Гидразид изоникотин қышқылының туындылары — фтивазид және метазид суда жақсы ериді, қарын - ішек жүйесіне жәй жартылай сіңеді. Фтивазидтің орташа тәуліктік мөлшері 30—4 мг/кг салмаққа тең, оны 2—3 рет қабылдайды, метазид —20мг/кг салмаққа; препараттарды тамаққа дейін қабылдайды. Мезид пен фтивазидтің ең жоғары тәуліктік мөлшері (дозасы) — 2 г. Ацетилденудің тез түрінде фтивазид және метазидпен емдеудің нәтижелілігі мардымсыз. Еріген салюзидті 5% ерітінді, ампула 5-10 мг/кг көбінесе бронхы ішіне жібереді. Оны тері ас бұлшық ет ішіне, көк тамырта тамшымен, эндолюмбалді ендіруге болады. Салюзидтың тәуліктік мөлшері — 2 г.

Гидразид изоникотин қышқылы туындыларының терапиялық нәтижелері изониазидке қарағанда төмен болғанымен, олардың организмге улылық ықпалы аз. Оларды әдетте науқас изониазидті нашар көтергенде әсіресе балаларға және кәрі жастағы кісілерге белгілейді.
Изониазид жанама әсері
Қарсы көрсеткіш
Изониазидті және олардың туындыларын қолдануға болмайтын аурулар —
эпилепсия,
жүректің ишемиялық ауруы
жүрек-тамыр жетіспеушілігі,
орталық және шеткі нерв жүйелерінің аурулары
және функциялық бұзылыстары бар бауыр, бүйрек аурулары болып саналады.
Рифампицин
Рифампицин (рифадин, римактан, бенемицин) жартылай жасанды антибиотикке жатады. Ол көптеген микроорганизмдерге әсіресе грамм — оң микроорганизмдерге жоғары белсенділік көрсете алады. Оған стафилококктар мен ТМБ жоғары сезімталдық көрсетеді. Антибиотик басқа химиотерапиялық дәрілерге төзімді, ТМБ, көптеген бейтипті шартты патогеңці микобактериялардың өсіп-өнуін тежейді. Рифампицин тез өсетін, қолайсыз жағдайда ұзақ уақыт өмір сүретін жасушаның сыртында және ішінде орналасқан ТМБ-ға бактериостатикалық, бактериоцидті әсер етеді. Антибиотиктің белсенділігі олардың микобактериядағы ДНҚ-дан тәуелді РНҚ полимеразалардың қызметінің тежелуіне және бактериалды гендердің жаңа бактерия түрлеріне берілмеуіне негізделген.