Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет29/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Қаржы-өнеркәсіп топтары
-
өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және 
сауда капиталдарын, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен 
бірнеше заңды тәуелсіз кәсіпорындар мен ұйымдардың зияткерлік 
әлеуетін біріктіру болып табылады.
 
Холдинг
-бұл қатысу жүйесі, акциялардың бақылау пакетін иелену 
арқылы еншілес кәсіпорындарды басқару мақсатында ірі кәсіпорындар 
құратын заңды тұлға, акционерлік компания.
Холдингті былай бөледі: таза 
холдинг-арнайы бақылау мен басқару үшін және аралас холдинг-басқару 
мен қызмет үшін. 
Осылайша, экономикалық үдерістерді жаһандандырудың және 
бәсекелестікті қатаңдатудың қазіргі заманғы жағдайларында, өндірістік-
шаруашылық қызметті неғұрлым тиімді жүзеге асыруды ұйымдастыру 
процесінде кәсіпкерлер алдында бірігудің қандай да бір нысанын таңдау 
проблемасы тұр, олардың негізгілері корпорация, концерн, картель, 
консорциум, синдикат, трест, холдинг және қаржы өнеркәсіптік топтар 
болып табылады. 
Кәсіпкерлік 
қызметтің 
әр 
түрлі 
нысандарының 
артықшылықтары мен кемшіліктері. 
Іс-әрекет еркіндігі
Жеке кәсіпкер (ЖК) өз іс-әрекеттерін ешкіммен келіспестен өзі 
шешім қабылдай алады, оларды жоя алады, оларды өзгерте алады, сатып 
алады және сата алады. Әріптестікте, егер олар бизнес құлдырауына 
әкелуі мүмкін келісілмеген іс-әрекеттер жасай бастаса, әріптестердің 
қандай да бір мәселеге қатысты пікірлерден тарайтынына тәуекел әрқашан 
да бар.
 
 


46
Қаржы қаражаты
Әріптестік оны құрған кезде бірнеше адамның капиталы 
пайдаланылғандықтан, мол қаржылық мүмкіндіктерге ие болады. Көбіне, 
кәсіп ашу кезінде кәсіпкердің жеткілікті Қаржылық ресурстар болмайды. 
Заңды тұлға шеңберінде капиталды біріктіру оны ұлғайтуға және 
кәсіпкерліктің қарқынды өсуіне ықпал етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет