Зарядтың потенциалдық энергиясы. Электр өрісінің күштері потенциалдық.
Зарядты В нүктесінен С нүктесіне алып өткенде осы өріс күштерінің атқаратын жұмысы зарядтың электр өрісіндегі потенциалдық энергиясының өзгерісінің мөлшері бола алады (1-сурет). Егер зарядтың В нүктесіндегі потенциалдық энергиясын WB арқылы, ал С нүктесінде WC арқылы белгілесек,
Жалпы жағдайда, егер заряд электр өрісінде потенциалдық энергиясы W1 болатын 1-нүктеден потенциалдық энергиясы W2 болатын 2-нүктеге өтсе, онда өріс күштерінің жұмысы
мұндағы –зарядтың потенциалдық энергиясының оны 1-нүктеден 2-нүктеге алып өткен кездегі өсімшесі.
Осы формуладан көріп отырғанымыздай, жұмыстың өзгерісі арқылы q зарядтың потенциалдық энергиясының өрістің В және С нүктелерінің арасындағы өзгерісіне тең екенін ғана біле аламыз, бірақ оның потенциалдық энергиясын өрістің қайсыбір нүктесінде бағалауға мүмкіндік беретін ешбір тәсіл жоқ.
Біртекті электростатикалық өрістің потенциалдық энергиясы мынаған тең болады:
Осы анықталмағандықтан құтылу үшін қалауымызша алған өрістің бір нүктесінде потенциалдық энергияны шартты түрде нөл деп алсақ, қалған барлық нүктелерінде потенциалдық энергия бірмәнділікпен анықталатын болады. Өріс тудыратын зарядталған денеден шексіз алыста орналасқан нүктедегі зарядтың потенциалдық энергиясын нөл деп санау келісілген:
W∞=0.
Q зарядты нүктеден шексіздікке апарғанда
AВ ∞= WВ – W∞. Мұндай шарт кезінде өрістің қайсыбір нүктесіндегі зарядтың потенциалдық энергисяы осы зарядты өрістің берілген нүктесінен шексіздікке алып өткенде өріс күштері атқаратын жұмысқа тең.