Инновациялық даму институттары – инновациялық қызметтi қолдау үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғам түрiндегi ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалар;
Инновациялық дамыту шараларының кешенi – инновациялық даму институттарының инновациялық жобаларды iске асыру үшiн жағдай жасауы жөнiндегi iс-шаралар;
Инновациялық жоба – инновацияларды енгiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;
Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық қызметтi қолдауды қамтамасыз ететiн ұйымдар жиынтығы;
Инновациялық кәсіпкерлік – инновациялық қызметтің нәтижесінде пайда болған нарықты қалыптастыру және игеру мақсатында тұтынушылар нарығының инновациялық мақсаттағы маниторингін жүргізу қызметі.
Инновациялық климат – инновациялық қызмет немесе инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін экономикалы, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, саяси, тарихи және мәдени жағдайлар кешені.
Инновациялық қор – инновациялық жобалар мен инфрақұрылымдарды жəне инновацияның қызмет көрсету сферасында қаржыландыру арқылы инновациялық қызметтің дамуына көмектесетін заңды тұлға.
Инновациялық қызмет – бұл жаңа ғылымисыйымды өнімнің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде интелектаулды меншік пен тауар статусын иелену үрдісі.
Инновациялық қызмет – инновациялық жобаны iске асыруға бағытталған қызмет;
Инновациялық қызмет субъектiлерi – инновациялық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Инновациялық менеджмент – ұйымдағы инновациялық әрекетті басқару процесі, басқару мақсатын нақтылау, өз мүмкіншіліктерін бағалау, басқарудың нақты тәсілдерін қолдану.
Инновациялық орталық – конструкторлық-технологиялық жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бəсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды əзірлеу езінде инновациялық кəсіпорындарды өндірістік-технологиялық қолдауға жəне бұл құрылымдардың ғылыми-техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті, жарнамалық жəне көрме қызметін, патенттік- лицензиялық жұмысты жəне интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар.