Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


жылдардың ортасында В.И. Короновский 3 бөлімді үлгі ұсынд



бет12/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

50 жылдардың ортасында В.И. Короновский 3 бөлімді үлгі ұсынды.
Сабақтың басталуы. (кіріспе бөлім), меншіктік сабақ (негізгі бөлім), сабақтың соңы (қорытынды) бөлім) Дене шынықтыру жаттығуларымен сабақ өткізудің жақсы әдістемелік тәсілдерін табудың қарқынды іздеу жолдары бір уақытта жүргізіледі.
Әр түрлі, жастағы, әр түрлі жыныстағы оқушылармен сабақ өткізу ерекшеліктері айқындалды. Сабақты құрудың жалпы педагогикалық заңдылықтарын ашу дене жаттығуларын орындау кезіндегі адамның жұмыс қабілеті туралы мәселелер бойынша психологиялық, педагогикалық, физиологиялық зерттеу жүргізуге жағдай туды. Тамыр соғуы ағзаның маңызды жүйесі қан айналымының жұмысын көрсетеді. Барынша қарапайым және таралған тамыр соғуын саусақпен тексеру (пальпаторлы) әдісі.Тамырдың соғуын сабаққа дейін және сабақтан кейін 5-10 минут өткен соң 10 секунд аралығында жүргізіледі. Нәтижесінде тамырдың соғуы жұмысқа дейін 1 минутта 60 рет ұрады, сабақтың барысында 70, 90, 95, 120, 140, 130, 135, 120, 140, 90, жұмыстан соң 70 рет ұрады. Жұмыс қабілетінің өсуіндегі біртін –біртелі принципінің бұзылуы сабақтың дұрыс басталмауына әкеледі. Жұмыс қабілеттілігін бақылау және өзін-өзі бақылау сабақ өткізудің қажетті элементтерінің бірі.
Сабақ басқа сабақтар тәрізді 3 бөлімнен тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды. Одан әрі жүктелген міндет бойынша бөлшектеп талдауға кіріседі.
Дайындық бөліміне: оқушыларды ұйымдастыру, шешіну орнын тәртіпке келтіру, киімді және пайдаланылатын спорт құрал-саймандарын дайындау, қысқаша кезекшінің нұсқауы, оқушыларды спорт алаңына шығар алдында сапқа тұрғызу кіреді. Сабақты құру қызметі тікелей сабақтың басында әр түрлі әрекеттер атқаруы мүмкін, Сабақ басталар алдында бір қатарға тұрғызу, рапорт беру, назарға арнайы жаттығулар, сабақтың міндетін түсіндіру
Сабақтың барысында сапқа тұруға үйрету, бұйрықтарды анық орындауға үйрету, дұрыс дене мүсінін қалыптастыруды үйретеміз.
Дайындық және оның орындалуына ұзақ уақыт талап етілмейтін және жеңіл мөлшерленетін жаттығулармен: жүру, жүгіру, секіру, жалпы дамыту жаттығулары, қарапайым би адамдары. Оларды орындау кезінде оқытып үйрету және жетілдіру, шапшаңдықты дамыту тәрбиелеу жұмыстары жүреді.
Сабақтың дайындық бөлімінде шешілетін міндеттердің арасында жаттығудың мағыналық үйлесімділікпен және физиологиялық қозғаушы күштермен қарастырылуы тиіс. Мыс: дамыту жатығулары мын реттілік сақталады: созылу, қолға және иық белдеулеріне арналған жаттығулар, аяқ, қолға арналған жаттығулар, тізені бүгу, кеудеге арналған жаттығулар, секірулер, босаңсуға арналған жаттығулар.
Сабақтың дайындық бөлімі басқа бөлімдермен байланыста болуы тиіс. Сабақ басталар алдындағы жаттығулар негізгі уақыттың 10-20 пайызы бөлінеді, мектептегі сабаққа 5-12 мин, спорттың жаттығу сабағына 30-40 минутқа дейін. Сабақтың күрделі міндеттерін шешу негізгі бөлім.-Сабақты ұйымдастыру әдісі оқушылар шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы т.б) байланысты. Сабақ ұйымдастырудың 3 әдісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет