Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет78/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
15.
 
Кітап оқудың сабаққа пайдасы 
Адам сӛздер арқылы ойланады. Қанша сӛз білсе ойлау кӛкжиегі соншалық кеңиді 
және ақыл−парасат деңгейі сол мӛлшерде артады. Адамның зейінін ӛлшейтін ең ӛткір нәрсе 
− оның сӛз байлығы. Ақыл бұлшық етке ұқсайды, қанша кӛп жұмыс істетілсе соншалықты 
күшейеді. Миға жаттығу жасатудың жолы − проблема шешу және сӛз жаттау. Ақылы 
дамыған адам сабақты тез ұғатындықтан кітапты кӛп оқуы керек. 
Енді сабақтарға тоқталайық. Ең маңызды сабақтардың бірі түрік тілі. Жалпы 
бағаландыру бойынша
236
жаратылыстану лицейінің емтихандарында 25 сұрақ, 
университетке қабылдау емтихандарында 40 сұрақ сӛздерді талдау және тілді қолдану күші 
235
Хасан Айдынлы, Сызынты дергиси, 26-сан, 302, март 2004 
236
Б
ұ
л жерде берілген 
ӛ
лшем жалпы 
ӛ
лшем. Та
қ
ырып
қ
а 
қ
атысты статистикалы
қ
ӛ
лшемдерді мамандар
ғ
а 
қ
алдырып, б
ұ
л жерде тек пікір білдіруі т
ұ
р
ғ
ысынан бірнеше м
ә
селеге то
қ
таламыз. 


119 
деп бағалауға болатын түрік тілінен келеді. Сӛздерді талдай білудің ӛте маңызды шарты 
кітап оқу.
Кітап оқудың басқа сабақтарға да пайдасы бар. Әсіресе, кең ауқымды ойлау қабілетін 
талап ететін физика және математика тақырыптары жұмыс, күш, энергия сияқты физикалық 
тақырыптар, алтернативті ойлау қабілеті жоғары адамдардың табысты болатын сабақтары. 
Иә, кітап оқудың сандық сабақтарға да оң ықпал ететіні ұмытылмауы тиіс.
Қазіргі кездегі емтихандардың ерекшелігі уақытты тиімді қолдану, яғни шапшаң 
сұрақ шешу. Кӛп кітап оқыған студент тез оқып түсініп, емтихандарда басқа балалардан 
ілгері болады. Олай болса, емтихандарда табысты болу үшін кітап оқу керек. 
Қазіргі кезде ӛкінішке орай, кітап оқу кең тарамаған. Қанша отбасыда шынымен 
кітап оқуды жақсы кӛретін және баласына кітап оқытқан ата−ана бар екен. Адам үшін нан 
мен судай маңызды элементтің назардан тыс қалып отырғанын айту қате болмас. Отбасылар 
балаларының мектепте кітап оқып келгенін айтып, жауапкершіліктен арылдық деп ойлайды. 
Алайда, мектептегі сабақтармен айналамыз бен қоғамды үстіртін ғана тану мүмкін болып 
отыр.
Ойланып кӛрдік пе? Қайдан келдік? Қайда барамыз? Күн ӛткен сайын бізді қартаюға, 
ал қартаю болса ӛлімге апаратын болса әрбір адам ӛлімін күтіп жүрген ӛлім жазасына 
кесілген сотталушы емес пе? Әрине, бір мұсылман ретінде дініміздің бізге үйреткені 
бойынша бұларға берер жауабымыз бар. Алайда, қаншамыз сенген дініміз туралы бізге 
қойылған сұрақтарға жауап бере аламыз? Яғни, қаншамыз сенген Аллаһтың бар екенін, 
пайғамбардың ӛмірге ұсынған ұағидаларын түсіндіріп бере аламыз? 
Иә, адам ӛзі сенетін нәрсесіне не үшін сенетінін ашық айта білуі керек. Ӛйткені, 
қазіргі кезде мұсылман бола тұра ӛз діні туралы жеткілікті білімі бар адамдардың саны ӛте 
аз. Мұны айналамызға қарап біле аламыз. Олай болса, белгілі бір мақсаты бар жас адам 
дүниені тану үшін қалай сабақ оқыса, сенген дінінің әсемдіктерін суреттейтін кітаптарды да 
солай оқуы керек. Жоғарыда да айтып ӛткеніміздей мұның әрі сабақтарымызға пайдасы 
тиеді, әрі жүрегімізді азықтандырады.
Нәтижеде біз оқуға және білімге мән беретін дінге сенеміз. Әрбір адам әрі 
материалдық, әрі рухани азығын ала білуі керек және ӛзін осылай жетілдіруі керек. Мұның 
жолы оқулықтарымен бірге адамның рухани азығы болатын кітаптарды оқу арқылы ӛтеді.
Тақырыптқа қатысты әдебиеттер 
Сұрақтар 


120 
1.
Аяттан түсінгеніміз бойынша Аллаһтың құлдарының арасында Одан нағыз қорқатындар 
кімдер? 
А) Ғалымдар ә) байлар б) басқарушылар в) ешқайсысы 
2. Пайғамбарымыздың бір хадисінде ғалымдардың сиясының .............................. 
ӛлшенетіні кӛрсетіледі. 
3. Хадисте айтылғаны бойынша Аллаһ, періштелер, жер мен кӛктегі барлық нәрселер, 
илеуіндегі құмырсқадан бастап теңіздегі балыққа дейін барлық жандылар кімге дұға етеді? 
4. Мына хадистегі бос орынды толтырыңыз: Ғылым іздену ниетімен үйінен шыққан әр 
талаптанушының үстіне ....................................... қанат жайып, Аллаһ оған ............... жолын 
жеңілдетеді. 
5. Шәкірті Матар Әл Уәррақтың айтуы бойынша ӛлгенінше ғылым ізденген тұлға кім? 
А) Катаде ә) Толстой б) Эмиль Золя в) Фредрих Генри 
6. Мысыр жорығына шыққанда ӛзімен бірге үш жануарға кітап тиеп алып шыққан 
Осман патшасы кім? 
А) Фатих Сұлтан Мехмет ә) Явуз Сұлтан Селим б) Кануни Сұлтан Сүлейман в) ІІ−Баязит 
7. Ғылым үйрену және Аллаһ ризалығын алудан басқа мақсаты болмаған ғылымға 
құштар сахаба тобы қалай аталады? 
А) Шүхеда−и Ухуд ә) Дарун Недве б) Асхабы Бедир в) Асхабы суффе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет