Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет74/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
11.
 
Оқу бізді Раббымызға жақындатады 
Оқыған адам ғылымын арттырған сайын ӛзінің пақыр, әлсіз екенін, тіпті түк те емес 
екенін түсініп, барлық күш−қуат иесінің Хақ Тағала екенін түсінеді. Бұлай оқу адамды 
Аллаһқа жақындатады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Білетіндер мен білмейтіндер бір бола 
ма?»
224
деп бұйырып, білетін адамның үстемдігіне ишарат жасайды. 
Пайғамбарымыз бір хадисінде оқудың адамды Аллаһқа жақындататынын былай 
түсіндіреді: «Үйде шырақ қараңғылықты қалай жойып, жарық берсе пайдалы білім де 
жүректі нұрландырып, перделерді жойып, адамды Масиуадан (Аллаһтан басқа барлық 
нәрсе) алыстатып, Аллаһқа жақындатады». 
Сондықтан да адам кӛбіне ӛзін Аллаһқа жақындататын еңбектер оқуы керек. Оқыған 
нәрселері теория жүзінде қалмауы тиіс, оларды жүзеге асырып, құлшылықта Аллаһқа 
жақындау жолын іздеуі керек.
Иә, Аллаһты білу білім арқылы, оқу арқылы болады. Білімнің негізі әрекет (амал), ал 
мақсаты Аллаһқа құлдық болуы керектігі естен шығарылмауы тиіс. Бұл ақиқатты 
Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди былай түсіндіреді: 
«Білімнің бір мақсаты бар, ол нәтижеде марифети иләһи және мухаббети иләһиге 
жету. Адамның кӛңілінде Аллаһ сүйіспеншілігін тұтатып, жұмақ нығметтерімен қамтушы 
рухани ләззатпен жалындамаған ғылым мақсатына жеткен болып саналмайды. Ал, 
мақсатына жеткен ғылым сезімдеріміздің күре тамыры. Онсыз қалу рухани ӛлім. Құран мен 
хадистердің мақтайтын, ұсынатын ғылымы да осы ғылым. Біздің басты тақырыбымыз 
ғылым болмаса да ғылымға қатысты бірнеше аят пен хадистерге тоқталайық: 
«Айт: Білгендер мен білмегендер бір бола ма?»
225
Адамды қолынан ұстап Аллаһқа (жәллә жәләлуһ) апаратын ғылым мен адамды 
лабораторияға қамайтын ғылым бір бола ма? Телескоптың басындағы адамды жарықтан 
сатылармен Аллаһқа жеткізетін ғылым мен оның кӛзқарасын жұлдыздар мен жүйелерге 
шегелейтін ғылым бір бола ма? Осы әр түрлі кӛзқарас иелері бір−біріне тең санала ма? 
Кітаптардың ішінде сырлар қазынасында жүрген тышқан сияқты жүрген және бар ғұмырын 
кітаптарға түсіндірмелер жазумен ӛткізген, бірақ ақиқат ғылымынан бір қатар да оқымаған 
ғалым мен Құранның сӛзімен айтқанда кітап арқалаған жануар мен оқыған бір қатарымен 
кӛгершіндер секілді аспанда самғаған және әрдайым кездесу қуанышына бӛленген кемел 
адам бір бола ма? Аллаһқа апаратын ғылым «барлық нәрсе», жолда қалдыратын ғылым 
болса «ешнәрсе». 
224
З
ү
мер, 39\9 
225
З
ү
мер, 39\9 


114 
«Аллаһқа құрмет кӛрсететіндер (тек) ғалым құлдар»
226
. Бұл аятта ғылымның және 
ғалымның мақталғаны айқын. Алайда, бұл мақтау сол адаммен бірге болады. Яғни, 
ғылымымен Раббысына құрмет кӛрсететін адамның жағдайына байланысты. Әр ғылымның 
ӛзінше бір салмағы бар. Сондықтан да, Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) нағыз 
ғалымдардың нәбилерге мұрагер екендіктерін айтады
227
. Иә, жер бетінде нақты болмысты 
ешқандай кемшіліксіз кӛре алатын топ − нәбилер. Ал, біз ақиқаттардың ішкі бетіне тек 
нәбилердің жіберетін жарық сәулесінің арқасында жете аламыз. Бір пайғамбардың 
қолдауына кірместен адамның нақты ақиқатты табуы мүмкін емес. Бәлкім, адам 
күш−жігерімен ақиқатқа жақын ақиқаттарды ашуы мүмкін. Алайда, абсолютті ақиқат тек 
нәбилердің кӛрсетуімен ашылады. Осыған орай, жер бетінде Аллаһтың нағыз мұрагерлері − 
нәбилер және олардан кейін салих құлдар. Жердің мұрагері ретінде Құран салих құлдарды 
меңзейді, жоғарыда айтылған пайғамбарымызға тән сӛз бен осы аяттың кӛрсететін 
мағынасы арасында бір байланыс бар. Яғни, жер бетіне халифа болуға лайықты салих 
құлдар нәбилерге мұрагер болған ғалымдардың ӛзі болып табылады. Нәби шындықтың 
тәржіманы, олай болса кез−келген адам шындыққа тәржіман болған кезде нәбидің мұрагері 
болады.
Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) ғалымның ізгілігін кӛрсету үшін 
мынадай салыстыру жасайды: 
«Ғалымның құлшылық жасаушыдан үстемдігі менің сендерден мақам жағынан ең 
тӛменгілеріңнен үстемдігім секілді»
228

Иә, ғылымы жоқ құлшылық жасаушының кез−келген сәтте тайқып, ауытқуы мүмкін. 
Ауытқу адамның Аллаһ құзырында қол жеткізген дәрежесіне қатысты. Сондай бір адамдар 
бар, бір сәт те Хақ Тағаланы және Оны бақылауды естен шығарса, бұл ол үшін үлкен 
ауытқу болып саналады. Ол мұндай жағдайды ауытқу деп қабылдайды. Алайда, нәбидің 
мұрагері болған ғалымда бақылау, есеп әрдайым болады. Ол ӛте сақ және қауіптерге қарсы 
дайын болады. Жасаған ғибадатын біліп жасаған және барлық мәселені саналы түрде қолға 
алған ғалым пайғамбарымыздың сахабалардан үстемдігіндей дәрежеде, санасыз ғибадат 
жасаушыдан үстем. Негізінде мұның мағынасы бұл екеуінің арасында салыстыру жасауға 
болмайды деген сӛз.
Осылай әрдайым толысқан адамда шығару деген нәрсе де болады. Міне, бұл оның 
рухындағы нұр және басқа да ақиқаттарды шығаруы деген сӛз. Әрине, ішкі тереңдігіне 
байланысты оның жасаған бұл амалын (әрекетін) ӛлшейтін ӛлшем де жоқ. Сондықтан да 
226
Фатыр, 35\28 
227
Ахмет Бин Ханбел, М
ү
снед, 5\196 
228
Тирмизи, Илим, 19 


115 
ғибадат жасаушы ғибадатында қанша тереңдей түссе де кемел адам дәрежесіндегі 
ғалымның амалына (әрекетіне) тең ғибадат жасауы мүмкін емес. Адам білгенін міндетті 
түрде жасауы керек. Ӛйткені, олай істемеген адамға Құран Кәрім былай дейді: 
«Олардан бір топ бар, біле тұра жасырады»
229

Иә, біледі, бірақ жасамайды, ашық алаңдағы қара тесіктер сияқты айналаға ешқандай 
жарық ӛткізбейді немесе ешкім олардағы жарықты пайдалана алмайды. Басқаша айтқанда, 
күн сияқты бола алмайды. Күн ӛз алдына бір ошақ, нұрдың қайнар− кӛзі, және әдемі 
түстердің жиынтығы. Гүлдердің басын сипап, ӛз гүлдері болып саналатын планеталарға 
жарық сәулелерін жібереді. Бұл туралы пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
хадисіне тоқталайық: 
«Кім ғылым үйреніп, сосын оны жасырса ақыретте оның аузына оттан ауыздық 
салынады»
230

Бұл сӛздің мағынасы айқын. Кім бір нәрсе үйреніп, сосын оны айналасына айтпаса, 
яғни ӛзі толғаннан кейін оны шығармай, сӛз және әрекеттерімен үлгі болмаса, айналасына 
кӛрсетпесе бұл қылмысының жазасы ақыретте оның аузына оттан ауыздық салынады. 
Хадисте ӛте қатаң сӛгіс, айыптау бар. Ӛйткені, ауыздық тек жануарға салынады. Бұл 
ғылымын жасырған адамның жануарға ұқсатылуы деген сӛз, ӛте ауыр сӛз. Иә, ол адам Хақ 
Тағаланың ӛзінің сырын білдіруінің қадірін біле алмаған, және де ӛзін жануардан айырып 
таңдаулы болмыс еткен сезім, ойлау және ойлағанын айту міндетіне мән бермей, оларға 
шүкіршілік ете алмаған деген сӛз. Міне, мұндай адамға берілген нығметтердің кері алынуы 
қандай әділ әрекет»
231

Сӛзімізді қорытатын болсақ, кемелдену, кәміл адам болу − біздің бар болуымыздың 
негізгі мәні және мақсаты. Кемелдікке оқу арқылы қол жеткіземіз. Алайда, тек жалаң
мағынада оқу жеткіліксіз. Оқудың нәтижесінде алынған білім міндетті түрде салих амалмен 
жүзеге асырылуы шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет