Біржан сал "Лəйлім шырақ"



бет9/11
Дата05.04.2022
өлшемі33,99 Kb.
#137938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәстүрлі ән мәтіндері

Ғалия


Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы (1868-1919)

Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,


Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауаласын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.
Ойпыр-ау, жан сәулем,
Ғалия-ау, бетіңнен,
Әппақ қардай етіңнен,
Бір күн ауру, бір күн сау,
Жазылдың ба дертіңнен.
Нұр-сипатың, Ғалия, – жамалыңыз,
Ешбір жанға тимесін залалыңыз.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Әлдеқалай болады заманымыз.
Ойпыр-ау, жан сәулем,
Ғалия-ау, бетіңнен,
Әппақ қардай етіңнен,
Бір күн ауру, бір күн сау,
Жазылдың ба дертіңнен.
Айдың көзін жалт етіп бұлт алсын,
Бүйте берсең жүйкемді құрытарсың.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Қай қылығың қалқаның ұмытарсың.
Ойпыр-ау, жан сәулем,
Ғалия-ау, бетіңнен,
Әппақ қардай етіңнен,
Бір күн ауру, бір күн сау,
Жазылдың ба дертіңнен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет