Бизнеске кіріспе


  I-ТАРАУ. БИЗНЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТАСЫ



Pdf көрінісі
бет3/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 



I-ТАРАУ. БИЗНЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТАСЫ 
 
1 ТАҚЫРЫП 
ЗАМАНАУИ БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ 
 
1.1. Заманауи бизнестің сипаттамасы 
1.2. Бизнестің қағидалары 
1.3. Бизнес тұжырымдамасы 
1.4.Жалдамалы-еңбек, тұтыну және қоғамдық-мемлекеттік бизнестің 
ерекшеліктері 
1.1. Заманауи бизнестің сипаттамасы 
 
Бизнес 
дегеніміз не? Экономикалық әдебиетте «бизнес» терминінің 
бірнеше түсініктері бар. «Бизнес зерттеулерінің» авторы Алан Хоскинг, 
Холборн Колледжінің (Лондон) көптеген жүйелі басылымдарының 
бірінде келесі анықтама берді: «
Бизнес
-бұл жеке тұлғалардың, 
кәсіпорындардың немесе ұйымдардың табиғи игіліктерді алу, тауарларды 
өндіру немесе сатып алу және сату немесе басқа тауарларға, қызметтерге 
немесе мүдделі тұлғалардың немесе ұйымдардың өзара пайдасына ақшаға 
айырбастау бойынша жүзеге асыратын қызметі». Бизнес үрдіс ретінде 
белгілі бір функцияларды топшалайды: 
қаржылық және есеп жүргізу, 
кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өндірістік, 
маркетинг, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары.
Басқа экономистер бизнесті белгілі бір құрылым аясында 
ұйымдастырылған, мақсаты мен нәтижесі табыс әкелетін нақты 
экономикалық қызмет түрі ретінде қарастырады. Демек, кез келген бизнес 
кәсіпорын түрінде өзінің экономикалық және ұйымдастырушылық 
формасына ие болады. Кәсіпорын ұқсас нарықтардың арасынан 
ерекшеленуге ұмтыла отырып, фирмалық атау мен атрибуттар түрінде өз 
ерекшеліктерін жасайды және оны тіркейді.
Бизнес ұғымы кең: бизнес тек қызмет процесі ретінде ғана емес, 
сонымен қатар сатуға, кепілге салуға, сақтандыруға, өсиетке алуға 


8
болатын меншік объектісі ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда бизнес 
мәміле нысанына, тауарға айналады. 
Бизнес
ағылшын тілінен аударғанда [business] пайдалы қызметті, 
өнімдерді өндіру немесе белгілі бір қызмет түрлерін көрсету арқылы ақша 
ресурстарын құруды ұсынады. Бизнес-бұл тұтынушылардың сұранысын 
қанағаттандыру және пайда табу мақсатында іскер адамдардың іскерлік 
қарым-қатынасының жиынтығы. Іскерлік қарым-қатнас яғни, бизнесті 
жеке тұлғалар, кәсіпорындар немесе ұйымдар табиғи игіліктерді алу, 
тауарларды өндіру немесе сатып алу және сату немесе басқа тауарларға, 
қызметтерге немесе ақшаға айырбастау арқылы жүзеге асыра алады. Басқа 
сөзбен айтқанда бизнес кіріс әкелетін кез-келген іс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет