Бизнеске кіріспе


 ТАҚЫРЫП  КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ



Pdf көрінісі
бет26/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

3 ТАҚЫРЫП 
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ 
НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
3.1 Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары 
3.2 Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандары 
3.3 Қазақстан Республикасында бизнесті мемлекеттік қолдау 
3.1 Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары 
 
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті 
пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер 
көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына 
(жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік 
кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) 
негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет тек Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана 
шектелуі мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге 
асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың 
лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру 
кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің 
талаптарын сақтауға міндетті. 
Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды 
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерлік 
субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған 
кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы. 
Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік нысанына және кез 
келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең. 
Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең 
мүмкіндіктерге ие болады. 


41 
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық 
нысанда құрылуы мүмкін. 
Кәсіпорныңызды тіркей отырып, сіз кәсіпкерліктің ұйымдық-
құқықтық нысанын таңдай аласыз. Бұған көп нәрсе тәуелді болады: 
кәсіпкерлікті тіркеу және жүргізу ерекшеліктері; бухгалтерлік есептілік; 
қаржылық тәуекелдердің көлемі; салықтар; табыс; заңды жауапкершілік. 
Кәсіпкерліктің бастапқы кезеңінде таңдау екі нысанның арасында тұрады 
– жеке кәсіпкер (ЖК) және жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). 
Олардың арасындағы айырмашылықты талдап көрейік. Сіз өзіңіздің жеке 
бизнесіңізді жеке тұлға ретінде, яғни жеке кәсіпкер (ЖК) бола аласыз 
немесе жеке тұлға құрған заңды тұлға (ЖШС) арқылы жұмыс жасай 
аласыз. Мысалы, белгілі бір Сұлтанов жеке кәсіпкер Сұлтанов ретінде 
жұмыс істей алады немесе ол «Спорт әлемі» ЖШС деген атпен ЖШС 
жасай алады және осы заңды тұлғаның атынан бүкіл кәсіпкерлікті жүргізе 
алады. 
Жеке кәсіпкер – бұл азаматтың өзі, ал заңды тұлға – кәсіпкерліктің 
тәуелсіз ойыншысы деп айтуға болады, және оны осы заңды тұлғаны 
құрған азаматпен сәйкестендіру мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет