Бизнеске кіріспе


кәсіпкерлікті дамытудың арнайы



Pdf көрінісі
бет32/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

кәсіпкерлікті дамытудың арнайы 
қоры
жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық 
емес қолдауды ұсыну арқылы Қазақстан Республикасында жеке 
кәсіпкерлікті сапалы дамытуға жәрдемдесу арнайы қор қызметінің негізгі 
мақсаты болып табылады. Арнайы қордың негізгі міндеттері: 
1) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту; 
2) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және 
өзге де заңды тұлғалардан кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру 
жүйесін құру; 
3) қаржы лизингін дамыту; 
4) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті 
қаржылық және мүліктік қолдау мәселелері бойынша оқыту және 
консалтинг; 


50
5) жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық 
қолдау; 
6) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды 
тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген өзге де 
тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру; 
7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, 
Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де 
заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері 
бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке 
кәсіпкерлік 
субъектілері 
шығарған 
және 
қызметін 
Қазақстан 
Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне 
енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін 
субсидиялау; 
8) жеке кәсіпкерлік идеясын насихаттау; 
9) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламаларының іске 
асырылуына мониторингті жүзеге асыру; 
10) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып 
табылады. 
Арнайы қордың міндеттерін іске асыру тәртібі мен шарттарын 
ұлттық басқарушы холдинг айқындайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет