Бірінші айналым “Бәйге”. Бұл айналымда, дұрыс жауап беруден бұрын тетікті басуда жылдамдық танытасыздар және бір сұрақ 5 ұпайдан бағаланады. Дайын болсаңыздар, 1 айналымның сұрақтары: 1 айналым БӘйге



Дата31.01.2018
өлшемі83,27 Kb.
#37117



Қымбатты «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына жиналған көрермендер мен осы ойынға тәуекелін ту етіп келген ойыншылар!
Сіздерді ойынымызға шақырамыз,

Есепті шешкеніңізді ескереміз

Физика, Математика, Информатикадан,

Аз да болса білімдеріңізді тексереміз.


Бүгінгі біздің ойыншыларымыз:

1

2



3

4

5


Әділқазы армысыздар, алқалар.

Талай-талай шындық сізде бар табар!

Бағаларын ойыншының беретін

Қымбат бізге-билігі бар орталар:

1.

2.

3.


Енді ойынның ережесімен таныстырып өтейін. Ойын 4 айналымнан тұрады.

1 айналым “Бәйге”

2 айналым «Өнер алды қызыл тіл»

3 айналым «Дода»

4 айналым «Жорға»
Ал құрметті , ойыншылар! “Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер” дегендей додамызды бастайық.

Бірінші айналым “Бәйге”. Бұл айналымда, дұрыс жауап беруден бұрын тетікті басуда жылдамдық танытасыздар және бір сұрақ 5 ұпайдан бағаланады.

Дайын болсаңыздар, 1 айналымның сұрақтары:


1 айналым БӘЙГЕ

  1. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы/периметр

  2. Қандай үш натурал санның көбейтіндісі мен қосындысы тең? /1,2,3

  3. Сыныптағы 24 оқушының 6–уы қыздар. Қыздар сыныптағы барлық оқушылардың неше пайызын құрайды?/25 пайызы

  4. 8 дәптер 72 теңге тұрады. Осындай 12 дәптер қанша тұрады? /108 теңге.

  5. Сызғыштың төрт бұрышы бар. Оның бір бұрышын кесіп тастасақ қанша бұрыш болады? / бес бұрыш

  6. Ең алғашқы есептеуіш машинасы 1946 жылы АҚШ-та жасалынды. Ол қалай аталады?/Ениак

  7. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы./дисплей, монитор

  8. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы./пернетақта

  9. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы./сканер

  10. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан бастап дамыды?/ XIX ғасырдан басталды.

  11. Ылғал топырақ жарықты жақсы өткізеді. Неліктен? (Құрғақ топыраққа қарағанда жарықты жақсы шағылдырады.)

  12. Китте, дельфинде ультра дыбыстың көзі не? (Китте, дельфинде бас сүйегінің үстінде ауамен толтырылған өзіндік қапшық болады)

  13. Төбесіне жүк қойып көтеріп келе жатқан адамның пішіні сымбатты болып көрінеді. Неліктен? (ауырлық центріне сәйкес тепе-теңдік сақталады)

  14. Көптеген құстар бір ғана биіктікте қанатын қақпай-ақ қалықтап тұра алады. Неліктен? (ауа ағысы құстың қалықтап тұруын қамтамасыз етеді.)

  15. Неліктен рельс арасында саңылау қалдырады? (Жазды күні күн ысығанда ысыған рельс едәуір ұзарады, яғни деформацияланады. Саңылау деформация үшін қажет).

Әділқазылар алқасы! Ойыншылардың бағаларын берулеріңіз сұралады.

--------

Өкінішке орай ойынымыздың ережесі бойынша жинаған ұпайына сәйкес 1 ойыншы ойыннан шығады:

Ол--------------------------------------
Ескере кетейік

(аты-жөні) ---- - ұпай

(аты-жөні) ---- - ұпай

(аты-жөні) ---- - ұпай

(аты-жөні) ---- - ұпай

2 айналым «Өнер алды қызыл тіл»
Оймен қане, көк теңізін кешіңдер,

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі сұрақтар!

Айтылғанда зор аспани жұмбақтар,

Зейін салып, зердеменен шешіңдер.


2 айналымда (4 оқушының аты-жөні айтылады.)
Бұл айналымда берілген сұрақтың жауабын үш тілде, яғни қазақша, орысша, ағылшынша жауап бересіздер. Бұл айналымда да, дұрыс жауап беруден бұрын тетікті басуда жылдамдық танытасыздар және бір сұрақ 15 ұпайдан бағаланады

Дайын болсаңыздар, 2 айналымның сұрақтары:

1. Зал ішінде 90 орындық бар. Кешке келушілер көбейгендіктен орындықтар саны 2 есе арттырылды. Сондағы орындықтардың тоғыздан бірі бос қалды. Қанша орын бос қалды? /жиырма, двадцать, twenty

2. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы./пернелік тақта, клавиатура, keyboard

3. Өткізгіште электр өрісін тудыратын және ұзақ уақыт болуын қамтамасыз ететін не?/ток көзі, электропитания, power supplies

4. Квадрат пен ромбының периметрлері тең. Қай фигураның ауданы үлкен? /шаршы, квадрат , square

5. Электр тогы болуы үшін өткізгіш ішіне не туғызу керек?/электр өрісі, электро волны, electro wave

6. 0,1,2,3,4,5 сандарының қосындысы үлкен бе, әлде көбейтіндісі үлкен бе?/қосындысы, сложение, adding

7. Ток көзінде неше полюс болады? Олар қалай аталады?/екі, оң , теріс, /

два, положительный, отрицательный/ two, positive, negative

8. деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз ететін компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған құрылғысы қалай аталады?/жүйелік блок, системный блок, superblock
Әділқазылар алқасы! Ойыншылардың бағаларын берулеріңіз сұралады.

Өкінішке орай ойынымыздың ережесі бойынша жинаған ұпайына сәйкес 1 ойыншы ойыннан шығады:

Ол--------------------------------------
Ескере кетейік

(аты-жөні) ---- - ұпай

(аты-жөні) ---- - ұпай

(аты-жөні) ---- - ұпай



3 айналым ДОДА
Архимед, Паскаль, Ньютондай жаңалық ашар,

Болса үміткер, осы ойында үлес қосар.

Ұлы математик, информатик, физиктің ізін басар

Біздерде бар ма екен талапкер?!


3 айналымда (3 оқушының аты-жөні айтылады.)
Бұл айналымда 12 ұяшықта математика, физика, информатика ғылымдарына байланысты сұрақтар беріледі. Ұяшықтардың кез келгеніндегі сұрақтарға жауап беріп, сәйкес 20, 30, 40, 50 ұпайларына ие боласыз.

Дайын болсаңыздар, ұпайы жоғарыдан төмен ұпай жинаған ойыншыларымыз кезекпен жауап береді. Жоғары ұпай жинаған ------------------




  1. Келесі көпжақтарды атап шық/икосаэдр, куб, додекаэдр

  2. Сағаттың сағаттық тілі мен минуттық тілі күніне неше рет кездеседі? /22 рет

  3. Үш шыбын бір мезгілде үш жаққа ұшып кетті. Олар бір жазықтықтың бойында жата ала ма? /үш нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады, яғни үш шыбын бір жазықтықтың бойында жатады.

  4. Бейне фильм /

  5. 1694 жылы немістің атақты ғалымы Лейбниц өзінің механикалық есептеу машинасы –арифмометрді құрастырды. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін қандай құралдың негізі?/калькулятор

  6. 1833 жылы «Аналитикалық машинаның» жобасы жасалынды. Ол машина өз уақытынан озық болғандықтан техникалық мүмкіндік оны жүзеге асыра алмады. Оны қазіргі компьютердің атасы дейді. Ол қандай машина?/Беббидж машинасы

  7. Алғашқы микропроцессор қай жылдары пайда бола бастады?/1971 жылдары

  8. Бейне фильм / APS, монитор, принтер, жүйелік блок

  9. Неліктен транспорт қозғалысы кезінде тиым салынған белгіге қызыл түс алынған, басқа түс алынбаған? /қызыл сәуленің толқын ұзындығы үлкен, атмосфераға аз шашырайды

  10. Су неліктен отты өшіреді? /Ыстық нәрсеге жанасқан су, одан көп жылу мөлшерін алады да, буға айналады. Бу тез көлемде жайылады. Бу ауаны ығыстырып шығарады. Ал ауасыз жану болмайды.

  11. Электр тоғы қарағайдың ішіне енбей сыртқы қабаты арқылы өтеді. Неліктен? /қайығы мен қабат астындағы қабаттың электр кедергісі көп

  12. Бейне фильм /Ом заңы.

Әділқазылар алқасы! Ойыншылардың бағаларын берулеріңіз сұралады.

------------------------

Өкінішке орай ойынымыздың ережесі бойынша жинаған ұпайына сәйкес 1 ойыншы ойыннан шығады:

Ол--------------------------------------

Ескере кетейік

(аты-жөні) ---- - ұпай

(аты-жөні) ---- - ұпай



«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтауда келесі айналымды бастайық.

4 айналым «Жорға»

Әрбір ойыншы 1 минутта 10 сұраққа жауап беруі тиіс. Сұраққа жауап бергеніңізге байланысты ұпай жинай аласыз.

Ұпайы жоғары ойыншымыздан бастайық. Ұпайы төмен болған ойыншының залдан шыға тұруын өтінеміз.

Дайын болсаңыздар, 4 айналымның сұрақтары:



ЖОРҒА 1

  1. Саннның жүзден бір бөлігі/процент

  2. Ең кіші жай сан/1

  3. Үш пар ат 30 шақырымға шапса, әр ат қанша шақырымға шапқан?/30 шағырымға

  4. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан./ноль

  5. Компьютердің «миы»./микропроцессор

  6. Қатқыл дискіні қалай атайды?/винчестер

  7. Компьютер экранындағы нүкте./пиксель

  8. Қазіргі компьютерлердің элементтік базасы не?/микропроцессор

  9. Дүние жүзіндегі тұңғыш электромагниттік телеграфты ойлап шығарған ғалым/ Орыс ғалымы Шиллинг

  10. Бірінші ғарыштың жылдамдығы нешеге тең?7,9км/сағ


ЖОРҒА 2

  1. Шеңбердің центрінен өтетін хорда./диаметр

  2. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі/нөл

  3. Атақты математик әйел/Софья Ковалевская

  4. Шеңберге іштей сызылған тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы/диаметр

  5. 1 килобайтта қанша байтқа тең?/1024 байт

  6. Компьютердегі ақпараттар қандай цифрлар арқылы кодталады?/0 мен 1

  7. ЭЕМ-ң бірінші буынының элементтік базасы./электрондық шамдар.

  8. Интернетке шығуға арналған құрылғы./модем

  9. Ең бірінші телефонды кім жасады?/ Александр Белл

  10. Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген ғалым/ Коперник


«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.


  1. Тау жыныстарының қуысына жиналған су тауды жарады. Бұл неліктен? (Түнде қуысқа жиналған су қатып, көлемі үлкен мұзға айналады. Ол мұз қуыс қабырғаларын зор күшпен сыға отырып, жынысты жарады.)

  2. Неліктен рельс арасында саңылау қалдырады? (Жазды күні күн ысығанда ысыған рельс едәуір ұзарады, яғни деформацияланады. Саңылау деформация үшін қажет).

  3. Қандай балықтар тірі электростанциялар деп аталады? Олар туғызған кернеудің шамасы неге тең? (жылан балық, жайын, скат кернеудің мәні 700-800В дейін жетеді).

  4. Адамды шаққан кезде маса қандай жұмыс атқарады. (өте аз 10-7 Дж).

  5. «Клемма» сөзі неміс тілінен алынған. Қазақша мағынасы нені білдіреді? (қазақша қысқыш деген сөз).

  6. Мұхит түбінде тапанша атыла ма? (тапаншадағы оқ 3*107Па қысыммен атылып шығуы тиіс. 3000м тереңдікте қысым сондай. Сондықтан атылмайды.)

  7. Адамның шашын, қасын, мұртын, аязды күні қырау шалатыны неліктен? (тыныс алғанда шыққан бу суықта конденсациялады.)

  8. Құтқарушы белбеуді көбінесе тығыннан жасайды. Неліктен? (тығынның тығыздығы судың тығыздығынан аз).

  9. Басқа ағашқа қарағанда найзағайдың еменге жиі түсетіні неліктен? (тамыры топырақтың сулы қабатына жеткен ағаштар мейлінше жақсы жерлестірілген. Сондықтан ондай ағашта бұлттың зарядына қарсы таңбалы заряд жерге өтіп кететіндей көп заряд жиналады.)

  10. Дақылды өсімдіктер пісе отырып ағарады. Неліктен? (хлорофилдің жасалуы тоқтайды).


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет