2
Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы
Ет тұрғындар арасында аса кең тараған және құнды
қоректену өнімі болып табылады.
Еттің азықтық және
биологиялық құндылығын бай химиялық құрам, әсіресе оның
ақуызды бөлігі қамтамасыз етеді. Ол жоғары сіңімділігімен
және қоректілігімен ерекшеленеді. Аспаздық өңделуі жеңіл.
Ет
адамды жалықтырмайды, онымен тағамдардың бай
мәзірін
әзірлеуге болады, өз кезегінде ол азықтарды
маңызды түлендіруге мүмкіндік береді.
Ет құрамына толыққұнды ақуыздар, сондай-ақ майлар, дәрумендер, экстрактивті және
минералды заттар кіреді. Ет және ет өнімдері ағзаны ақуыз
және маймен қамтамасыз
ететін бірден-бір маңызды көзі болып табылады. Бұлшықет ұлпасы ақуызға бай келеді.
Химиялық құрамы және сіңімділігі бойынша дәнекер, жүйке жүйесі
және шеміршек
ұлпаларындағы ақуыздың құндылығы төмен келеді.
Ет – сіңімді фосфор және темірдің жақсы көзі, оның құрамында калий натрий, цинк, йод,
мыс және басқа да минералды заттар, дәрумендер (негізінен В тобындағы) бар. Етте
сондай-ақ, пісіру кезінде сорпаға шығатын көптеген
экстрактивті заттар бар, олардан
белгілі бір дәрежеде еттің
дәмі мен иісі бағынышты болады, олар асқорыту жолындағы
бездердің қызметін қоздырады, тәбетті ашады, ас қортылуын жақсартады.
Еттің химиялық құрамы мал түріне байланысты. Еттің сапалылығы оның сыртқы түрі,
қоюлығы, түсі, иісі бойынша анықталады. Жаңа сойылған және салқындатылған еттің түсі
қызыл, тығыз болады.
Етті емдік мақсатта да қолданады, себебі ол аминқышқылдарына, ақуызға, минералды
заттарға, оның ішінде темірге өте бай. Осы мақсатта ет фаршынан жасалған тағамдарды
жиі қолданады, себебі олардың сіңімділігі тез.
Достарыңызбен бөлісу: