Бірінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің дозасы және дәрілік түрлері



бет8/9
Дата25.12.2022
өлшемі1,07 Mb.
#164375
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
117220 (копия)

Фторхинолондар

  • Фторхинолондар (офлаксацин, максаквин, ломефлоксацин, ципрофлоксацин) микробтарға карсы ықпал ету механизміне ие; ол бактериалды ДНҚ-гидразын талғамды бәсеңдетуге негізделген. Фторхинолондардың көп спектрлі әсерлері бар (он грамды, теріс грамды микроорганизмдерге), олар туберкулез микобактерияларына және бейтипті микобактерияларға бактериостатикалық және бактериоцидті әсер етеді. Ішке қабылдаған соң препарат тіндерге және өкпедегі қабыну ошақтарына тез арада өтеді, жасуша ішінде және сыртыңда орналасқан микроорганизмдерге бірдей әсер етеді. Оның альвеоялары макрофагтағы концентрациясы қандағы мен салыстырғанда 20 есе көп. Препараттың жартылай шығуы ұзаққ созылады (8 сағат), сондықтан оның емдік әсерінің мерзімі ұзақ уақытқа созылады. Препараттыц 10%-і ғана өзгеріске ұшырайдыс соның салдарынан ол организмде ұзақ мерзім, бойыңда жағдайында болады. Препарат негізінен зәрмен бөлінеді, зәрдегі концентрациясы қанның плазмасындағы концентрациясымен салыстырғанда 100 есе көп.
  • Фторхинолондар (максаквин) ішке қолданылады, қолдану тәртібі — 400 мг-нан тамақтан кейін, тәулігіне 1-2 рет, 12 сағат, -үзілістен сон, 20 күннен 60 күнге дейін. Дисбактериоздың алдын алу мақсатында нистатин қолданылады.
  • Фторхинолоиндарға жанама реакциялар науқастардың 2%-де байқалады, олар: лоқсу, құсу, іштің өтуі, бастың ауруы, бас айналуы, терінің күн сәулесіне, сәулеге сезімталдығының көтерілуі, терінің қышуы және бөртпелердің пайда болуы түрінде өтеді. Препараттарды қолданудың қарсы көрсеткіштері бүйрек жетіспеушілігі, бауыр аурулары, 14 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер болып табылады.

ПАСҚ (пара-аминді салицил қышқылы

  • ПАСҚ (пара-аминді салицил қышқылы, оның натрий тұзы) ТМБ-ның жылдам өсіп-өнетін түріне (популяциясына) бактериостатикалық әсер етеді.
  • ПАСҚ-нің негізгі өзгеру (метаболизмдік) түрі — ацетиддену. ПАСҚ негізінде белсенділігі жоқ туынды, дериват түрінде бүйрек арқылы бөлініп шығады.
  • ПАСҚ ішке, тамақтан кейін, дозасы 0,15—0,2 г/кг салмаққа, күніне 2—3 рет қабылданады. Көктамырға ронгалит стабилизаторымен, 3% ерітіңді күйінде тамшылатып жіберіледі.
  • ПАСҚ-ны ішке қабылдаудың кері көрсеткіштері бүйрек, бауыр аурулары, асқазан және ұлтабардың ойық жара аурулары, гастрит, микседема, декомпенсация сатысындағы жүрек-тамыр жетіспеушілігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет