ABmC= qE BD=qEL.
С онымен, біртекті электр өрісінде электр күштерінің жұмысы жолдың пішініне, яғни траекторияға тәуелсіз. Бұл қорытынды біртекті емес өріс үшін де орындалады.
Б іртекті электр өрісінде зарядты орын ауыстырғанда электр өрісінің күштерінің жасаған жұмысы заряд траекториясының пішініне тәуелді емес, ал ол бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады.
Демек, электр өрісін тудыратын электр зарядының кеңістіктегі таралуы уақыт бойынша өзгермесе, онда өріс күштері консервативтік болып табылады.
В mС және ВnС бөліктеріндегі өріс күштеріжұмысының бірдей болуынан (1-сурет), тұйық контурда өріс күштерінің жұмысы нөлге тең. Шынында, егер ВmС бөлігінде өріс күштерінің жұмысы оң болса, онда СnВ бөлігінде ол-теріс. Сонымен, тұйықталған контур бойында электр өрісі күштерінің жұмысы әрқашан нөлге тең.
Тек консервативтік күштер әрекет ететін кезде ғана жұмыс энергия өзгерісінің бірден-бір мөлшері болып табылады. Консервативтік күш өрісі, яғни жұмысы жолдың пішініне тәуелсіз болатын өріс, потенциалдық деп аталады. Тартылыс және электр өрісі – потенциалдық өрістер.
Достарыңызбен бөлісу: |