Биотехнология негіздері



бет10/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары:
1.

Биотехнологияның даму тарихында қандай негізгі кезеңдері бар?


2. Биотехнологияның басқа ғылымдарымен қандай байланысы бар?
3. Биотехнологияның негізгі бағыттары мен міндеттері қандай?
4. Биотехнологияда қандай əдістер мен тəсілдер қолданылады?
5. Иммобилденген жасушалар мен ферменттер деген не?



18
ЕКІНШІ ТАРАУ 



ƏРТҮРЛІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ЖАСУШАЛАРЫН
IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРУ ƏДІСТЕРІ МЕН 
ПРИНЦИПТЕРІ 
2.1. Бионысаналар жəне оларды жасанды
жағдайында өсіру əдістері 

Биотехнологиядағы ғылыми-зерттеулер мен технологиялық


жұмыстарда нысаналар ретінде микроорганизмдер, жануарлар 
мен өсімдіктердің жасушалары мен тіндерді  пайдаланады. Іn 
vitro жағдайында өсетін жасушалар – жаңа жасанды жүйе, оның
бірнеше ерекшеліктері бар. Жасушаларды стерильды жағ-
дайында, қоректік ортамен қамтамасыз етіп, арнайы физика-
химиялық жағдайында, арнайы аспаптарда (биореакторларда,
колбаларда, пробиркаларда, мадженттарда, планшеттерде, фла-
кондарда) өсіреді.
Өнеркəсіптік масштабында қолданылатын микроорганизм-
дер бірнеше талаптарға сай болуы керек. Өндірістік микро-
организм топтарын 1987 жылы А. Воробьев төмендегідей көр-
сеткіштермен сипаттады:
- арзан жəне оңай қол жететін субстратта өсу;
- биомассаның жоғарғы өсуі жəне субстрат қорына өнімнің
жоғарғы болуы, өнімділікке тұрақты, генетикалық біртекті
болуы;
- бактериофагтарға, бөгде флораларға тұрақты болу;
- адамға, қоршаған ортаға зиянсыз болу;
- мүмкіндігінше продуценттер термофильді жəне ацидо-
фильді болуы керек, сонда бөгде микрофлора инвазиясынан
сақталады;
- пайдаланған субстраттан оңай бөлінуі керек.




19
Дайындау кезеңі штамм–продуцентті таңдаудан, оның өнім-


ділігін бағалаудан, яғни қажеті метаболиттің синтезін жылдам
жəне тиімді жүргізу қабілетінен, оның фаголизиске төзімділі-
гінен, рН өзгерісінен жəне температура тəртібінен, аэрацияға
төзімділігінен, тапшылықтың емес арзан қоректеніп ортада
жақсы өсу қабілетінен басталады. Осы кезең бүтіндей биоло-
гиялық нысанаға – «өндіріс күшіне» арналған. Одан кейін
зертханалық жағдайда ферментация сатысына беру үшін био-
продуценттің таза дақылы жиылады, бұл тұқымдық материалды
дайындау кезеңі. Қоректік ортамен биореакторға енгізілген
тұқымдық материал немесе штамм-продуценттің таза дақылы
бірден көбеймейді.
Микроорганизмдерді өндіру үшін микробиологиялық син-
тезге негізделген ферментативті үдірістер қолданылады. Фер-
ментация үдірісі арнайы жасалған жабдықтарда – биореактор-
ларда (немесе ферментаторларда, ферменттерде) жүзеге асады.
Өндіріс биореакторлар көлемі ондаған мың литрге дейін жетеді.
Ферментациялық жабдықтар - биореакторлар - цилиндрлік
сыйымды аппараттар болады, биіктігі диаметрінен 2-2,5 есе
артық, тотықпайтын құрыш материалдарынан дайындалады (2-
сурет). Аппарат ішінде əртүрлі типті араластырғыштар
орналастырылады – турбиндік, пропеллерлы – олардың көлемі
аппарат ішкі диаметрінің 1/3 бөлігін алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет