Мақсат – нақты соңғы жағдай және қалаулы жетістік. Бұған жетугу әрбір топ ұмтылады.
Маркетинг – тауарды өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару процесі (Ф. Котлердің анықтамасы).
Маркетингті басқару – нарықты зерттеу сұрақтарымен айналасады. өтімділіктің каналдарын қалыптастыру, баға саясатын талдау жарнамасын жасау.
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.
Материялдық техникалық қамсыздандыру мен дайын өнімнің өтімділігін басқару – шаруашылық келісім шарттарды бірлесе отырып жасау шикізаттарды материялдарды сақтау, жеткізу, сатып алу, сатып алушыларға немесе тұтынушыларға тауарды жеткізу.
Менеджер – өндірісті, өткізу және қызмет көрсету саласындағы босқару жөніндегі кәсіптелген маман, оның қолында белгілі бір әкімшілік, шаруашылық, дербестік болады.
Менеджмент – өндірісті дамыту, оның тиімділігі мен қарындылығын арттыру мақсатында қолданылатын басқару негіздерінің, әдістерініің және құралдарының жиынтығы.
Методология – бұл зерттелетін мәселенің нақты құрылымы.
Мотивация (уәждеме) – бұл жұмыскерлердің еңбектік іс-әрекет арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы немесе өзін және басқаларды, ұйымның мақсатына жетуге ояту және ынталандыру процесі.
Мультифранчайзи – фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда болады.
Өндірісті басқару – техникалық процестіңнегізгі параметрлерін қолдауға бағытталады. өнімді шығарудың ағымдағы көлемі анықталады. Құрал жабдықтарды және техниканы жөндеу баға санасына бақылау жасау.
Өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы болып табылады.
Патент – техникалық проблеманың шешімін жазбаша нысанда тіркейтін құжат. Патентті иеленушіге өнертабысты пайдалануға айрықша құқық береді. Сондай-ақ осы техникалық шешімді басқа адамдарға беру құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |