Бизнеске кіріспе


«Тұтынушыға арналған кәсіпкерлік» B2C («Вusiness to



Pdf көрінісі
бет9/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

«Тұтынушыға арналған кәсіпкерлік» B2C («Вusiness to 
Consumer»)
– бұл өндіруші немесе сатушының өз өнімін сату үшін 
тікелей тұтынушымен өзара іс-әрекет ететін кәсіпкерліктің түрі. 
«Кәсіпкерлікке арналған кәсіпкерлік» B2B («Business to Business»)
– бұл, өндіруші мен сатушының өнімдерді немесе қызметтерді түпкі 
тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке өткізетін кәсіпкерліктің түрі. 
«Мемлекетке 
арналған 
кәсіпкерлік» 
B2G 
(«Business 
to 
Government»)
– бұл қызметті өндіруші немесе сатушы оларды түпкі 
тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке емес, мемлекеттік құрылымдарға 
сататын кәсіпкерліктің түрі. 
Тауарлар
 
– ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйуге болатын 
материалдық заттар немесе бұйымдар.Тауарды кімнің өндіргені, станокта 
кімнің тұрғаны, оны кімнің қаптағаны тауарға маңызды емес.Тауарларды 
сатып алуға, үйге әкеліп, пайдалануға болады. 
Қызметтердің 
заттай нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшін 
жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады. Қызметтер деп 
шаштараз, оқытушы, пәтер сатушыға сатып алушыны, кеңесшіні және т.б. 
табуға көмектесетін риелтордың жұмысын атауға болады. Қызмет үшін 
оны кім өндіретіні өте маңызды, қызметтің нарықта танымал болуы 
қызмет өндірушісінің шеберлігі мен кәсібилігіне байланысты. Нашар 
шаштаразға ешкім бармайды, сондай-ақ клиенттің қиындықтарына 
көмектесе алмайтын кеңесшіге де ешкім бармайды. 


16
Осы екі жіктеменің тоғысында («B2C, B2B, B2G» және «тауар немесе 
қызмет») кәсіпкерліктің көптеген түрлері туады.Олардың әрқайсысынан 
бірнеше мысал келтірейік. 
B2C тауары
– дүкенде сатып алуға болатын кез келген тауар – азық-
түлік, киім, техника және т.б. 
B2C қызметі
– бұл сіз өмір бойы үнемі алатын қызметтердің кез 
келген түрі – шаштаразға бару, курстарда оқу, салтанатты іс-шарадағы 
фотограф қызметі, егер сізге сенімхат немесе ата-аналардан шетелге 
шығуға рұқсат алу қажет болса, нотариус қызметі және т.б. 
B2B тауары
 
– кейіннен пайдаланушылар сатып ала алатын соңғы 
өнімді алу үшін қажет кез келген қосалқы тауарлар. Бұған буып-түю, кез 
келген полиграфиялық қызметтер-компанияларға арналған заттаңбаларды, 
визиткаларды немесе баннерлерді басып шығару, автокөлікдер мен 
техникаға арналған қосалқы бөлшектер, құрылыс компаниялары үйлер 
салатын кірпіш өндірісі және т.б. жатады. 
B2C қызметі
 
– бұл соңғы тұтынушы үшін емес, бизнес үшін 
көрсетілетін кез келген қызмет. Оғанөзіне белгісіз нарыққа шыққалы 
жатқан фирмаға консалтингтік агенттік көрсететін кеңес беру 
қызметтерді,бизнеске 
арнап 
сайттар 
жасайтын 
веб-студияларды, 
банктерді, зерттеу институттарын және т.б. жатқызуға болады. 
Жүйе- бұл өзара тәуелді бөліктерден тұратын, олардың әрқайсысы 
оның құрамына өз үлесін қосатын, тұтастықты білдіреді. Бизнес жүйе 
ретінде дамудың өзіндік ішкі импульстеріне ие: бәсекелестік, 
шаруашылық байланыстарды қамтамасыз ету және жаңғырту жүйесі, 
инфрақұрылым, менеджмент, контрагенттерді зерттеу, қызметті бағалау 
жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет