасуша
өсуін күшейтетін затқа жауап ретінде түзіледі. Адам интер-
ферондарды: гепатит С, түкті лейкоплазия, қуық ісігі, бас жəне
мойын ісігі – қатерлі меланома, ВИЧ –инфекция, СПИД,
цирвикальді дисплазия, папилома вирусты емдеу үшін (α 2а
интерферонды пайдаланады), созылмалы склероз, бүйрек ісігі,
созылмалы гранулематоз ауруларды емдеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет