Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Дене тәрбиесі процесінде (екінші саты)



бет53/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Дене тәрбиесі процесінде (екінші саты) дене тәрбиесі мұғалімінің практикалық қызметі мектептегі дене тәрбиесінен сабақтың барысында оқушылардың бағдарламалық талаптары орындалатын оқу-практикалық және танымдық қызметті басқаруға бағытталған.
Оқушылардың қызметін басқаруға мыналар кіреді:
- сабақтағы ұйымдастыру шаралары; - тікелей педагогикалық әсер ету;- сабақта ағымдағы бақылау.
Оқушыларды бағдарламалық материалды меңгеруге және тербиелік әсер етуі дайындық жағдайына келтіру үшін сабақта келесі ұйымдастыру шаралары қызмет етеді
- сыныпты сапқа тұрғызу;- оқушыларға сабақ міндетін түсіндіру; - сыныпты басқару үшін қажетті, сапқа тұрғызудың түрлері; - сыныпты басқару үшін оқытушыға, орынды таңдау; - тәртіпті ұйымдастыру; - қажетті спорт қондырғылары мен құрал-жабдықтарымен қамтамасыздандыру; - қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде оқушылардың кауіпсіздігін ұйымдастыру; - оқу уақытын үйлесімді үлестіру (бөлу); - сабақ өтілген орынды жинау (спорт қондырғылары мен құрал-жабдықтарды); - сабақтың корытындысын шығару және үйге тапсырма беру (жеке-жеке және барлық сынып үшін).
Дене тәрбиесі сабағында мұғалімнің әрекеті нақтылы міндеттерді шешуге бағытталған және әдістемелік кәсіби шаралардың жиынтығымен сипатталады. Оларға мыналар жатады:
- оқу материалын түсіндіру; - жаттығуды көрсету; - суреттерді, кинограммаларды, әдістемелік құралдарды көрсету және т.б.; - қозғалыс әрекетін орындау кезінде оқушыларға тікелей көмектесу.
Сөз (түсіндіру, бейнелеу, баяндау) және көрнекілік оқытушының оқушыларға педагогикалық әсер етуінде маңызды орын алады. Олар көз алдына келтіріп елестетуге және ұғынуға жәрдемдесуді (елестетуге, түсінуге, ұғынуға, есте сақтауға жеңілдетеді); сезіммен ұғыну қызметін атқарады; абстракты ойлауды бақылайды;
Үйлесімділікті, саналылықты, дербестікті, қызығушылықты, байқағыштықты дамытуға жәрдемдеседі.
Оқу процесінде сөз және көрнекілік келесі негізгі қызметтерді атқарады:
а) орындалатын қозғалыс әрекеті туралы және оның құрамдас элементтері туралы (білімді беру; ә) берілетін білімді оқушылардың түсінуге дайындық қызметін ұйымдастыру, сабақта тәртіпті ұйымдастыру және сүйемелдеу, бағалау, жаттығуды орындауды ұйымдастыру; б) оқушылардың қызметін басқару.
Дене тәрбиесі сабағында сөздің және көрсетудің ара қатынасында оқу материалының күрделілігіне, оқып, үйренушілердің жасына және дайындық деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.
Қозғалыс әрекеті туралы және оның орындалу әдістері туралы негізгі Мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз арқылы баяндауынан алады, ал көрнекі құралдар оларды куәлендіреді немесе нақтылайды.
Үйретілетін жаттығуды мұғалімнің түсіндіруі, оның көрсетуімен, яғни мүмкіндігінше суреттеледі, кинограммалармен нығаяды. Жаңа қозғалыс әрекетін үйрету барысында мұғалім әдетте оны түсіндіреді, ал содан кейін әртүрлі көрнекілік әрекеттері арқылы нақтылайды немесе түсіндіру арқылы алғанын дәлелдеп көрсетеді.
Жоғары сынып оқушыларын козғалыс әрекетіне оқытып, үйрету процесінде жаттығудың барлық құрылымы туралы білімді беру үшін мұғалім сөзді және сөз көрсетуді, көрсету-сөзді пайдаланады, ал майда сынып оқушыларымен сабақтарда көп шамада көрсету және бір уақытта сөз және көрсету пайдаланылады. Қозғалыс элементтерінің құрылымы туралы білімді беру кезінде мұғалімге бастауыш сынып оқушыларынан жинақтаған тәжірибе сөзді жиі пайдалануға мүмкіндік береді.
Түсіндірумен үйлесімділіктегі көрсету оқып, үйретілетін қозғалыс ерекеті туралы мағлұматты қалыптастыруға қосылған шешуші үлес болып табылады.
Оқушылардың қызметі сабақты өткізу жағдайы сияқты барынша өзгермелі (спорт зал, ашық алаң, стадион, кедір-бұдыр алаң, сонымен бірге жыл мезгілінің өзгеруі). Атап айтқанда осы мұғалім біліктілігіне сабақта өзінің орнын таңдауы және сабақ процесіндегі ауыспа-жоғары талапты анықтайды, оқушылардың кызмет әрекетін оның сенімді бақылауын қамтамасыз етеді.
Мұндағы негізгі принцип - бар нәрсені көру және барлығын көру. Қозғалыс әрекеті түрлерінің ерекшелігін (спецификасын) және олардың өткізілу жағдайын білу педагогты шұғылданушылардың қызметін барынша тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен бірге қажетті қауіпсіздік шараларын алдын-ала қарастыруды да міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет