Бизнеске кіріспе


-кесте. Маркетингтік қызметті жоспарлау



Pdf көрінісі
бет47/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

14-кесте. Маркетингтік қызметті жоспарлау 
Маркетинг мақсаттары Маркетинг стратегиясы 
Іске асыру мерзімі 
Жауапты тұлға 
1. 
2. 
3. 
Баға белгілеу жүйесін әзірлеу кезінде кәсіпкер мынадай сұрақтарға 
жауап беруі қажет: 
а) жоғары сапа – жоғары баға; 
б) бәсекелестердің бағасына байланысты баға; 
в) төмен өндірістік шығындар-төмен баға. 


77 

Сіз өндірілетін тауарлар мен қызметтерге қандай баға 
орнатасыз? 

Кепілді сатудан кейінгі қызметтердің құнын тауардың 
бағасына қосу керек пе? 

Қосымша қызметтердің құнын тауар (қызмет) құнына қоспауға 
бола ма? 

Баға 
шығындарды, 
сұранысты, 
тауарлардың 
бәсекеге 
қабілеттілігін қаншалықты көрсетеді? 

Мұндай бағалар кезінде нарықтың қажетті бөлігін бақылауға 
бола ма? 

Тауарларға (қызметтерге) сұраныстың икемділігі қандай? 

Бағаны ынталандыру саясаты пайдаланыла ма? 
Тауарларды тарату схемасын талдай отырып, келесі сұрақтарға 
жауап беру қажет: 
o
Әр тауардың нарыққа түсу схемасы қандай? 
o
Тауарларды оңтайлы тасымалдау схемасы қандай? 
o
Кәсіпорынның өз көлігі бар ма немесе экспедиторлық 
компаниялардың қызметтерін пайдаланатын болады ма? 
o
Қоймалар мен дүкендердің оңтайлы орналасуы қайда? 
o
Қоймалардың қажетті сыйымдылығы қандай? 
o
Сауданы қалай жүргізу керек: 
а) өз бетінше; 
б) делдалдар арқылы? 
Фирма қызметкерлерінің біліктілігі және олардың клиентке қызмет 
көрсету деңгейі қандай? Осы сұрақтарға жауап берген кезде 15-кестені 
толтыру қажет. 
15-кесте. Тауарды өткізу (жылжыту) нысандары 
Өнімді (қызметтерді) өткізу арналары) 
Қалай іске 
асырылады 
Тиімділігі (артықшылықтары мен 
кемшіліктері) 
1. Кәсіпорын қоймаларынан 
2. Делдалдар арқылы 
3. Дүкендер арқылы: 
- көтерме; - бөлшек саудада 
4. Пошта арқылы тапсырыстар 


78
Сатуды ынталандыру әдістерін қарау кезінде сұрақтарға жауап беру 
керек: 
o
Фирмалық стиль қолданылады ма? 
o
Сауда белгісі жеткілікті түрде тартымды ма? 
o
Жапсырмалар қаншалықты тартымды? 
o
Қандай ынталандыру әдістері (несие, сатып алу кезіндегі 
жеңілдік, сыйлықтар және басқалары) және қалай қолданылады? 
o
Көрмелер-сатылымдар, 
жәрмеңкелер, 
тұтынушылық 
конференциялар ұйымдастырыла ма? 
o
Өткізу қызметтері, дилерлер, делдалдар қызметкерлерінің 
жалақысы тауарларды сатуға қалай тәуелді болады? 
o
Қызметкерлердің еңбегін ынталандыру тәсілдері қандай? 
Клиенттерге сатудан кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесін 
бағалай отырып, кәсіпкер келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: 
o
Жоспарланған сатудан кейінгі қызметтердің ассортименті мен 
сапасы тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес келе ме? 
o
Сатудан кейінгі қызмет көрсету пункттері қайда орналасуы 
тиіс? 
o
Бәсекелестермен салыстырғанда осы тауарды жөндеуге орташа 
есеппен қанша уақыт жұмсалады? 
o
Қоймалар мен сервистік қызмет көрсету пункттеріндегі 
қосалқы бөлшектердің оңтайлы Қоры қандай? 
o
Бәсекелестермен салыстырғанда жөндеудің орташа құны 
қандай 
o
Сервистік қызмет қызметкерлерінің біліктілігі сапалы қызмет 
көрсету үшін қажетті талаптарға сәйкес келе ме? 
o
Барлық параметрлер бойынша бәсекелестерден асып түсетін 
сервистік қызметтерді қалай құруға болады? 
Жарнамалық науқанды өткізбес бұрын сіз келесі сұрақтарға жауап 
беруіңіз керек: 
o
Жарнаманың мақсаттары қандай? 
o
Бұл мақсаттар фирманың мақсаттарына қалай сәйкес келеді? 
o
Жарнамаға жоспарланған шығындар қандай? 


79 
o
Жарнаманың қандай арналарын пайдалану көзделіп отыр? 
o
Сіздің фирмаңыздың өнімдерінің жарнаманың фирмалық стилі 
қандай? 
o
Қоғамдық пікірді қалыптастыру кезінде мына сұрақтарға жауап 
беру қажет: 
o
Кәсіпорын қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімшелерді құру керек 
пе? 
o
Жұртшылықпен және БАҚ өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру 
орынды ма? 
Бизнес-жоспардың осы бөлімінде аталған барлық сұрақтарға 
негізделген және объективті жауаптар берген жөн,олар экономикалық 
есептеулермен бекітілуі тиіс.
Сонымен қатар, маркетингтік қызметті 
(маркетинг менеджері) құру туралы мәселені шешкен жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет