Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Бизнес 
түсінігімен
 
кәсіпкерлік
тығыз байланысты. Бірақ 
кәсіпкерлікпен бизнес арасында белгіленген айырмашылықтар бар. 
Кәсіпкерлік - бұл шығын тәуекелдерінің туындау ықтималдығына 
байланысты 
табыс 
алуға 
бағытталған 
шаруашылық 
жүргізуші 
субъектілердің дербес қызметі. Латын тілінен аударғанда кәсіпкерлік 
[mancepts] пайда алу қабілетін білдіреді. Мысалы: сусын сатуға бір орын 
орнату бұл бизнес, бірақ бұл кәсіпкерлік болып табылмайды. Көбінесе бұл 
ұғым инновациялық қызметпен байланысты, себебі тәуекел экономикалық 
ресурстардың барлық түрлерін қозғайды.
Кәсіпкерлікке ресурстарды пайдаланудың жаңа, неғұрлым тиімді 
тәсілдерін табу, икемділік, үнемі өзін-өзі жаңартушылық тән . Кәсіпкер-
бұл тұтынушыларға қызмет көрсетудің ең жақсы тәсілдерін, капиталды 
қолданудың жаңа формаларын, тауарларды, қызметтерді әзірлеу және 
игеру үшін жаңа мүмкіндіктерді іздейтін және жүзеге асыратын тұлға. 
Демек, кәсіпкерлік инновациясыз, шығармашылық, ізденіссіз мүмкін 
емес.
Бизнес және кәсіпкерлік әлемінің өзінің ерекше заңдары бар. Ол 
күтпеген, сәтсіз және қақтығыстарға толы. Бұл әлемде тек қана 
кәсіпкерлікті - өмірдің өзі, белгілі бір өмір салты деп қабылдайтын және 
ойлау, адамдармен, ұйымдармен, қаржымен, ақпаратпен және т. б. өзара 
іс-қимыл жасау тәсілі бар адам ғана табысқа жете алады. Дегенмен бизнес 
кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негізінде жүзеге асырылады. 



Бизнеспен кез-келген шағын меншік иесі, акционерлік қоғам басшысы, 
жалға алушы, жұмысшы және т.б айналыса алады. Сондай-ақ бизнесті 
жеке тұлға немесе коллективтік кәсіпкерлік яғни бір топ адамдар бастай 
алады. Олардың барлығына қатысты жалпы нәрсе-тәуелділікке бел буу
өзін-өзі тексеру және пайда табуға ұмтылу болып табылады.
Бизнес пен кәсіпкерлікті қарқынды дамыту үшін белгілі бір жағдайлар 
мен факторлар қажет: 1) жасампаздық идеялар, жеке мүдделер, пайда, 
кәсіпкерлік қабілеттілік; 2) нарықты кеңейту ықтималдығы немесе 
нарықта еркін орын болуы; 3) пайданы ұлғайту мүмкіндігі; 4) жаңалықтар 
енгізу, ресурстарды үнемді пайдалану қабілеті; 5) дағдарысты 
жағдайларды болжау мүмкіндігі және оларды шешу жолдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет