«WIKIPEDIA» клубы оқушылардың ашық энциклопедия талабына сай мақалаларды жазу, толықтыру және өңдеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Клуб оқушылары ашық энциклопедияның қазақша бөліміндегі мақалалардың сапасы мен санын арттыруға белсенділік танытады.
«BOOKCROSSING» акциясы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға, отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға, мектеп ішінде және өзге де мектептермен кітап алмасу арқылы оқылған кітаптарды бірге талқылауға мүмкіндік береді.
«READING TIME» акциясы мектеп қауымдастығының кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға, серіктестік рухты, әлемді тану көзқарасын қалыптастыруға бағытталады.
КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ. ТАҢДАУ ПӘНІ
Мектепте оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету, түлектердің алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік оқу орындарында білім алуына ықпал жасау мақсатында кәсіби бағдарлау жұмысы ұйымдастырылған.
ТҮЛЕКТЕР
Зияткерлік мектептер түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін, орнықты адамгершілік құндылықтарға ие, өз елінің патриоттары болып табылады. Олар – үйлесімді дамыған, денсаулығы мықты, өзін-өзі және өзінің шығармашылық қырын дамытуға құштар, сыни ойлай алатын және мәселелерді шеше алатын азаматтар.
Зияткерлік мектептер түлектері алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік университеттерде білімін жалғастыра алатын, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетке ие.
Зияткерлік мектептер түлектері елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерге белсене араласады, жаңашылдықтарды кеңінен қолдана отырып, Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |