Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Хаз.Абдуллаһ Бин Ӛмер: Ғылым үшеу



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Хаз.Абдуллаһ Бин Ӛмер: Ғылым үшеу 
«Ғылым үшеу: 
1.
Аллаһтың сӛйлейтін кітабы 
2.
Пайғамбардың жалғасқан сүннеті 
3.
«Білмеймін» сӛзі. 
Ол бірде былай деген: «Ғылым Аллаһтың кітабында жазылғандар мен расулуллаһтың 
сүннеттері. Олардан тыс ӛз кӛзқарасы ретінде бір нәрсе айтқан адам бұл айтқандарын 
жақсылықтарының арасынан таба ма, әлде күнәларының арасынан таба ма, білмеймін»
208

207
Ә
бу Нуайм, 
Ә
л Хилие 1\79, Дарул Китабил Араби, Бейрут, 1405 
208
Ибн Абдилберр, Жамиу Беянил Илм 2\26 


101 
3. Ғаламның сырларын ашу тек оқу арқылы болады 
Раббымыздың бізге ӛзін таныстыратын және бізді оқуға міндеттейтін екі кітабы бар. 
Олар ғалам кітабы және Құран бастаған пайғамбарларға берілген сәмәуи кітаптар. Ғалам 
кітабы Раббымызды түсіндірсе Аллаһ (жәллә жәләлуһ) құлдарына деген рақымдылығымен 
олардың қолдарына кітап беру арқылы адамдардың қате жолдарға, тұйық жолдарға түсуін 
болдырмауды қалаған және бұл кітапты түсіндіру мәселесінде айтатын нәрсесін сӛздер 
арқылы беріп нығайтқан. 
Адамның міндеті − осы екі кітапты жақсы оқып, жаратылыстың мақсатын түсіну және 
осы бағытта Жаратушысының ризалығын кӛздеп ӛмір сүру. Әрбір адам ӛзінен «Мен 
кіммін, қайдан келдім? Қайда барамын?» деп сұрап, ғаламның сырларын ашуға тырысуы 
керек.
Бұл мәселеде ең үлкен кӛмекшіміз әрине оқу болады. Оқудың арқасында адам 
жаратылыстың сырын ұғынады. Құран Кәрім де алғашқы аятында «Оқы!» демей ме? Осы 
бұйрыққа бағынып, оқыған адам әрине болмыстың сырларын ашып, ғаламға басқа кӛзбен 
қарайды және саналы, бақытты ӛмір сүреді. 
4.Надандықтан арылуымыз керек 
Ақын Акифтің айтуымен надандық жеке адамдардың және ұлттардың ең үлкен 
дұшпаны. Ол бір ӛлеңінде надандықты ақиқаттың дұшпаны деп сипаттайды. 
Бәріміз білеміз, пайғамбарымыздың пайғамбарлық келместен бұрынғы кезеңі 
жахилия (надандық) дәуірі, Аллаһ расулының ӛмір сүрген кезеңі асры саадет (бақыт кезеңі) 
деп аталады. Ӛйткені, жахилия (надандық) адамның ӛзін де, айналасын да бақытсыз етеді. 
Негізінде мұсылман болу деген сӛз надандықтан және одан туындайтын бақытсыздықтан 
арылу деген мағынаға келеді. Ӛйткені, мұсылман оқиды, надандықтан және ӛзін 
бақытсыздыққа апаратын нәрселерден аулақ болады. Осылайша, бұ дүниеде де, арғы 
дүниеде де рахат табады.
Адамзаттың ең үлкен дұшпаны және дүниедегі жамандықтардың негізгі себебі 
болған надандық сауатсыздық дегенді білдіреді. Ол жеке адамдарды да, қоғамдарды да 
ұялтатын ақау. Осыған орай, діни ілімдерді, әрі жаңашыл ілімдерді оқудағы кемшілігімізден 
арылмайынша бұл ақаудан құтылуымыз мүмкін емес. 
Қараңыз, Фетхуллах Гүлен бұл ақиқатты қалай береді: 
«Оқы деген бұйрықпен түсе бастаған Құран бізден ғалам кітабының адамның оқуын 
және бұл кітаптарды оқуда бізге жол кӛрсеткен Хаз.Мұхаммедтің (алейхисселату 


102 
уәссәлләм) де танылғанын қалайды. Адамның жаратылуындағы мақсат осы. Қарайды, 
кӛреді, ойлайды, күн сайын миына жаңа нәрселер енгізеді, ӛйткені оның жетуі керек 
кӛкжиек осы болып табылады. 
Осыған орай, әрбір мүмін әрі діни, әрі нақты ғылымдарды оқып зерттеуі керек және 
ғылыммен, іліммен қарулануы керек. Барлық жерде, жұмысында да, үйінде де, дүкенде де, 
кӛлікте де, аялдамада да, жолда да оқу керек, ойлану керек, уақытын ешқашан да ысырап 
етпеуі керек. Ӛйткені, іші бос адам басқа адамдарға ештеңе бере алмайды. Физика, химия, 
астрономия, медицина және ботаника сияқты ғылымдардың ең болмағанда пәлсапасына
логика және түсінік негіздеріне және энциклопедиялық түрде нәтижелерін білмесек те, ең 
болмағанда діни ілімдерде де біліміміз жоқ болса онда басқаларға бір нәрсе түсіндіріп 
оларды сендіру былай тұрсын, адасушылықтың желіне ӛзіміздің ілесіп кетуіміз мүмкін. 
Олай болса, ұйымдасқан түрде бір ұлт ретінде ӛзімізге келіп, надандықтан арылуымыз 
қажет»
209

Тарихтағы шындық мынада: оқымай надан болған халықтар әрдайым біреудің 
отарында болған. Бұл жағдай қазіргі кезде де кездеседі. Қазіргі кезде де ғылымның 
нығметтерін пайдала алмаған және ғылымды құрал ретінде қолдана алмаған ұлттар білімді 
қоғамдардың отары болуын жалғастыруда. 
Ӛйткені, надан ұлттар қолдарында, миларында бір ӛлшем болмағандықтан ӛздеріне 
ұсынылған барлық пікірге оңай беріледі. Мұндай қоғамдарда мың түрлі бәлелер, 
дұшпандық, бүлік, материалдық−рухани проблемалар жайлайды. Сондықтан да 
надандықтың қараңғылығынан ғылымның жарығына жету үшін оқу керек, оқу керек және 
оқу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет