Бұйрық жобасы Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы


Амбулаториялық деңгейде медициналық оңалту көрсету



бет4/9
Дата14.09.2023
өлшемі78,98 Kb.
#181010
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
759 4@0DB A 2 5AB=K9 30.03.2021 07

3.3. Амбулаториялық деңгейде медициналық оңалту көрсету.

  1. Амбулаториялық оңалту көмегі медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігі мен сабақтастығы кезінде пациент үшін кезең болып табылады және бастапқы медициналық - санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында көрсетіледі.

  2. Амбулаториялық-емханалық деңгейде оңалту қызметтерін көрсету жіті, созылмалы аурулар, жарақаттар салдары, туа біткен аурулар және тыныс-тіршіліктің шектелуіне, Еңбек, әлеуметтік белсенділіктің төмендеуіне әкелетін басқа да жағдайлар кезінде функцияларды қалыптастыру, қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

  3. БМСК дәрігері бейінді маманмен бірлесіп, ШРМ ескере отырып, пациентті мамандандырылған көмек көрсету үшін БМСК және КДК құрылымдық бөлімшесіне не ол болмаған кезде медициналық оңалтуды 3 кезеңде жүзеге асыратын бейінді медициналық ұйымдарға амбулаториялық-емханалық көмек нысанында медициналық оңалтуға жібереді.

  4. Медициналық оңалтуға жіберу кезінде МСАК дәрігері немесе бейінді маман клиникалық диагнозды, зертханалық және аспаптық зерттеулерді көрсете отырып, амбулаториялық немесе стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзіндіге сәйкес жүргізілген тексеру мен емдеу нәтижелерін қоса береді.

  5. Амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық оңалту мыналарды қамтиды:

  1. пациенттің жай-күйін айқындау және оңалту әлеуетін белгілеу мақсатында дәрігердің қарап-тексеруі;

  2. туа біткен аурулары бар пациенттерге, жіті жай-күйлердің салдарларына, хирургиялық араласулар мен жарақаттарға консультациялық, оңалту көмегін көрсету КП-ға сәйкес оңалту әлеуетін ескере отырып жүргізіледі;

  3. қажет болған жағдайда пациенттерді мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету үшін стационардың бейінді бөлімшелеріне консультацияға және емделуге жіберу.

  1. Медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық бұйымдармен, аспаптармен және қосалқы жабдықтармен ең аз жарақтандыру жөніндегі ұсынымдар тізбесі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған.

  2. Амбулаториялық деңгейде медициналық оңалту көшпелі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Көшпелі медициналық оңалту бригадасы (мобильді мультидисциплинарлық бригада) өз қызметін ережеге сәйкес жүзеге асырады (2-қосымша).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет