Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет77/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
14.
 
Оқушы (студент) неге кітап оқуы керек? 
Кітап оқу оқушыларға зейіндік шеберлік әкелумен қатар ойлау қызметін де 
дамытады. Сондай−ақ, кітап оқудың ойлау қабілетін арттыруға себеп болатыны және миды 
белсенді түрде жұмыс істетіні ақиқат нәрсе.
Кітап оқыған балалар білім алу процесінде ата−аналардың және білім берушілердің 
жұмысын жеңілдетеді. Білім алуға салынған инвестицияның қайтарымын алғысы келген 
ата−аналардың балаларын қымбат оқу орындарына жіберулері және олардың қалаған 
234
Нихат Да
ғ
лы, Сызынты дергиси, Ейлул 1997, 224-с., Нихат Да
ғ
лы, Инсаны китаба ча
ғ
ырмак, Кайнак 
йайынлары, Измир, 1996 


118 
нәрселеріне қол жеткізуін қамтамасыз етулері жеткіліксіз. Ӛйткені, оқуға әдеттенбеген 
балалар табысты студент болуда қиналады.
Кітап оқымайтын ұрпақтың ойлау қызметі бара−бара кеміп, пікір білдіру қабілеті 
азаяды, жеткіліксіз сӛздердің себебінен айналасымен табысты байланыс құра алмайды. 
Ғаламдық құндылық үкімдерін сіңіру, тұлғалық жетілу, тарих пен мәдениет санасы тек 
оқыған, зерттеген және білімді сүйетін ұрпақтың жетілдірілуімен жүзеге асады. Білім беру 
процесінде балаларымыз ӛздерін оқу арқылы жетілдіруі керек. Ӛкінішке орай, теледидар 
кӛріп, компьютер ойындарын ойнап ӛскен балаларымыз бара−бара оқу қабілеттерін 
жоғалтып, оқумен келетін нәрселерден мақұрым қалуда.
Кітап оқыған балалардың түсінігі басқа балаларға қарағанда бай болады. Түсінік 
біліммен бірге дамитындықтан бала білгенінің кӛлемінде ойлай алады. Білім қолдамаған 
түсінік терең болмайды. Оқу баланың сӛз байлығын арттырады және жеткізу қабілетіне 
нақты үлес қосады. Қазіргі ақпараттық информациялық қоғамда ӛзін кӛрсете білетін 
адамдардың табысқа қол жеткізетінін айтып ӛту қажет. Жүйелі оқу балалардың оңай үйрену 
және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін ашады. Кітаптың беретін зейіндік күші үйрену, 
зерттеу және шешім қабылдау процестеріне әсер етіп, адамның тұлғалық жетілуіне үлес 
қосады.
«Кітап оқу кезінде ми белсенді түрде жұмыс істейді. Бұл жағдайда бірнеше 
жүргізуші қызмет зейіндік ақпарат алу және есте сақтау процесі белсенді түрде 
қолданылады. Оқудың нәтижесінде балада зейін қою, назар аудару, түсіну және мағына 
беру, кӛргендерін аңғару сияқты кӛптеген зейіндік қызмет оң бағытта дамиды»
235



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет