Бизнеске кіріспе


Кейбір ғалымдардың пікірінше, кәсіпкерлік бизнестің бастауы



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Кейбір ғалымдардың пікірінше, кәсіпкерлік бизнестің бастауы 
болып саналады
және ұғымдардың негізгі айырмашылығы, яғни бизнес 
ұғымы кәсіпкерлікке қарағанда әлдеқайла кең. 
Бизнестің мақсаты
негізінен кәсіпорындардың ұзақ уақыт бойы өз 
қызметінде ұмтылатын нәтижесі.Бизнестің мақсаты даму сатысына 
байланысты түрлі болып келеді:

пайда алу; 

бизнесті дамыту үшін қажетті қор жинақтау; 

қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсыну; 

нарықта, салада алдыңғы қатарлы позицияларға қол жеткізу; 

тұтынушылардың сұранысын оңтайлы қанағаттандыру; 

өз қызметкерлеріне өзін тануға мүмкіндік беру. 
Бизнестің негізгі мақсаты пайданы барынша көбейту, яғни 
экономикалық әсер алу болып табылады. Бизнес мақсаттарының жіктелуі 
кестеде көрсетілген.
Бизнес мақсаттары негізінде міндеттер қою жүзеге асырылады.
Олар 
тығыз байланыста болады. Егер мақсат қызметтің белгілі бір нақтыланған 
бағытын анықтаса, онда міндет-бұл осы мақсаттың сандық, сапалық және 
уақытының анықтамасы.
Мысалы, бизнестің мақсаты-шығынсыз 
жұмысты анықтау және пайда табу, міндеті-жұмыстың бірінші жылының 
соңына қарай рентабельділіктің 10-20% деңгейіне қол жеткізу. 
Мақсаттарды қалыптастыру, міндеттерді қою кәсіпорынның күштері мен 


10
құралдарын жақсы жұмылдыруға, неғұрлым келісілген және нәтижелі 
әрекет етуге мүмкіндік береді.
Кесте 1. Бизнес субектілеріне қарай мақсаттарының жіктелуі 
Бизнес 
субьектілері 
Бизнестің мақсаты 
Кәсіпорын 
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 
Жоспарларды әзірлеу және ұйымның дамуын болжау. 
Тиімді менеджмент және оны бағалау. 
Акциялар шығару. 
Меншік иесі 
Меншікті басқару нұсқасын таңдау. 
Ұйымның сатып алу-сату бағасының негіздемесі. 
Ұйымды тарату кезінде түсімнің мөлшерін белгілеу. 
Несие ұйымдары 
Қарыз алушының қаржылық қабілеттілігін тексеру. 
Кепілге берілетін несие мөлшерін анықтау. 
Сақтандыру 
ұйымдары 
Сақтандыру жарналарының мөлшерін белгілеу. 
Сақтандыру төлемдерінің сомасын анықтау. 
Қор биржалары 
Конъюнктуралық сипаттамаларды есептеу. 
Бағалы қағаздардың баға белгілеуінің негізділігін (дұрыстығын) 
тексеру. 
Инвесторлар 
Инвестициялық салымдардың орындылығын тексеру. 
Инвестициялық жобаға енгізу үшін ұйымның қолайлы сатып алу 
бағасын анықтау. 
Мемлекеттік 
органдар 
Ұйымды жекешелендіруге дайындау. 
Әртүрлі салық түрлері үшін салық салынатын базаны анықтау. 
Банкроттық рәсімі арқылы мәжбүрлеп таратудан түскен түсімді 
анықтау. 
Сот мақсаттары үшін бағалау. 
Бизнес жүйе ретінде үш құрамдас бөлікке ие: 
1) бизнес субъектілері; 
2) компоненттер; 
3) интегративті қасиеттер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет