Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет95/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Жетілген диверсификация – фирманың коммерциялық және технологиялық жоспарларымен байланыспайтын қызметтің жаңа түрлерiн меңгеруі.
Зияткерлік меншік объектілері – жеке және (немесе) заңды тұлғаның зияткерлік, шығармашылық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне тікелей құқығы болып табылады.
Инноватор (новатор) – инновациялық жүйеде негізгі субъект болып табылатын және жаңалық енгізу арқылы қызмет ететін адам.
Инновация – басқару объектісін өзгерту мақсатында жаңашылдық енгізудің сонымен қатар үнемді және өзгеше эффект алудың соңғы нәтижесі.
Инновация – бұл жаңа элементтерді енгізумен болған өзгерістер, яғни олардың ең басты критерийлерінің бірі жаңашылдық болып табылады.
Инновация – жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрiнде iске асырылған, қолданылатын сол тақылеттестермен салыстырғанда практикалық қызметте пайдалану кезiнде сапалық артықшылықтарға ие әрi экономикалық және (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық қызмет нәтижесi;
Инновация – инновациялық және ғылыми-техникалық әрекеттің соңғы көрсеткіші.
Инновацияға жұмсалған шығындар деп - кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығыстарды айтамыз.
Инновациялық грант – бұл тәжірибелік-конструкторлық зерттемені жүзуге асыру, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық дәйектемені дайындау, өндірістік меншік объектісін шетел мемлекеттерінде немесе халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеу үшін, грант беруші мен алушы арасындағы шартқа сәйкес бюджеттен төленетін тарнсферт.
Инновациялық грант – тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелдi зерттеулердi орындауға, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындауға, зияткерлiк меншiк объектiсiн шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттiк ұйымдарда патенттеуге, инновациялық технологияларды сатып алуға арналған инновациялық грант туралы шартта көзделген талаптарда берiлетiн бюджет қаражаттары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет