Инновациялық тауар – бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар.
Инновациялық технологияларды сатып алу – инновациялық технологияларды пайдалану құқықтарын құқық иеленушiден инновациялық қызмет субъектiлерiне беру процесi;
Инновациялық үрдіс– бұл жаңа өнімнің интеллектуалды меншік пен тауар статусын иелену нәтижесіне апаратын қызмет.
Инновациямен басқару – жаңалықтарды енгізу, яғни ғылыми зерттеулер нәтижелерінің объектілері өндіріске жады енгізе білу.
Кадрларды басқару –әлеуметтік басқару түрінде кең тараған маманданған кадрларды дайындау еңбекті ынталандыру жұмысшылар жұмысшылардың еңбегінің жағдайларын жақсарту еңбектік дауларды шеше білу.
Коммуникация – ақпаратпен алмасу үрдісі
Коммуникациялық процес - бұл кәсіпорын ішінде және кәсіпорынның сыртқы ортамен ақпарат алмасуы. Камуникациялық процестің негізгі мақсаты – бұл алмасу затын, яғни ақпаратты түсінуді қамтамассыз ету.
Коммутант фирмалары – жергілікті-ұлттық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар. Өнім шығарудың құлдырау циклында қызмет етеді.
Қажеттілік – мағынасы кең ұғым. Сұраныс қажеттіліктің бір бөлігі және ол тұтынушының сатып алу қабілетін ғана сипаттап қоймайды, сонымен бірге олардың тауарға талғамы мен талабын да білдіре алады.
Қорғалатын құжат – мемлекетпен қорғалатын өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне және өнеркәсіп меншігінің басқа объектілеріне құқықты куәландыратын құжат.
Лизинг – бұл сатып алу-сатуға делдалдық жасаған кезде маманданған қаржы компанияларын ұзақ уақытқа пайдалануға болатын тұтыну тауарларымен және жылжымайтын мүлікпен жабдықтау үшін бөлінетін қаржының ерекше түрі. Лизинг өндіріске қатысушыларға несиелік – қаржылық қызмет көрсету құралының бір түрі.
Лицензия – иегердің (лицензиардың) белгілі шарттарда және келісілген сыйақыға мүдделі жаққа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншіктің қандай да бір объектісіне тікелей құқық немесе ноу-хау, объектіні пайдалануға құқық, арнайы шартта ресімделген келісім беруі. Патенттік лицензия патентті пайдалануға құқық береді, берілетін құқықтардың көлемін, аумақты және оны пайдалану кезеңін, сондай-ақ төлем нысанын анықтайды.
Лицензиялау – шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау, тауар белгісін, патентін қолдануға беретін құқық.