Бизнеске кіріспе


Ұлттық кәсіпкерлер палатасы



Pdf көрінісі
бет31/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік 
органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді 
әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және 
әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің 
және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы 
бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында 
құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық 
емес ұйым болып табылады. 
Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында 
кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді 
қалыптастыру болып табылады. 
Ұлттық палатаның міндеттері: 

кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру; 

кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін 
білдіру, қамтамасыз ету және қорғау; 

кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының 
(одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын 
ұйымдастыру; 

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру 
үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар 
жасауға жәрдемдесу; 

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын 
заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу; 


48

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де 
міндеттер болып табылады. 
Жеке кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар 
бойынша жүзеге асырылады: 
1) шағын және орта кәсіпкерлік; 
2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жердегі кәсіпкерлік 
қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлері; 
3) индустриялық-инновациялық қызмет; 
4) арнайы экономикалық аймақтар; 
4-1) индустриялық аймақтар; 
5) инвестициялық қызмет; 
6) отандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі; 
7) тұрғын үй құрылысы. 
Жеке 
кәсіпкерлікті 
мемлекеттік 
қолдау 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де 
бағыттар бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті 
мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды: 

қаржылық және мүліктік қолдау; 

инфрақұрылымдық қолдау; 

жеке 
кәсіпкерлікті 
қолдау 
мен 
дамытудың 
қаржы 
институттарын, мемлекеттiк органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк 
проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу 
жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды 
қамтитын институционалдық қолдау; 

жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдiснамалық, 
ғылыми-әдiстемелiк қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау. 
Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау мыналардан 
тұрады: 

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік 
берілген көлемін сатып алу; 

бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру; 


49 

екінші деңгейдегі банктер, ұлттық даму институттары және 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғалар 
арқылы кредит беруді ұйымдастыру; 

экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды 
ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру; 

жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, 
Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де 
заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері 
бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдары 
беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

шығыстарды және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) 
субсидиялау; 

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік 
беру; 

лизинг. 
Жеке 
кәсіпкерлік 
субъектілерінің 
бастамаларын 
мемлекет 
тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті 
ұлттық басқарушы холдингке тиесілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет