Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет81/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Көркем Мінез

 
Тарихи ғибрат
Тарихмызда Кел Аличо 26 жыл бойы Кыркпынардың бас палуаны болған. Оған қарсы 
ешкім шыға алмайтын. Балуандығының 27-жылы Делиорманлы Юсуф балуанмен күреске 
шығатын болады.
Хабарлаушы екеуін күрес алаңына шақырып, екі балуан халықпен амандасқаннан 
кейін күреске кіріседі. Аличо жас жігіттей шапшаң қозғалып, шыр айналып қозғалды. 
Юсуфтың да үлкен қолдарымен жасаған шабуылдары ӛте шебер жасалған еді. Оның 
шабуылдарынан−ақ оның нағыз балуан екенін байқауға болатын.
Күрес ары қарай жалғаса берді. Аличоның шабуылдарынан құламай аман қалғандар 
ӛте аз болатын. Халық Юсуфтың құламай жүргенін кӛріп, таң қалады. Аличо Юсуфтан 
шегінбейтінін кӛрсетіп, тік күресіп, оның құлағанын күтеді, құлата алмаған соң бұл 
балуанды буындырушы әдіспен жеңуді ойлайды.
Юсуф мұны сезгендей, бір рет те болсын оған мүмкіндік бермеді. Күрес бір сағатқа 
жақындағанда Юсуф Аличоның шабуылдарына жауап бере бастады. Аличо Юсуфтың 
қолының күшін аңғарып, алдандағы балуанның ӛте күшті балуан екенін түсінеді.
Ӛзі бірнеше сағат күресетіндіктен күрестің созылуы ӛзіне тиімді деп ойлады. Алайда, 
екі сағатқа жуық уақыт ӛтсе де Юсуфтың шаршамағанын сезген Аличо тактикасын ӛзгертіп, 
шапшаң басып қос аяққа атылды. Юсуф та ӛте шапшаң бұрылып, аяғын ұстатпастан алға 
қарай етпетінен жата кетті. Аличо тізесімен еңбектеп Юсуфты басып, тұруына мүмкіндік 
бермеді.
Юсуф тұру үшін оңға, солға қарай әрекет жасағанмен Аличоның қолынан 
құтылмайтынын түсініп, барынша жиналды. Бір кезде Юсуф Аличоның қолынан атып 
шығып, алға қарай қорқынышты дауыспен атылды. Барлығы Юсуфтың күші мен күрестегі 
әрекетіне таң қалып, екеуін де мақтау сӛздермен қолдады. Кеш түссе де Юсуф құламастан 
күресті жалғастыра бастады.


124 
Бірнеше сағат ӛтсе де күрестің жылдамдығы арта түсті. Күресте кімнің жеңетінін 
болжау қиын еді. Алайда, Юсуфтың әлі де шыдамды, берік екенін күресті түсінетіндер 
сезді. Аличоның жасының айырмашылығы ӛзін кӛрсете бастаған еді. Кешкі қараңғылық 
түскен кезде Аличо күрестегі шабуылдарының ӛзі қалағандай шапшаңдықта емес екенін 
түсінді.
Аличо қатал болумен қатар мәрт те болатын. Барлық нәрсеге әділ болатын. 
Қайғырған да жоқ. Юсуфтың бас балуандыққа лайық екенін түсінген еді. Енді күресті 
тастауына болатын еді. Адалық Халил балуан мен Юсуфтың осы алаңда лайықты түрде 
күрес кӛрсететініне сенді. Осыны ойлап, бұл жас балуанға қарсы бұрынғыша қатал 
күреспеуге шешім қабылдады. Тұншықтыруда дӛрекі әрекет жасамай, құлатуда да жұмсақ 
қимыл жасады. 
26 жыл Кыркпынардың бас балуаны болып келген адамның атағы мен даңқына 
лайық түрде күресті тастағысы келді. Қараңғылық басқан еді. Аличо жасы біразға келсе де 
жас жігітше бір күн бойы күресіп, ойыннан ойынға ӛтіп, күрестің барлық шеберліктерін 
кӛрсеткен еді. Юсуф та ӛзінің шеберлігін дәлелдеген еді.
Күресті тең түсті деп бітіргісі келгендерге Аличо былай деп айқайлайды: 
«Бұл жер Кыркпынар. Бұл жер − ердің майданы. Бұл жерде жеңгенге дейін күрес 
болады. Піскен күрес жарты жолда қала ма? Бұл адамнан жеңілу маңдайыма жазылған 
болса жіберіңдер, жеңсін мені. Мен бұл алаңнан шегінемін. Аличоны жеңу бақытын бұл 
Юсуф тағы қайдан табады?» 
Бұл сӛздерді естіген Кожа Юсуф кӛзіне жас алып, Кел Аличоның қолына сүйіп, 
былай дейді: 
«Нағыз балуаным менің! Кел, тастайық мына күресті, сен сӛздеріңмен жеңдің мені. 
Қолымда, аяғымда дәрменім қалмады. Мына сӛздеріңнен кейін мен сені ұстай алмаймын. 
Қаласаң, сен ұста мені, иығымды жерге ұр». 
Аличо да сезімге бой алдырып «Бұл алаң бұдан былай сенікі. Сен сияқты балуан 
шыққаннан кейін еш уайымсыз кетемін бұл жерден. Жүлде де, балуандық та сенікі болсын» 
деп, Юсуфтың жеңгенін жариялайды. Енді алаңның жалғыз иесі бар, ол Кожа Юсуф еді...
239
Иә, енді ойланайық: Бір−бірін жеңу үшін неше түрлі тұзақтар құрған адамдар, 
әртүрлі жарысты айламен алғысы келгендер қайда? Біз ата−бабамыздағы бұл рух қайда? 
Мәрттік пен кішіпейілділік мәселесінде қазіргі адамдар қай жерде? Тарих бізге ӛз 
мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың қалай болғанын кӛрсетіп отыр.
Нағыз балуандықтың әділдік екенін білген, нағыз күш әділдік деп білген Аличоның 
әрекеті маңызды болумен қатар Кожа Юсуфтың оның қолынан сүюі де ӛте маңызды. Нағыз 
239
Ешреф Шефик, Тарихи т
ү
рік к
ү
ресшілері, 103-б. 


125 
мәрттіктің не екенін түсіндірген осы тарихи ғибрат оқиғасы сияқты бізге ақиқат 
құндылықтарымызды және сол ескі күшімізге жету жолдарын үйрететін әлі де кӛптеген 
деректеріміз бар. Осы құжаттарды мұрағаттан алып, күннің бетіне шығару да тарих санасы 
үшін маңызды бір міндет... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет