72
көбінесе агрессивті болып табылатын сыртқы ортадан
кәсіпкерлердің салыстырмалы түрде осалдығы, қорғалмауы,
бизнес-
жоспарларды құру кезінде кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінің белгісіздігін
неғұрлым нақты ескеру қажет;
барлық сыртқы факторларды назарға алу қажет олардың
бизнес-жоспардың барлық бөлімдеріне әсерін сандық бағалау;
кәсіпкерлер бизнес-жоспардың барлық бөлімдерінің сандық
параметрлерін
өздері
есептеуге,
серіктестердің
бәсекелестік
мүмкіндіктерін ескеруі алуы тиіс;
мемлекеттік органдардың шешім
қабылдауының белгілі бір
болжамсыздығын ескере отырып, кәсіпкерлер өз талаптарын асыра
бағаламауы керек.
Бизнес-жоспар
-бұл меншікті және қарыздық қаржы көздерін,
материалдық және кадрлық мүмкіндіктерді және кәсіпкерлік жобаларды
іске асыру процесінде туындайтын болжамды
тәуекелдерді ескере
отырып, кәсіпорынның бәсекелестік нарықтағы дамуының негізгі
бөлімдерінің сипаттамасы берілетін құжат.
Бизнес-жоспар - бұл мынадай
сұраққа жауап беруге мүмкіндік беретін құжат: «Бұл жобаға ақша
қаражатын (капиталды) жалпы салу керек пе және оны жүзеге асыру
табыс (пайда) әкеле ме?». Ғылыми негізделген бизнес-жоспар кәсіпкердің
өзі үшін де, оның серіктестері мен кредиторлары үшін де сандық және
сапалық
бағдар болуы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: