14
Өндірістік бизнес
– көптеген өндіріс факторларын қажет ететін
күрделі бизнестің түрі болып табылады.
Қоғамның саяси тұрақтылығы
жағдайында өндірістік бизнес қоғам дамуының шешуші факторы болып
табылады. Мұнай бизнесі өндірістік бизнеске жатқызылады.
Коммерциялық бизнес
– мұнда басты ролді сауда, айырбастау,
тауарларды сату, қайта сату, қызмет көрсету операцияларынан
байланысты іскерлік қызмет атқарады. Коммерциялық бизнестің
өндірістік бизнестен айырмашылығы мұнда өнім шығарумен байланысты,
өндірістік өніммен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Коммерциялық
бизнесте не сатып алу қажет, оны қайда және қайта қалай сату керектігі
анықталады. Коммерциялық бизнес бағыттарының бірі – бір елден сатып
алынып, екінші елге сатылатын экспорттық және импорттық операция
болып табылады.
Қаржылық бизнес
– бұл коммерциялық бизнестің ерекше түрі мұнда
сату, сатып алу объектісі, ақша немесе бағалы қағаздарды өз құны
бойынша сатып немесе алмастыру арқылы пайда түсіретін ақша, валюта,
бағалы қағаздар болып табылады. Қаржылық бизнес валюта нарығы,
бағалы
қағаздар нарығын талдау, маркетингтік зерттеулер жүргізу,
потенциалды сатушыларды ынталандыру және қор көздерін іздеуді
қамтиді. Қаржылық бизнес, бизнестің басқа түрі сияқты қазіргі кездегі
ұйымдастыру және нақты бағдарды қажет етеді.
Бизнес қызмет ауқымына байланысты ірі, орта және шығын болып
бөлінеді.
Ірі бизнес
негізінен елдің экономикалық және техникалық
қуаттылығын бағалайды.
Ірі өндіріс көбінесе жаппай, салыстырмалы
түрде біркелкі сұранысқа, стандартты өнімнің үлкен партияларын
өндіруге бағытталған.
Орта бизнес –
орта бизнес ішкі экономикалық коньюктураға
байланысты және өз тобының ішінде, сондай-ақ ірі отандық және
шетелдік капиталмен бәсекелестік күрес жүргізуге мәжбүр.
Шағын бизнес -
әлемде тез дамып келе жатқан бизнестің түрі. Шағын
бизнес секторы негізінен жергілікті нарықтарда
жұмыс істейтін және
тауарлар мен қызметтердің жаппай тұтынуына тікелей байланысты
15
кәсіпорындардың кең тарамдалған желісін құрайды. Бүкіл әлемде шағын
бизнес қарқынды дамуда. Бұл оның бірқатар артықшылықтарына және, ең
алдымен, икемділікке, нарық талаптарына тез жауап беру қабілетіне
байланысты. Экономикасы дамыған елдерде шағын және орта бизнестің
сәтті дамуының себептерінің бірі - ірі өндірістің шағын өндірістерге қарсы
емес екендігі. Дамыған елдерде ірі және шағын кәсіпорындарды
кооперациялау
қағидаты дамытылуда, бұл ретте олар бір-бірін өзара
толықтырады (әсіресе жекелеген өндірістерді мамандандыру саласында
және инновациялық әзірлемелерде).
Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі келесілер болып
табылады: B2C, B2B және B2G.
Достарыңызбен бөлісу: