CIS халықаралық аккредитациясы
Халықаралық мектептер Кеңесі (CIS) – халықаралық білім беру жүйесінде мектептерді аккредитациялаумен және алдыңғы қатарлы оқыту әдістерін дайындаумен айналысатын мекеме.
CIS-тің негізгі мақсаты - халықаралық білім берудегі жоғары стандарттарға жету және оларды енгізу, сонымен қатар оқушылардың оқу нәтижелерін жақсарту үшін мекеме мүшелеріне уәкілеттілік беру.
Халықаралық мектептер Кеңесінің стандарттары:
А стандарты - «Мектептің басшылыққа алатын ережесі»
В стандарты - «Оқыту және оқу»
С стандарты - «Басқару және басшылық»
D cтандарты - «Оқытушылар құрамы және көмекші қызметкерлер»
E cтандарты - «Оқыту мен оқу мүмкіндігі»
F cтандарты - «Мектеп мәдениеті және оқыту үшін серіктестік»
G cтандарты - «Операциялық жүйелер»
ҰЖЫМДЫҚ ПОШТАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДЕБІ
Электрондық пошта бойынша ресми қарым-қатынас орнату біздің ұйым қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір хат – бұл біздің іскери ұстанымымыздың бейнесі. Ұжымдық поштаны қолдану қолайлылық пен жұмыс өнімділігін қамтамасыз етеді. Ұжымдық поштамен жұмыс жасауда келесі ережелерді басшылыққа алу қажет:
жұмыс күні бойы міндетті түрде 40 минут сайын поштаны тексеру;
хабарлама мазмұнын беру мақсатында хаттың қысқаша тақырыбын көрсету;
хатты нақты адресатқа жіберу (Aktobe All мекенжайына барлық ұжымға арналған хатты ғана жіберу керек);
мектеп миссиясы мен құндылықтарына сәйкес барлық ұжымға арналған хаттар (Aktobe All) міндетті түрде үш тілде жазылуы тиіс;
ұжымдық поштаны тек іскерлік қарым-қатынас орнатуға ғана қолдану;
- бөгде адамдардың Сіздің поштаңызды қолдануын болдырмау үшін құпиясөзді басқа компьютердің браузерінде сақтамау;
- поштамен жұмыс жасап болғаннан кейін жүйеден шығу.
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
Оқу кабинеті – бұл білім беру үдерісі жүзеге асатын оқу бөлмесі.
Мектепте 60 оқу кабинеті, жаратылыстану бағыты пәндерінің тараулары бойынша тәжірибелер жүргізуге арналған әмбебап аспаптар мен жабдықтар жиынтығынан құралған 15 зертханалық кабинет бар. Оқу кабинеттері жаңа үлгідегі мектеп жабдықтарымен, интербелсенді, маркерлік тақталар және ноутбуктермен, ал кабинеттер арнайы зертхана жиһаздарымен, бақылау-өлшеу құрылғылары және техникалық заттармен қамтылған кеңейтілген зертханамен жабдықталған. Дене шынықтыру сабақтарын, спорттық секция жұмыстарын өткізуге арналған екі спорт залы және бір тренажер залы бар. Мектепте сондай-ақ жеке сабақтарға арналған кабинеттер, психологиялық тұрғыда жеңілдеу бөлмесі, педагогикалық және ақпараттық технологиялар біріктірілген, әдістемелік бірлестіктер кабинеттері қарастырылған.
Кабинеттерге басшылық әдістемелік бірлестік пән мұғалімдерінің ұсынылуы арқылы мектеп директорының бұйрығымен бекітілген кабинет меңгерушілеріне бір оқу жылына жүктеледі.
Оқу кабинетін меңгерушілікке тағайындау критерийлері:
- Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі еңбек өтілі кемінде 1 жыл;
- кабинеттің келешекке арналған мазмұнды жұмыс жоспарының болуы;
- аяқталған оқу жылының нәтижесі және жаңа оқу жылы бойынша комиссияның оң қорытындысы.
Мектеп кітапханасы – бұл мектеп инфрақұрылымының маңызды бөлігі, мектептің мәдени-ақпараттық орталығы, оқу үдерісінің негізгі компоненті.
Тұрақты ілгері жылжу мен даму – мектеп кітапханасы қызметінің негізгі ұстанымы. Қазіргі таңда мектеп қызметінде кітапхана шығармашылық пен жасампаздықтың, біріктіруші, жинақтаушы рөлінде. Мектеп кітапханашысы оқушылардың сыни тұрғыда ойлауына, олардың ақпараттық және функционалдық сауаттылығы мен зерттеу дағдыларын дамытуға жағдай жасауы тиіс. Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларына АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея мектептері кітапханаларының алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері енгізілуде.
Кітапхана жұмысы туралы толығырақ ақпарат төмендегі сілтемелерде:
http://lib.akb.nis.edu.kz/
https://www.facebook.com/Nis-Aktobe-Library-817317308291536/
2014 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасы Төрайымының бастамасымен жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсету мақсатында жүйелік-әдістемелік кешен құрылды және жұмыс істейді (мекенжайы: www.smk.edu.kz және www.sk.nis.edu.kz).
ЖАТАҚХАНА
Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасы «Өркен» білім беру грантын иеленген, Зияткерлік мектептің тұрғылықты жерінен тыс елдімекендер мен өңірлерде тұратын оқушылардың тәрбиесі мен тұру жағдайын қамтамасыз етеді. Жатақхана 120 орынға (30 тұрғын бөлме) арналған. Оқушылар жатақханада ақысыз негізде тұрады. Жатақхана санитарлық нормаларға сәйкес қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген: қыз балалар мен ер балалардың әр бөлмеде 4 адамнан бөлек тұруы, 5 мезгіл тамақтану, өз бетінше дайындалуға және демалуға арналған аймақ, тұрмыстық бөлмелер. Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ оқушылардың жатақханада тұруына рұқсат етіледі.
ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 48 орынға арналған кафетерий жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты 8-30-дан 16-00-ге дейін. Әзірленген тағамдардың сапасын диетолог мейірбике бақылайды.
Мектептің барлық қызметкерлері жыл сайын жоспарлы медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі тиіс. Мектеп қызметкерлерімен бір жылға «Евразия» СК АҚ-мен ерікті түрде медициналық сақтандыру шарты жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |