Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы



бет3/8
Дата28.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#34302
1   2   3   4   5   6   7   8










АЛҚАЛЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРГАНДАРЫ


педагогикалық кеңес – педагог қызметкерлердің тұрақты әрекеттегі алқалы өзін-өзі басқару органы. Педагогикалық кеңес отырысы жылына 4 рет бекітілген жоспар негізінде мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарастыру және шешу мақсатында өткізіледі.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС оқу үдерісінің сапасын арттыруға және оның ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуші алқалы кеңесшілік-ұсыныс білдіруші орган болып табылады.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС қызметтің барлық саласына қолдау мен көмек көрсету мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерін алқалы басқарудың бір түрі болып табылады.

ТӘРТІПТІК КЕҢЕС тәртіп бұзушылықпен, қызметкерлер мен оқушыларға арналған ішкі еңбек тәртібі ережесінің бұзылуымен байланысты мәселелерді қарастырады.

АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ – ата-аналар қауымы мен мектептің өзара әрекеттестігі, білім беру мен тәрбие үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында қызмет ететін, тұрақты әрекеттегі алқалы өзін-өзі басқару органы.

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және бұдан өзге заңдарымен өзге қарастыру тәртібі белгіленген дауларды есепке алмағандағы, еңбек заңнамасын, еңбек шартын, келісімдерін және өзге жергілікті құқықтық актілерді жүзеге асырумен байланысты туындайтын қызметкерлер дауларын қарастырады. Келісу комиссиясы құрамына қызметкерлер өкілдері қызметкерлердің толық құрамынан жалпы жиналыста сайланады және филиал директорының бұйрығымен тағайындалады.


ТҮЛЕКТЕР қауымдастығы – Ақтөбе қаласындағы ФМБ НЗМ-нің барлық кезеңдердегі түлектерінің ұйымдасуына және әлеуметтік тұрғыда алға жылжуына мүмкіндік беретін қарым-қатынас алаңы.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУЫ – Зияткерлік мектептің нұсқаулығымен және педагогикалық ұжыммен бірге оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысындағы мәселелерді шешуге оқушылардың қатысуын айқындайтын оқушылардың қоғамдық, өзіндік әрекет ететін, өзін-өзі басқаратын, коммерциялық емес, ерікті бірлестігі.

«ШАҢЫРАҚ» ОҚУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – әртүрлі жас мөлшеріндегі оқушылардың өзара қарым-қатынасы, жоғары сынып оқушыларының төменгі буынға деген қамқоршылығы. Шаңырақ ретінде мектеп өмірінде ұжымдағы топтық рухты сезінуге себепкер болатын кішігірім қауымдастық түсініледі.

Кураторлық қызмет


Педагог-ұйымдастырушы-куратор сабақ өткізбейді, бірақ мектептің тәрбиелік жұмыстарымен қоса оқыту қызметімен де айналысады. Куратор психологиялық қызмет, ата-аналар қауымы, әкімшілік және пән мұғалімдері арасында байланыстырушы түйін болып табылады. Әрбір куратордың басшылығына біртұтас Шаңыраққа бірлескен екі сынып бекітіледі. Оқушының жеке дамуына бақылау жүргізу және оның тұлға ретінде қалыптасуына қажетті оңтайлы жағдайды жасауға ықпал ету куратордың көмегімен үнемі жүзеге асып отырады.

психологиялық қызмет


Психологиялық қызмет ретінде әртүрлі жағдаяттарға сәйкес білім беру үдерісінің қатысушыларында туындайтын психологиялық мәселелерден арылу және оның алдын алу арқылы білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау және көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар жүйесі танылады. Жүйе мынадай бағыттардан тұрады: психодиагностикалық, психологиялық-ағартушылық, психопрофилактикалық, психологиялық кеңес беру, сонымен қатар психологиялық түзету және дамыту жұмыстары.


2017-2018 оқу жылына арналған


Каталог: Aktobe -> Portal -> wp-content -> uploads -> 2017
Aktobe -> Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы
Aktobe -> Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар
Aktobe -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Aktobe -> 500 мыңға жуық адамды қамтитын, 2200-ге жуық шараны өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде
Aktobe -> Жекешелендірудің екінші ағымы аясында сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат
Aktobe -> Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе қаласы
2017 -> Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет