Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет9/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Көрнекілі әдіс. Қандай да болмасын көрнекілікті тәсілін қолдану барысында сөзбен түсіндіру тәсілі бірге жүргізіледі. Көрнекі қабылдау әдісін қолдану оқыту кезеңдеріне де байланысты. Бірінші кезеңде көрнекілікті жиі пайдаланудың себебі, қателерді түзету мақсаты көзделеді.
Дене жаттығуларын көрсетуде әдістемелік талаптар:
1. Көрсетілім әрқашанда сөздерді қолдану әдісімен сәйкес келуі тиіс.
2. Сөзбен көрсетілімнің арақатынасы мазмұны жағынан, қолдану жиілігі және уақыт бойынша бөлуде педагогикалық міндеттерімен және оқытудың шынайы ситуацияларымен анықталуы тиіс.
3. Көрсетілім мазмұны оқыту міндеттерімен сәйкес болуы міндетті:
4. Көрсетілім кезінде оқушылар мұғалімнің эмоционалдық жай күйіне еліктеу тілегін ескеру қажет.
5. Немқұрайды, анық емес көрсетілімнің қажеті жоқ, өйткені оны оқушы еліктеуге тиісті үлгі ретінде қабылдауы да мүмкін.
6. Оқушыға дене жаттығуларын көрсету басқа біреуге тапсыру мына жағдайларда мүмкін: а) егер де мұғалім денсаулығына байланысты жаттығуды жоғары деңгейде орындай алмаса; б) егер де көрсетілім кезінде ол түсндіріп беруге ыңғайсыз жағдайларды қабылдауға (мәселен, баспен төмен қарау) мәжбүр болғанда; в) әрекеттің, орындалуы мүмкін еместігіне деген оқушылардың теріс ұғымын қалыптастырмауға қажет болған жағдайда;
7. Көрсетілім кезінде мұғалім барлық оқушыларды басқаруға болатын тиімді жағдайды меңгеруі тиіс.
8. Жаттығуды дұрыс орындамаған әрекет мұғалімнің көрсетуі оқушылар орындайтын жаттығуға сын көзімен қарауға қабілетті болғанда өз әрекетін талдай білген жағдайда мұндай көрсетіліммен бірге сенімді түсіндірмелер қатар жүргенде және оқушылардың кемшіліктерін келемеждеу, тәлкек ету болмаған жағдайларда қолайлы.
9. Айнымалы көрсетілім тек қарапайым, көбіне ортақ дамытылған дене жаттығуларына пайдаланған мақұл.
Бақылыу сұрақтары.
1. Қатаң шектелген жаттығулар тәсілін қолдану ерекшеліктері.
2. Бөлшектеп оқыту тәсілінің қажеттілігі..
3. Ойын тәсілі мазмұны.
4.Жарыс тәсілі
5.Сөзді қолдану тәсілі
6. Көрнекілік тәсілі атқаратын фнукциясы.
7. Дене жаттығуларын көрсетуде әдістемелік талаптар.
8. Бөлшектеп машықтандыру әдісінің педагогикалық артықшылықтары:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет