Протионамидтің (этионамид, трекатор) қышқыл ортадағы белсенділігі едәуір жоғары. ТМБ-ның адам тектес түріне қарағанда ТМБ-ның бұқа тектес түрінің препаратқа сезімталдығы төмен. Препарат жасуша сыртында және ішінде орналасқан микро бактерияларға әсер етеді. Ол шартты-патогенді, сонымен қатар басқа препараттарға төзімділік танытқан микобактерияларға сенді ықпал жасайды.
Протионамид асқазан-ішек жолында жәй сорылады. Препаратты ішке кабылдағаннан кейін оның ең көп деңгейі 1—3 сағаттан соң анықталады. Препарат организм тініне тез тарайды, жұлын-сұйығына жылдам, жақсы өтеді. Препараттың метаболизмі әлі лық зерттелмеген. Зәр арқылы өзгермеген препараттың 1%-і бөлініп шығады. Тәуліктік мөлшері ересектерге 0,5—0,75 г рет қабылданады, балаларға 10—12 мг-кг салмаққа бірақ 0,75 г артық болмауы керек. Препаратты тамақтан кейін қабылдайды. Препаратқа жанама әсер пайда болғанда, оны тік ішекке жібереді.
Этионамидтің көк тамырға тамшылап жіберілетін дәрілік түрі бар. Препарат сауытта (флаконда) 0,5 г түрінде дайындалады.
Протионамидті асқазан-ішек жолының аурулары, бауыр аурулары, қантты диабеттің ауыр түрі, эпилепсия,: жүктілік кездерінде қабылдауға болмайды. Этионамид пен протионамидтің терапевтикалық емдік әсері бірдей, бірақ науқастар протионамидті жақсы көтереді. Сондықтан протионамидті туберулез ауруымен ауыратын, ілеспелі асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы бар науқастарға ремиссия сатысында қолдануға болады.
Стрептомицин
Стрептомицин (стрептомицин сульфаты, стрептомициннің хлорлыкальцийлі комплексі, дигидрострептомицин сульфаты) көптеген грамм-сол, грамм-оң кейбір және қышқылға төзімді микроорганизмдерге, оған қоса ТМБ-ға белсенді әсер етеді. Стрептомицин казеозды ошаққа, жұлын-ми сұйығына нашар өтеді, жасуша сыртында орналасқан, тез өсіп-өнетін ТМБ-ның дамуын тежейді. Стрептомицинді бұлшық ет ішіне жібергеннен кейін нерв, бүйрек, өкпе тінінде оның ең жоғары концентрациясы 30 минут — 1 сағаттан соң анықталады. Стрептомициннің 80%-і зәрмен шығады.
Стрептомициннің тәуліктік мөлшері ересектер үшін—1 г (16 мг/кг салмаққа), балаларға 15—20 мг/кг салмаққа; бірақ 0,5 г-ден жоғары болмауы керек,бұлшық ет ішіне тәулігіне 1-ақ рет жіберіледі. 60 жастан асқан науқастарға антибиотиктердің мөлшерін 0,5 г-ға кеміту керек. Стрептоицивді аэрозол түрінде каверна қуысына, іш қуысына, жыланкөзге жіберуге болады. Хлорлы-кальцийлі стрептомицин комплексін жұлынға жіберу үшін қолданады. Стрептомицин сулфатына қарағанда дигвдрострептомицин сулфаты вестибулярлы аппаратқа аса көп әсер етпейді және оның аллергендік қабілеті де төмен, бірак құлаққа тигізетін әсері жоғары.
Стрептомицинді, канамицинмен, флоримицинмен бірге қолдануға мүлдем болмайды.
Стептомицинді VIII жүп бас миы (n. vestibulocochlearis), зақымданғанында, бүйректің зәр шығару функцияларының бұзылуында, гипертония ауруының ауыр түрінде, жүректің ишемиялық ауруында, облитерациялы эндартериитте те, қанайналуынын бұзылуында қолдануға болмайды. Стрептомицинді антибиотиктерге жоғары сезімталдығы бар науқастарға да қолдануға болмайды.