Бизнеске кіріспе


Тиімді қызметті ынталандыру



Pdf көрінісі
бет30/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Тиімді қызметті ынталандыру 
 
Егер ол еш нәрсе жасамаса, оны ешкім жасамайтынын ЖК біледі. Ол 
өзінің кемшіліктерімен бетпе-бет кездеседі және олармен тиімді күресуді 
үйренеді. Жауапкершілік салмағы оны үнемі өзін-өзі жетілдіруге мәжбүр 
етеді. Әріптестікте қатысушылардың бірі өз жауапкершілігін басқасына 
беруге тырысады, бизнестен кетеді немесе өз міндеттерін жартылай 
орындайды деген қауіп бар.
Басқарудағы мамандану
Әріптестікті ұйымдастыра отырып, компаньондар жауапкершілікті 
өзара бөлісе алады, мұнда әркім өзіне сенімді және сауатты болатын 
саланы алады: біреу маркетингпен айналыса алады, бірі жеткізушілермен 
сөйлесе алады, ал бірі қаржылық құжаттаманы жүргізе алады. Жеке 
кәсіпкер «өз ісінің хас шебері» болуы керек, әсіресе егер жалдамалы 
жұмысшыларды тартуға қаражаты жетпесе. Қызметтің қандай да бір 
аспектісі зардап шегетіні сөзсіз.
Қаржылық жауапкершілік
Қазақстандағы жеке кәсіпкерлер жеке тұлғалармен теңестіріледі
яғни сізде жеке тұлға ретінде де, жеке кәсіпкер ретінде де бір ЖСН 
болады, сондықтан жеке тұлға ретінде барлық жауапкершілік сізге 
жүктеледі. Егер шығындар мен сәтсіздіктер туындаса, жеке кәсіпкер жеке 
мүліктің жоғалуына дейін барлық тәуекелдерді өз мойнына алады. 
Әріптестік жағдайында шығындар барлық компаниялар арасында бөлінеді 
және кәсіпкерлікті жоғалту тәуекелі азаяды.
Фирманың тарау қаупі
Егер әріптестік иелерінің бірі бизнеске деген қызығушылықты 
жоғалтса немесе одан шығуды шешсе, заңды тұлғаның әрбір қатысушысы 
оған қаржылық және өз құзыреттерімен жауап береді. ЖК өзі өз бизнес-


47 
қызметін реттейді және оны тоқтату немесе жалғастыру туралы шешім 
қабылдайды. 
3.3 Қазақстан Республикасында бизнесті мемлекеттік қолдау 
 
Бизнесті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында бизнес, 
кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру 
үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі 
мемлекеттік шаралар кешені түсініледі. 
Қазақстан Республикасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет