39
Кесте 10. Бизнестің табиғи географиялық ортасы
Бизнестің табиғи географиялық ортасы
Орта ресурстары
Ортаның сапалылығы
жер
су
биологиялық
минералды
шикізаттық
жылу энергетикалық
климаттық
рекреациялық
ресурстармен қамтамасыз етілуі және
оларды игеру үшін қол жетімділігі
топырақ құнарлылығы
экожүйелердің өнімділігі
жыл мезгілдерінің ұзақтығы
табиғаттағы табиғи баланстың ластану
және бұзылу дәрежесі
Бизнестің
орналасқан
жері
сыртқы
ортаның
көптеген
факторларымен, ең алдымен
көліктік қолжетімділікпен, жұмыс күшімен,
шикізатпен, материалдармен, энергиямен,
басқа да ресурстармен
қамтамасыз етілумен анықталады. Бұл факторлар кәсіпорындарды
орналастыруға, шикізатты жеткізуге, өнімді өткізуге және жұмыс күшін
қолдануға тікелей әсер етеді. Бұл факторлар
мен шығындарды бағалау
кәсіпорынды макродеңгейде, яғни осы бизнесті табысты жүргізуге
болатын нақты елдің, өңірдің, жердің орналасу
орнын сәтті таңдауға
мүмкіндік береді.
Кәсіпорын сыртқы ортамен тұрақты түрде алмасып тұрады, өйткені
сыртқы орта өндірістік әлеуетті қалыптастыру және қолдау үшін қажетті
өндірістік ресурстар көзі болып табылады. Сыртқы ортаның факторлары
кәсіпорын мен оның қызметтері тарапынан бақыланбайды. Кәсіпорыннан
тыс, сыртқы ортада болып жатқан оқиғалардың әсерінен кәсіпорын
басшылары
өзгеріс жағдайларға бейімделіп, ішкі ұйымдық құрылымды
өзгертуге мәжбүр болады.