Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары



бет54/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Ағымдағы бақылау - бұл дене тәрбие пәні мүғалімінің жоспарланған және қажет болған жағдайда жоспардан ауытқуы байқалған кемшіліктерді жедел жоюға педагогикалық әсер етудің нәтижесін бағалау және салыстырып тексеруге бағытталған кәсіби әрекеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық процестің тиімділік әсерін бақылау (үшінші саты) сатысында дене тәрбиесі пәні мұғалімінің оқытып, үйрету нәтижесін, өз еңбегінің жағымды және жағымсыз жақтарын талдау және бағалау, байқаған кемшіліктерін жоюдың барынша ұтымды табу және қажет болған жағдайда жаңа кәсіби - педагогикалық шешімді өндіруге бағытталған.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімінің кәсіби-педагогикалық кызметінің құрылымында дене тәрбиесі сабағындағы қызмет бағдарламаларын өндіріп дайындауға бағытталған маңызды орынды конструкциялық қызмет алады.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімінің конструкциялық қызметін талдай келе оның мыналарға бағытталғанын белгілеу қажет.
1) оқушылардың жеке тұлғасын, мінезін, олардың білімі көлемін, козғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
2) оқу материалын іріктеу және жүйелі орналастыру;
3) дене тәрбиесі сабағында окушьшар қызметінің бағдарламасын жасау;
4) мұғалімге оқушылардың оқу-практикалық және танымдық кызметін баскару бойынша өзінің рөлін бағдарламалау.
1) Ең аз деңгейі (репродуктивті) - мұғалім тек өзі білетін және орындай алатындарын үйретеді.
2) Төменгі деңгейі (адаптивті) - мұғалім өзі білетін, меңгерген білімді, біліктілікті бере алады, сонымен бірге шұғылданушылардың жеке ерекшеліктеріне және жасына, дене дайындығының деңгейіне қарай меңгерілетін материалының нақтылы мазмұнын бейімдей біледі.
3) Орта деңгейі (локальды - модель дейтін) мұғалім шүғылданушыларда өзінің оқу пәнінің жеке тараулары мен бөлімдерінен берік білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыра алады.
4) Жоғары деңгейі (жүйелік-модель дейтін қозғалыс қызметі мен оқушылардың құлқы) - мұғалім өзінің оқу пәнінің шұғылданушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру құралы ретінде пайдалана біледі, яғни олардың шығармашылық оқу қабілетік, жаңа білімді өздігінен ала білуін, оларды талдап қорыту және жаңа өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қозғалыс қызметін басқаша құруын сапалы түрде калыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет